© olympic.kz
Маңғыстау облысының екі дзюдошысы ертең Париж Гранд Слэміндегі жарыс жолын бастайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
73 келіде Асқар Нарқұлов пен 81 келіде Руслан Мұсаев Франция астанасында өтетін ауқымда турнирде белдеседі. Ұлттық құрамамен бірге Парижге барған жерлестеріміз 2-4 ақпан күндері аралығында аталған сында өз әлеуметтерін байқап көрмек.
"Спортшылар олимпиадалық маусымға тас-түйін дайындалды. Бұл бәсеке оңай болмасы анық. Әлемнің ең мықты деген балуандары қатысады. Біздің командамыз жаттығу жиынын өткізді. Енді олимпиадалық рейтингтегі жағдайды жақсартып, мейілінше көбірек ұпай жинасақ деген мақсатымыз бар", - деді бас бапкер Нұрбек Сүлейменов.
Айта кетейік, осыған дейін қос жерлесіміз Токио Гранд Слэмінде белдескен болатын. Араға екі ай салып олар жыл басында алғашқы әлемдік ірі турнирде күрескелі отыр.