ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшыларының бірі ұсталғанын растады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып.
«Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына қатысты COVID-19-дың өңір аумағында таралуына жол бермеу бағытында бөлінген ақша қаражатына медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта басшылардың бірі қамауға алынған. «Бұдан басқа ақпарат заң тәртібіне сәйкес жарияланбайды», - деді ол.