Бұл туралы қыздардың анасы айтты. Оның айтуынша, оқиға мектеп жанындағы 6 шағын ауданда болған. Қыздарды басқа оқушылар ер адамнан құтқарған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Менің жасөспірім қыздарыма мектептен қайтып келе жатқанда бір ер адам тиіскен. Бақытымызға орай, мектептегі балалар тез жүгіріп келіп, оларды қорғады. Біреу полиция шақырды. Ер адамды полицейлер алып кетті. Күйеуім оның үстінен арыз жазуға келіспеді. Бірақ бұл жазасыз қалмауы керек. Бүгін менің балаларым болса, ертең басқалар болуы мүмкін. Мен бүгін осы адамның үстінен шағым түсіруге барамын. Көмек көрсетіп, полиция шақырғандарға рахмет", - деп жазды қыздардың анасы.
Редакция облыстық полиция департаментінен түсініктеме күтеді.