• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 4 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53  |  Жаңалықтар

    Қазіргі таңда зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу – өзекті тақырып. Осыған орай тұрғындар арасында қаражатты алу бойынша сұрақтар өте көп. Аталмыш бағдарлама төңірегінде «Бірыңғай жинақ­таушы зейнетақы қоры» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Жанар Қибасовамен сұхбаттасқан едік.

    -Зейнетақы жинақтары­ның бір бөлігін алу ке­зінде ең төменгі жеткіліктілік шегі қалай есептеледі?

    – Мемлекет басшысының бастамасы бо­йынша қазақстандықтарды қолдау мақ­сатында БЖЗҚ салымшыларына зейнет­ақы жинақтарының бір бөлігін зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатаң белгіленген балама мақсаттарға – тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделу ақысын төлеуге мерзімінен бұрын алу құқығы берілді. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты сақталады: олар болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшері деңгейінде болса да зейнетақы кірісін қамтамасыз етуге тиіс.

    Салымшылардың болашақта да еңбек қызметін жалғастыратындығын және тиі­сін­ше БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдарын жасайтындықтарын ескеріп, ең төменгі жеткіліктілік шегі БЖЗҚ-ға міндетті зейнет­ақы жарналарын ең төменгі жалақы мөлшеріндегі табысынан ай сайын аударатынына сүйене отырып, әрбір нақты жас үшін жеке есептеледі.

    Осылайша ең төменгі жеткіліктілік шектерінің мөлшерін есептеу белгілі бір жасқа қарай адам қанша табыс таба алатынына емес, зейнеткерлік жасына қарай жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы жоғарыда көрсетілген ең төменгі талаптарға сәйкес келетіндігіне негізделеді.

    – Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу үшін қаражатымның жеткілікті екенін қалай тексеруге болады?

    – БЖЗҚ өз зейнетақы жинақтарыңызды тек­серудің бірнеше тәсілін ұсынады. Бірінші және ең танымал тәсіл – интернет-байланыс арқылы, кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшада қажетті ақпаратты алуға болады. Оған кіру үшін салымшыға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ-ны egov.kz порталында қа­шықтан алуға болады) немесе БЖЗҚ дерекқорында тіркелген ЖСН мен пароль қажет.

    Екінші тәсіл – үзінді көшірмені салымшы көрсеткен электрондық пошта мекен-жайына жіберу. Салымшы мәліметтерді алу кезеңділігін өзі таңдайды: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын.

    Үшінші тәсіл – egov.kz электрондық үкі­мет порталындағы жеке кабинет арқылы. Оған кіру ЭЦҚ немесе mGov мобильді базасында тіркелген салымшының ұялы телефон нөміріне жіберілетін бір реттік sms-пароль арқылы жүзеге асырылады.

    Сондай-ақ өз зейнетақы шотыңызды БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесіне барып немесе дәстүрлі пошта арқылы жыл сайынғы үзінді көшірмені алу арқылы тексеруге болады.

    Салымшы кез келген уақытта enpf.kz сайтында (ЭЦҚ көмегімен) немесе БЖЗҚ кеңсесінде ақпарат алу тәсілін таңдап, өзгерте алады.

    Барлық қызметтерді смартфондар немесе планшеттер арқылы алу ыңғайлы және осы тәсілге үйренген адамдар үшін қарапайым және функционалды ENPF қосымшасы бар.

    Осы мобильді қосымшаға тіркелу үшін ұялы телефоныңызға смс-хабарлама ар­қылы жіберілетін бір реттік құпиясөзді пайдалануға болады.

    Сондай-ақ Қор­­дың сайты мен мо­бильді қосымшасын­дағы жеке каби­­­нет­те «Үзін­ді-кө­шір­ме алу» опциясына зейнетақы жинақ­тары­ның бір бөлігін алу үшін жеткіліктілік шегі көрсетілген жеке зей­нетақы шотынан үзінді-көшірме алу функциясы қосылған.

    Халыққа ыңғайлы болуы және оларға неғұрлым қолдау көрсету үшін зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі туралы ақпарат алуға арналған cabinet.enpf.kz/porog жаңа сервисі әзірленді. Қызметті электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе SMS арқылы mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне түсетін бір реттік парольдің көмегімен қолдануға болады.
    ЭЦҚ көмегімен авторлану үшін www.cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру керек, қолтаңба сертификатын таңдап, ЭЦҚ арқылы қызметке кіруге болады. Бір реттік пароль арқылы авторлану үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек:

    • өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз;
    • дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз;
    • «Кодты жіберу» батырмасын басыңыз;
    • алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.

    Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы, себебі ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді.

    – Азаматтарға зейнетақы жинақ­тары­ның бір бөлігін қалай алуға болады? Қайда жүгіну керек?

    – Егер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақта­рыңызды тексергеннен кейін сіз зейнет­ақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге жә­не (немесе) емделуге пайдалану туралы ше­шім қабылдаған болсаңыз, онда сізге уәкілет­ті операторға жүгіну қажет.

