11-16 желтоқсан аралығында Ақтау қаласы бокстан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ел біріншілігіне республикалық маңызы бар 3 қала және 17 облыстан 20 команда, 500-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде маңғыстаулық 20 боксшы бақ сынайды.
Бокстан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатынан оқ бойы озып шыққан үздіктер 2024-2025 жылға ұлттық құрама сапына іріктеледі.
Бағдарламасы:
11 желтоқсан, сағат 12:00 – алдын-ала кездесулер; сағат 17:00 – жарыстың ашылуы;
12 желтоқсан, сағат 14:00 – алдын-ала кездесулер
13 желтоқсан, сағат 14:00 – алдын-ала кездесулер
14 желтоқсан, сағат 14:00 – ширек финал
15 желтоқсан, сағат 14:00 – жартылай финал
16 желтоқсан, сағат 12:00 – финал
Чемпионат 17 шағынаудандағы «Халық Арена» спорт кешенінде өтеді.