Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы орайда 2012 жылғы Лондонда және 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов олимпиадашылар мен олимпиадалық лицензия алуға үміткерлерге сәттілік тілеп, видео жолдады.
Сондай-ақ, Әділбек Ниязымбетов олимпиадалық қозғалысты насихаттау мақсатында жас спортшыларға шеберлік сағатын өткізді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Маңғыстау облысынан Олимпиадаға үміткер 2 спортшы бар. Оның бірі еркін күрестен Майис Алиев болса, екіншісі
велоспортшы Сергей Пономарев. Қазір лицензиялар сарапқа салынатын турнирлерде бақ сынап жатыр.
Ескн салайық, Қазақстан спортшылары Париж олимпиадасына 32 жолдама жеңіп алды.
Нақтырақ айтсақ, осыған дейін Қазақстан құрамасы бокстан (ерлер) – 6, нысана көздеу – 5, садақ ату – 4, семсерлесу – 4, тас жолдағы велоспорт – 3, қазіргі бессайыс – 2, таэквондо – 2, бокс (әйелдер) – 1, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, спорттық гимнастикадан – 1, батуттағы гимнастика – 1, жеңіл атлетикадан 1 жолдама жеңіп алды.
Жалпы Париждегі Олимпиада ойындарында 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.