    Үкіметтің қаулысымен Бірыңғай жинақ­таушы зейнетақы қорынан төленетін бір­жолғы зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторлар болып төмендегілер айқындалды:

    – тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақ­сатында – «Отбасы банкі» тұрғын үй құры­лыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы;

    – тұрғын үй және (немесе) бір банк­тік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізумен қоса тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу; тұрғын үй және (немесе) бір банктік қарыз шарты шеңберін­де жөндеу жүргізумен қоса тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қарызын ішінара немесе толық өтеу; ипотекалық тұрғын үй берешегін қайта қаржыландыру жолымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында – екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) (қазіргі уақытта БЖЗҚ «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ және «БанкЦентрКредит» АҚ-мен өзара қарым-қатынас туралы келісімді бекітті);

    – емделуге ақы төлеу мақсатында – «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы.

    ЕДБ-мен келісім уәкілетті оператор мен БЖЗҚ арасындағы біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару және қайтару мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәрті­бін, сондай-ақ ақпараттың құпиялылығын сақтау жөніндегі шарттар мен міндеттемелерді қоса алғанда, Келісім тараптарының әрқайсысының міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.

    БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың ақпараттық жүйелерін біріктіру «Элек­трондық үкімет» веб-порталындағы инте­грациялық сервис арқылы жүзеге асырылады.

    Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты қажеттіліктерге алу және пайдалану ережелері туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында орналастырылған.

    Салымшының құжаттарын қарағаннан кейін уәкілетті оператор БЖЗҚ-ға салым­шының өзі айқындаған және оның өті­німінде көрсетілген мөлшердегі зейнетақы жинақтарын аудару туралы хабарлама жібереді.

    Уәкілетті оператордан хабарлама ал­ған­нан кейін БЖЗҚ салымшының тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында уәкілетті опе­раторда ашылған арнайы шотына зей­нетақы жинақтарын аударуды (5 жұмыс күні ішінде) жүзеге асырады.

    – Алынған ақша үшін салықты қалай төлеуге болады? Оларды бірден немесе бөліп төлеуге бола ма?

    – Салымшының зейнетақы жинақтарын алу кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдауға құқығы бар (жарналарды аудару кезінде ЖТС алынбаған).
    Азаматтар ЖТС төлеуді кейінге қал­дыруды не жинақтарды тұрғын үй жағ­дайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін алу кезінде оны толық көлемде өтеуді таңдайалады. Кейінге қалдыру ЖТС-тың зейнетақы жасына жеткеннен кейін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры белгілеген кесте бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен төленетінін білдіреді.

    – Мен өзімнің зейнетақы жинақ­тарым­ның бір бөлігін қаржы ком­паниялары­ның басқаруына бергім келеді. Қайда хабарлассам болады?

    – Салымшылар өздерінің зейнетақы жи­нақтарын инвестициялық портфельді бас­қаруға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі белгілеген төмендегідей қосымша талаптарға сәйкес келетін бас­қарушы компанияларға сенімгерлік бас­қаруға бере алады:

    • клиенттердің активтерін басқарудың жеткілікті тәжірибесінің болуы;
    • соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша қаржы-шаруашылық қызметінің оң нәтижелерінің болуы;
    • меншікті капиталының жеткілікті болуы, оның ішінде басқарушы компанияның зейнетақы активтері бойынша табыстылығы жетіспейтін салымшыларға ықтимал өтеуі үшін капиталының болуы;
    • бағалы қағаздармен жасалатын мәмі­лелер бойынша айла-шарғы жасау дерек­терінің болмауы;
    • басқарушы компания иелерінің құры­лымында ірі акционердің болуы;
    • НҚА белгілеген басқа талаптар.

    Агенттік ай сайынғы негізде зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілген жеке басқарушы компаниялардың тізілімін қа­лып­тастыратын болады.

    Басқарушы компанияны таңдауды осы тізілімге енгізілген компаниялар тізбесінен БЖЗҚ салымшысының өзі тікелей жүзеге асыратын болады.

    Салымшы зейнетақы жинақтарын жеке бас­қарушы компанияға сенімгерлік бас­қаруға беру мақсатында БЖЗҚ-ға жеке өзі немесе БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы тиісті өтінішпен және жеке басын куәлан­дыратын құжатпен (өзі жүгінген кезде) хабарласуы тиіс.

    Жеке басқаруға беруге жататын зейнет­ақы жинақтары БЖЗҚ-ның кастодиан банктегі шотына есепке алу және сақталу үшін аударылады, осы банк және жеке бас­қарушы компания мен БЖЗҚ арасында үш жақты кастодиандық шарт жасалады.

    Таңдалған басқарушы компания қызме­тінің нәтижелеріне қанағаттанбаған жағ­дайда салымшылардың өз жинақтарын басқа басқарушы компанияға аудару немесе ҚР ҰБ-ның басқаруына қайтару құқығы сақталады.

    Зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін азаматтардың инвестициялық кірістері ескерілген зейнетақы жинақтары ҚР ҰБ басқаруына қайтарылады (егер олар осы мерзімге дейін басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруында болған болса) және кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу немесе заңнамада көзделген өзге мақсаттарға пайдаланылатын болады.

    Айгүл ОРЫНБАЕВА

    2869
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстауда тағы 3 адамнан коронавирус анықталды

    Келесі жаңалық

    Облыста тағы 7 адамнан коронавирус анықталды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Рубрикалар

        ТағайындауҚызық дерекЖарнамаАНТИКОРФотоХабарландыруБіле жүріңіз

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3004

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2752

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2587

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3073

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2805

      Балықшылар демалыс орны бой көтереді

      [ 2021 ] 11 ақпан, 16:00
      1573

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»