Биыл өңірде республикалық маңыздағы 64 шақырым «Құрық – Жетібай» автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстары басталады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жоба бойынша күрделі жөндеу жұмыстары 2022 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қарақия ауданының Жетібай ауылында 4 жоба мен Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылында 10 жоба орындалады. Яғни 53,6 шақырым жол құрылысы мен орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр», - дейді Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов.