Мұрын жырауға арналған республикалық конкурс аяқталды
[ 2019 ] 28 қараша, 06:13 | Қоғам
Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Форт-Шевченко қаласында екі күннен бері өтіп жатқан Мұрын Сеңгірбекұлының 160 жылдығына арналған Республикалық жыршылар конкурсының марапаты өтті. Қазылар алқасының ортақ шешімімен Бас жүлде (1 000 000 тн) маңғыстаулық Оспан Құлсымаққа, 1 орын (700 000 тн) Батыс Қазақстаннан келген Фархат Оразовқа, 2 дәрежелі дипломдар (500 000 теңгеден) алматылық жыршы Айдос Тұрар мен қызылордалық Хасенхан Кішкенееваға бұйырды. Маңғыстаулық Манаш Әділбаев, қызылордалық Түрікпен Күнсұлу, нұр-сұлтандық Бектасов Абылайхан және маңғыстаулық Бердібай Тойгулыевтар 3 орынның биігінен көрінді. Қалған талапкер жыршыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
2117
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.