Ақтаудағы битум зауытында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарына сәйкес тексеру жұмыстары басталды. Сол себепті зауыт толықтай жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпорын 2024 жылдың қаңтар айының басында қайта жұмысқа кіріседі.
Зауытта техникалық жабдықтарды және қысыммен жұмыс істейтін құбырларды техникалық куәландыру, тексеру және оларға сараптама өткізу бойынша іс-шаралар кешені жоспарланған. Зауыттағы пештердің рекуператоры және бағандардағы құбырлар ауыстырылады.
Жұмыс кестесін ҚР Энергетика министрлігі бекіткен. «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының және қолданыстағы салалық нормативтердің талаптарына сай Ақтау битум зауытының технологиялық нысандарын пайдалану толық тоқтатылды.