Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов халықпен онлайн кездесуінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Жаманбаеваның ісіне қатысты тұрғындардың сұрағына жауап берді.
«Әрине, Жамал Әбдібекқызы мықты маман. Талай нәрестенің өмірге келуіне себепші болды, мыңдаған ананы өлімнен арашалады. Жұмысына адал, адамгершілігі мол. Дәл қазір ол кісі сүрінді ме, сүрінбеді ме, нақты айта алмаймын. Оны құзырлы органдар шешеді және әділ шешім болатынына сенемін. Мен ол кісіні көп жылдан бері танимын, мен де қатты уайымдаймын, тіпті, кей кезде ұйқы да қашып кетеді. Әділ шешім болатынына мен сенемін», - деді С.Трұмов.
Еске сала кетейік, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшыларының бірін ұстағанын хабарлаған болатынбыз.