Үш жарым жыл бұрын Шафия Усманова ерекше балаларға көмек көрсетуге бағытталған «Сабақтастық» жобасына қатысты. Жоба Шафияны қызықтырғаны соншалық «Өз жүрегіңді аш» әлеуметтік даму қорын құру туралы шешім қабылдаған. Қазір Қордың еріктілері Даун синдромы, аутизмі бар балаларға, мылқау және зағип жандар қоғамының балаларына арналған мерекелер мен концерттерді ұйымдастыруға көмектеседі. Сондай-ақ көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға және ата-аналарының материалдық жағдайы қиын балаларға көмек көрсетеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Пандемия кезінде қордың еріктілері басқа еріктілермен бірге дәрі-дәрмек сатып алып, оларды мұқтаж жандарға таратқан. Сондай-ақ санитарлық посттарда кезекшілік ететін полицейлерге түскі ас үлестірген.
«Сіз өзіңіз үшін ғана емес, сонымен бірге бейтаныс адамдар үшін де пайдалы, игі іс жасағаныңыз содан сіз ләззат аласыз. Сіз көмектесе алатын болсаңыз әрі оған алғыс айтса – алтыннан да бағалы. Мен үшін еріктілік – бұл мереке! Бұл сіз үшін ғана емес, басқалар үшін де жақсы болса қуанатын нәрсе. Күн сайын жаңа кездесулер, қызықты іс-шаралар күтеді. Еріктілік – «ауру» сияқты. Мұнымен ауыру тез, ал одан тез емделуді ойламаңыз. Ал мен шынымды айтсам, бұл аурудан емделгім келмейді!»- дейді Шафия.
Қор еріктілері көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан немесе мүгедек балалардан басқа, қарттар үйіне, сәбилер үйіне мен интернатқа көмек көрсетеді.
«Былтыр интернаттағы балаларға бей-жай қарамайтын адамдардың арқасында біз фортепиано сыйладық, ал фортепиано бойынша оқытушы Ирина Викторовна олардың әрқайсысымен музыка сабақтарын өткізуді мойнына алды. Сондай-ақ, сәбилер бізден бөлмелердің бірін жөндеп беруді сұрады. Ол үшін кәсіпкерлер көмектесіп, күрделі жөндеу жүргіздік, жиналған қаражатқа ойыншықтар мен бөлмеге қажет нәрсенің бәрін сатып алдық. Сондай-ақ, екі жыл бұрын қызының жүрегінде ақауы бар жаңаөзендік отбасы мен бес баласының бірі церебральды сал ауруымен ауыратын жалғызбасты ана көмек сұрады. Біз жәрмеңке ұйымдастырып, жиналған қаражатқа оларға көмек көрсете алдық», - деп атап өтті қор басшысы.
Бұл балалармен қор әлі де байланыста. Қызға операция сәтті өтіп, қазір мектепке барып жүр. Сондай-ақ, церебральды сал ауруы диагнозы бар балаға да қажетті тренажер сатып алынған. Соның арқасында баланың моторикасы жақсарып, адамдармен сөйлесе бастапты.
«Бұл - топтық жұмыс. Тұрғындардың бір тобы қаражат жинауға көмектессе, басқалары мүгедектер арбасын немесе төсек-орын сатып алып береді, кейбіреуі қарт адамдарға көмектеседі. Мысалы, 3 шағынаудандағы жалғыз әже 20 жыл бойы сусыз және жарықсыз өмір сүрген. Көршілері еріктілерден көмек сұраған. Біз жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жиһаз сатып алуға, пәтерді дезинфекциялауға көмектестік. Сонымен қатар, олар осы әйелдің шетелде тұратын ұлын тауып, әжейге баласымен мессенджер арқылы сөйлесу үшін телефон сыйлады», - деп қосты Шафия.
Жыл сайын қор «Тілектер шыршасы» акциясын өткізеді. Ерекше балалар мен аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары өз тілектерін хатқа жазады. Ал кез келген адам балалардың тілегін орындауға көмектеседі.
«Содан кейін біз тек Ақтаудан емес, облыстың барлық аудандарынан келген балаларды жаңа жыл қарсаңында құттықтаймыз. Биыл біз наурызда осындай жобаны алғаш рет өткіздік, өйткені біршама мұсылман жаңа жылды тойламайды. Біз бүкіл облыстың ерекше балаларына мың сыйлық тараттық, ал бұл игі іске кәсіпкерлер көмектесті», - дейді «Өз жүрегіңді аш» әлеуметтік даму қорының басшысы.
Сонымен қатар, қордың 50 еріктісі жоғалған адамдарды іздеуге де қатысады.
«Мен барлығын еріктілер күнімен құттықтаймын, өйткені әрқайсымыз еріктіміз! Құрметті еріктілер, сіздердің кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сізге және сіздің күш-жігеріңіздің арқасында бұл әлем мейірімді, қауіпсіз, бақытты бола алады. Сізге бақыт пен өркендеу, өмірлік қуат, жаңа жетістіктер тілеймін. Еріктілер күні құтты болсын!» - деді қор басшысы.