Ер адам алаяқтық жолмен 15 млн теңге көлемінде несие алуға көмектескені үшін 2,6 млн теңгені алдап алған. Түпқараған аудандық соты Маңғыстау тұрғынын ҚК - нің 190-бабының 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілеусіз 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алайда апелляция үкімді өзгертті.
«Сотталған адамның жасаған қылмысының қауіптілігін ескеріп, осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын алты рет сотталғанын ескере отырып, ол осы санаттағы қылмысты қайтадан жасады, алдыңғы үкімдер бойынша бұрын тағайындалған жазалардан қорытынды жасамады. Сонымен қатар, жәбірленушіге келтірілген залал өтелмеген. Сондықтан сот алқасы 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау керек деген қорытындыға келді», - деп хабарлады сотта.