• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 2 Наур. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Бозжыраның бүгінгі бейнесі (ФОТО)...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді...

Аққулар қанат қаққанда (ФОТО)

Қазақстан сарбаздары мен туыстары бір толқында тілдесті...

«Маңғыстау-Ақтөбе» пойызының сапасы сын көтермейді - Жолсеріктер...

  • USD: 417.9 ₸
  • EUR: 503.07 ₸
  • RUB: 5.64 ₸

Бағзы дәуірден үн қатқан...

13 ақпан, 10:46  |  Маңғыстау жаңалықтары

Шетелден келген бір мейман «Елдеріңде қандай танымал кісілерің бар?» деп сұраса әлбетте ұлы халқымыздың небір көрнекті де жайсаң тұлғаларын марқая мақтанышпен айтар едік. Амал нешік, өмір заңдылығы ғой, уақыты келе сүттің қаймағындай болған алдыңғы буын ардақты ағаларымыз өздерімен бірге бір дәуір көшін алып барады. Бұл жолы да қазақ әдебиеті мен руханиятының алып бір бәйтерегі көзден ғайып болды.

Қасиетіңнен айналайын сайын дала бірнеше күннен бері дарынды бір перзентінен айырылып, мұңлы кейіпке енді.

Әкетті ажал...
Жыр емес, адамды алды.
Бір өмірдің дастаны басталды да,
Шорт үзілді,
Шоп-шолақ тамамдалды.
Қаралы лек.
Бозғыл шаң шұбатылды, –
деген ақиық ақын Мұқағалидың Төлеген ақынның қазасына орай жазған осынау жырындай тас төбемізден жеткен көрнекті қаламгер, терең білімдар тарихшы, еліміздің абыройлы абызы атанған Әнес Төлендіұлы Сарайдың қазасы барша қазақ жұртын есеңгіретіп жіберді. Сөзсіз, бәріміздің де жанымызға ауыр тиді.

Осыдан бес жыл бұрын Әбіш ағаның қазасы қатты күйзелткендей, Әнес аға қазасы да тура сондай кейіпте айтып-жеткізу мүмкін емес-ті.

– Жаратқан Ием-ай, не заман болып кет­ті бұл өзі. Күн құрғатпай еститініміз қай­ғы­лы хабар болып кетті-ау. Міне, тағы да жа­­­­­­ның­ды жасытып, жігеріңді уатар ауыр қаза… Күнделікті өмірде де, шығармашылық тір­лік те де ой ортақтастырып, мақсат-мүд­де біріктіріп, бір тілекте жүрген егіздің сыңарындай Əнес достан бұлай айырылып қаламыз деп кім ойлаған? «Сенің шыққан тегіңді таптым. Сүйіншімді дайында. 90 баулы қыпшақтың бір тайпасының аты үндінің «Махабхаратасының» 8-жырының 17-жолында жүр» деп, қуанып телефон шалғаның кеше ғана еді ғой, – деп қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдаған ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Қойшығара Салғараұлы айтқандай, маған да Әнес ағам 26 қаңтар күні телефон шалған еді.

Екі күн бұрын дәлірек айтқанда 24 қаңтар күні екі-үш аза­мат болып Үстірттің маңында жерленген көк тұлпарлы Киікбай би, баһадүр бабамыздың мазарына барып, зиярат етіп, өз көзімізбен көріп келген едік. Сонда түсірілген суреттерді, батыр бабамызға қатысты тарихи деректерді жинақтап, Әнес ағаның әлеуметтік желідегі уатсабына жолдаған едім. Жіберу себебім, Әнес аға Маңғыстау және Адай тарихы хақында кітап жазып жатқан. Пайдаға жарап, керек болып қалар деген ниет-көңілмен жібергенмін. Уатсаппен жолдаған хатты қабылдаған болуы керек, 26-сы күні Әнес аға телефон шалып: Өй, Кенжебекжан, аманбысың, қал-жағдайларың жақсы ма? – деп сабырлы майда қоңыр үнімен аман-саулық біліскеннен кейін, жарты сағат шамасында өз тақырыбымыз (тарихи-танымдық) турасында әңгімелестік. Негізі тақырыбымызды қорытындылап болғаннан кейін, аға маған өсиет айтқандай болды. Менің ғылыми бағыттағы жобам мемлекет және қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлы хақында еді. Сол тақырыбымды маған өмірлік зерттеуге арнауға және қаламгерлік жолымды шыңдай беруге ақылын айтып, ақ батасын берді. «Дүние-ғайып» деген осы ғой, жоғарыда Қойшығара ағамыздың айтқанындай «бәрімізге қоңырау шалып, қоштасқандай болды ғой» деген ой келе берді. Аңғал ағаның сол айтқан ақыл-кеңесі санамда хатталып, жүрегімде мәңгі сақталып қалды.

