Үш жыл бұрын «Каспий» клубына бас бапкер болып кейін қызметінен кеткен сербиялық маман Срджан Благоевич алдағы уақытта Ресей клубтарының бірін жаттықтыратын болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазіргі уақытта Александр Точилинді қызметінен босатқан «Сочи” ФК Срджан Благоевичті команда бапкері ретінде қарастырып жатқан көрінеді. Білікті маман 2020-2021 жылдары маңғыстаулық «Каспийді», ал 2021-2022 жылы «Астананы» баптаған болатын.
Бүгінде мажарлық клуб «Дебреценді» алға сүйреп келе жатқан маман қазір ел чемпионатында команданы 4-ші орынға шығарды.
Срджан Благоевич жаттықтырған тұста «Каспий» ел чемпионатының турнирлік кестесінде 8-ші орынға тұрақтаған болатын.