© www.championat.com
Токиода өтетін Гранд Слэм бәсекесіндегі қазақстандық дзюдошылардың қарсыластары белгілі болды. Күншығыс еліндегі сынға Қазақстан ұлтық құрамасының 20 дзюдошысы өз шеберліктерін көрсетеді. Олардың қатарында Маңғыстау облысының екі дзюдошысы бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Гранд Слэм бәсекесінде 73 келіде күресетін Асқар Нарқұлов бірінші айналымда бос. Ол неміс пен грузин балуандары жұбының жеңімпазымен кездеседі. Сондай-ақ, осы салмақтағы тағы бір балуан Данияр Шамшаев польшалық Адам Стодольскимен күреседі.
81 келіде сынға түсетін жерлесіміз Руслан Мұсаев жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол Уругвай мен Катар балуандарының қай жеңгенімен белдеспек. Сонымен бірге, аталған салмақ дәрежесінде күресетін Абылайхан Жұбаназар бірінші айланымда демалады. Оның қарсыласы қырғыз бен Аргентина балуандарының жұбында басымдық танытқан балуан болмақ.
Токио Гранд Слэмі желтоқсан айының 2-3күндері өтеді. Бұл турнирде жүлдегер атанған балуан әлемдік рейтингте жоғарылап, ірі ұпайға ие болмақ. Сонымен бірге, жапон жерінде өтетін турнир дзюдодан биылғы жылдың соңғы ірі бәсекесі болғалы отыр.