Ақтау тұрғындары әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы "1 желтоқсаннан бастап өңір уақыты елордалық уақытқа, яғни бір сағат алға жылжиды" деген хабарлама таратуда. Алайда бұл хабарлама - жалған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы мәлімдеді. Яғни, қазіргі таңда уақыттың ауысуына байланысты ешқандай шешім қабылданбаған.
- Аталған мәселенің шешімі егжей-тегжейлі зерттелгеннен кейін қабылданады, - деді Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ақай Мусалиев.