Сәл тарихқа оралсақ, Адай – Қосай – Байбол, одан Мәмбетқұл (Шалбар) аталысы бойынша Тоқтамыстан тін тарайтын Әнес ағамен аталас туыстығымыз 5-6 ата жерден қосыламыз. Ол кешегі 1918 жылы Қаратөбеде өткен Маңғыс­тау қазақтарының съезінде Адай ревкомы төрағасының орынбасары болып сайланған, Азамат соғысы кезінде Атырау өңірінде Толстов бандаларына, Деникин әскерлеріне қарсы ұрыстарға қатынасып,

Маңғыстаудың оңтүстігіндегі қазақ болыстарын Қазақ АКСР-і құрамына енгізу жобасын жасап, оның жүзеге асуына үлес қосқан көрнекті қоғам қайраткері Сыдиық Жұбайұлының жақын туыстары екен.

Ата-бабасының құт мекені – Маңғыстау елі атынан облыстық мәслихат депутаты Нури Тумышев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Серікбай Төлетов, «Маңғыстау» газетінің бас редакторы Ғалым Әріп ағаларымыздан құралған ел азаматтарымен бірге Әнес ағамыздың жаназа намазына қатысу үшін 4 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласына аттандық. Барған күні Әзірет Сұлтан мешітінің асхана залында қонақасына қатысып, елмен бірге жұбайы Алтыншаш Қайыржанқызы мен ұлдары Сайлан мен Азатқа елдің атынан көңіл айттық.

Ертесіне қасиетті жұма күні таңертеңгі­лік сағат 11-де Қабанбай батыр кесенесі көз тартқан қасиетті жердегі «Ұлттық пантеонға» келіп, ағамыздың соңғы жаназа намазына сапқа тұрып, «жақсы адамдығына» куәлік еттік.

Жер-ана құшағына, аяулы қимастары Әбіш пен Фариза достарының жанына қайран аға да көз алдымызда тапсырылды. Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамының құран хатымынан кейін, қаралы жиынға жиналған құрма жамағатпен бірге Әзірет Сұлтан мешітінің асханасындағы Әнес ағаның рухына арнап жайылған ас-садақаға қатыстық.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Дархан Қыдырәлі жүргізген аста алдымен ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемел­ұлының көңіл айту жеделхатын оқып берді.

– Көрнекті жазушы, ақын, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әнес Төлендіұлы Сарайдың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Қарымды қаламгер республикалық газеттер мен баспада және Қазақстан Жазушылар одағында еңбек сіңірді. Ұзақ жылғы шығармашылық жолында тарихи, әдеби-зерттеу туындыларын тарту етті. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламатта болсын, – делінген жеделхатта.

Қырымбек Елеуұлынан кейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Президенті әкімшілігі бас­шысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, мемлекет және қоғам қайратке­рі Иманғали Тасмағанбетов қарымды қалам­гер­дің асқан парасаттылығына, адам­­­гер­шілік қадір-қасиетіне, шебер жа­зушы­­лығы­на ерекше тоқталып, өз есте­ліктерімен бөлісті.

Содан кейін ҚР Мемлекеттік сый­лығының иегері, классик жазушы Төлен аға Әбдік ас-садақаға жиналған жамағаттың көзіне жас алдырып былайша толғады:

