Сондай-ақ Маңғыстаудағы филиал шамамен 750 жобаға субсидия және 577 жобаға кепілдік берген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО-ға сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиал директоры Берік Қадыровтың айтуынша, «Даму» қорының бағдарламалары микро, шағын және орта бизнесті қолдауды көздейді. Яғни, екінші деңгейлі банк, лизингтік компаниялар, микроқаржы ұйымдарына жүгінетін кәсіпкерлер үшін қаржыландыруды арзандатуға бағытталған.
- Арнайы кәсіпкерлерге бағдарлама жоспарланған. Кәсіпкерлерді қолдаудағы бағдарламаларының бірі - «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» және «Қарапайым заттар экономикасы». Осы бағдарламалар аясында «Даму» Қоры кәсіпкерлерге қолдаудың екі түрін ұсынады. Ол: субсидия және кепілдік беру. Біз мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру жұмысын бірнеше уақыт бұрын бастадық. Қазіргі таңда «Даму» қорына онлайн өтініш беру мүмкіндігі кәсіпкерлер үшін тиімді әрі ыңғайлы,- деді Берік Қадыров.
Айта кетейік, басқа да сұрақтар туындаған жағдайда осы номерге хабарласа аласыздар: 70-10-51 немесе 1408.