Токиода дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы басталды. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер 73, 81, 90 келіге дейінгі салмақта, әйелдер 57, 78 келіге дейінгі және 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл дода биылғы маусымның соңғы бәсекесі болмақ. Оған 88 елден 527 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Алғашқы жарыс күнінде ерлерде Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов (73 келі), Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мусаев (81 келі), Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков (90 келі) татамиге шығады.
Ал қыздарда Назгүл Маратова, Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) сайысқа түседі.
Еске салайық, әлемдік Grand Slam-ға Қазақстан ұлттық құрамасының 20 дзюдошысы барған. Спорттық дода 2-3 желтоқсан күндері өтеді.