Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша айлық жалақының орташа мәні 2022 жылдың төртінші тоқсанында (шағын кәсіпорындарды есептемегенде) 338 715 теңгені құрады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірлер арасында орташа жалақының ең көп өсімі Ұлытау облысында тіркелді - 35,2%. Ең аз өсім Алматы облысында байқалды - 6,5%. Ал Маңғыстауда жалақы өсімі 33,1 пайызды құрады.
Бұл ретте төртінші тоқсандағы орташа жалақы көлемі 204 168 теңгені құрады.
Ұлттық статистика бюросы І-тоқсанда жалақының орташа мәні 285 433 теңгені, ІІ-тоқсанда - 312 011 теңгені, ІІІ-тоқсанда 299 782 теңгені құрағанын еске салды.