© Фото Ақтау қаласы әкімдігінің парақшасынан алынды
Ақтауда жүгіруден «Aktau spring run 2024» марафоны өтті. «Ozine sen» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шараға қатысқан адамдар 21 шақырымды жүгіріп өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорттық шараға елдің түкпір-түкпірінен келген 910 адам қатысты. Олардың қатарында 10-14 жас аралығындағы 100 бала бар. Марафонды Ақтау қаласынан бөлек Қытай елінен, Жаңаөзен, Ақтөбе, Орал, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Семей қаласынан және Бейнеу ауданынан келген азаматтар жүгіріп өтті. «Ozine sen» қоғамдық қорының директоры Нұрлан Абиловтың айтуынша, спорттық шарада мүмкіндігі шектеулі азаматтар да белсенділік танытты.
-Марафонның негізгі мақсаты - халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту. Шараға қатысқан барлық қатысушыларға алғысымды айтамын, - деді «Ozine sen» қоғамдық қорының директоры Нұрлан Абилов.
Марафонда үздік көрсеткіш көрсеткен қатысушылар медальдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
3 шақырым әйелдер
І орын - Наталья Панова
ІІ орын - Алина Шабарова
ІІІ орын - Ақерке Мәлік
5 шақырым әйелдер
І орын - Ольга Вернер
ІІ орын - Айман Сәрсенғалиева
ІІІ орын - Дарья Логинова
5 шақырым ерлер
І орын - Санжар Базарбаев
ІІ орын - Амантай Қозыбаев
ІІІ орын - Михаил Яковлев
10 шақырым әйелдер
І орын - Ляззат Төлепбергенова
ІІ орын - Әсел Казакова
ІІІ орын - Айгүл Уәлиева
10 шақырым ерлер
І орын - Жарас Айтуаров
ІІ орын - Жанболат Қадыров
ІІІ орын - Абдумалик Кенесбай
21 шақырым(абсолют) әйелдер
І орын - Александра Бекишева
ІІ орын - Зарина Мұратбекова
ІІІ орын - Бақытгүл Сармекова
21 шақырым(абсолют) ерлер
І орын - Никита Изотов
ІІ орын - Асхат Сатыбаев
ІІІ орын - Оралхан Асабаев