– «Дүниенің басы сайран, түбі ойран» деген екен Доспамбет жырау. Əнес досымның қазасын естіп, бұл өмірдің сайраны бітіп, ойраны ғана қалғандай бір халде отырмын. Университетке бірге түсіп, жатақханада бір бөлмеде жатып, бүкіл жастық шағымызды бірге өткізіп, бір үйдің баласындай өмір сүріп едік. Əдебиетке де бірге келдік. Руымыз – Достық болатын. Сол көңілмен ержеттік. Сол көңілмен қартайдық. Бірақ қимастық көбеймесе, азайған жоқ. Əнестің қазасы ғапыл өлімдей, өкінішпен өзегімді өртеп отыр. Қадірменді ағайын! Əнестің қазасы менің ғана емес, бүкіл қазақ халқына ортақ қайғы екенін жақсы білемін. Өйткені оның тамаша əңгіме, повестері мен романдары, қазақ тарихын терең зерттеген ғылы­ми туындылары ұлттық руханиятымызға қосылған асыл қазына деп айта аламыз. Əнес – не жазса да, жеріне жеткізіп жазатын, аса еңбекқор, ізденімпаз, талантты жазушы, ғалым. Оның тарихи еңбектерін оқыған адам осындай терең де білімді автордың ғылыми атағы жоғына қайран қалар еді. Өйткені ол ғылыми атақ үшін емес, халқын сүйген жүрегінің қалауымен ғана жазатын. Ендеше, бүкіл елге ортақ қайғы менің де қайғымды аз да болса жеңілдетер. Тілегі бір ағайын-жұртқа, марқұмның отбасы – асыл жары Алтыншашқа, балалары Сайланға, Азатқа көңіл айтамын. Əнестің артында қалған мол мұрасы еліне таусылмас рухани азық болып, екінші өмірінің шеруі ұзағынан болсын! Жатқан жері жарық болғай! – деді Төлен аға өзегін өртеп бара жатқандай өкінішін жеткізіп. Иә, расымен де Төлен ағаның түнерген жүзіне қарап, өзгелер де қамығып, күрсінгендей...

Маңғыстаудан келген азаматтар атынын сөз алған арынды ақын, рухани інісі Светқали Нұржан Әнес Сарайды «Алаштың Алтын Сарайы» деп ойлы сөз айтты. Ағаның кіндік кескен туған жері Атыраудан келген делегаттар да сөз сөйлеп, Ә.Сарайдың еңбектеріне зор баға берді.
Ұлттық әдебиетімізге өлшеусіз еңбек сіңірген заңғар жазушы­ның «Мұнаралар шақырады», «Қараша өткен соң», «Бозқы­рау», «Ақ тымық түн» повестері мен әңгімелер жинағы, «Теңіз сарыны» дилогиясы мен «Ұлу аралы», «Еділ-Жайық», «Өртенген керуендер» романдар топтамасынан құ­рал­ған «Еділ-Жайық» трилогиясы Каспий теңізі кәсіпшілерінің өткені, кешегісі мен бүгінгісіне арналып, басын күнде қатерге тігіп, толқынды көк теңізбен мігір­сіз арпалысқан балықшы-теңізшілердің қарапайым да өр мінездерін қалтқысыз айшықтаумен ерекшеленіп тұрады.

Оны Қазақтың әдеби сыны «теңіз жыршысы» деп таниды. Соңғы жылдары қазақ тарихының ақтаңдақ беттеріне қалам тартумен көзге түскен оның қаламынан шыққан «Исатай мен Махамбет», «Мұхаммед пайғамбардың өмірі», «Асылдың сынығы», «Көнеліктер», «Ноғайлы» тарихқа әуес бұқара көпшілік іздеп жүріп жата-жастана оқитын, қолға түспес бағалы басылымдар­ға айналды. Ағаның қаламынан туған көкірек көзіңді ашып, ой-санаңды оятар дәйекті де зерделі толғамдары – рухани құндылықтарымыз.

Иә, Әнес аға дәуірі де көшіп барады. Алайда қара сөздің қадірін биікте ұстайтын халқы барда, толымды еңбектер тағылымды тарихымызды түгендеу жолында ұлттық руханияттың төрінде орын алып, кейінгі буынға өшпестей қалдырған мол мұрамен әлі мың жасай берері хақ.
Бақұл болыңыз, аяулы да қимас Әнес аға!

Кенжебек Сержанұлы

828
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Биыл «Құрық-Жетібай» автожолының күрделі жөндеу жұмыстары басталады

Келесі жаңалық

Облыс әкімі С. Трұмов Бозжыраға қатысты пікір білдірді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Байқау EXPO - 2017 Рухани жаңғыру Маңғыстау жаңалықтары Жаңалықтар Редакция ұжымы Астана - 20 Мәдениет Әлем жаңалықтары Сұхбат Мұнайлы Анықтама бюросы

    Автордың басқа да жазбалары

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    243

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    17 ақпан, 11:32
    233

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    368

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    178

    Балықшылар демалыс орны бой көтереді

    11 ақпан, 16:00
    236

    Тегін дәріні қалай аламыз?

    11 ақпан, 14:29
    205

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»