Дзюдодан ұлттық құрама мүшесі Бауыржан Нарбаев Ұлттық ұлан сапында жас сарбаздарға тәлім-тәрбие беріп, физикалық жағынан дамуларына өз үлесін қосып жүр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстаулық спортшы 2018 жылғы Бішкекте өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атаған. Ол Ұлттық ұлан сапында жас сарбаздарға тәлім тәрбие беріп, физикалық жағынан дайындалуына оң септігін тигізіп жүр.
Спорт пен бірге басқада салаларды бірге алып жүрген Бауыржан Мұратбайұлы бірер жыл бұрын Ұлттық ұлан сапында өз әскери борышын өтеген болатын.
«Отан алдындағы әскери борышты өткеру еліміздің әрбір азамыт үшін парыз. Менде сол жауапкершілікті сезініп өз борышымды 6656 әскери бөлімінде өтеген болатынмын. Бүгінгі күні сол қызметті жалғастыру мақсатында Ұлттық ұлан әскер қатарына келісімшарт қызметі бойынша әскерге шақыртылдым» - деді өз сөзінде Азия чемпионы Бауыржан Нарбаев.
Айта кететін жайт, маңғыстаулық дзюдошы әлемдік рейтингте өз салмағында 48-орынға тұрақтаған. Ол бұған дейін Тель-Авивте өткен Grand Slam бәсекесінде күміс жүлдегер атанған болатын.