• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 26 Ақпан 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Бозжыраның бүгінгі бейнесі (ФОТО)...

Ауған соғысы құрбандарын еске алды...

Аққулар қанат қаққанда (ФОТО)

Бағзы дәуірден үн қатқан...

Биыл «Құрық-Жетібай» автожолының күрделі жөндеу жұмыстары басталады...

  • USD: 414.77 ₸
  • EUR: 506.81 ₸
  • RUB: 5.64 ₸

Теміржолдағы апат азаймай тұр

17 ақпан, 11:32  |  Қоғам

Соңғы кездері аймақтағы елді мекендерге таяу ор­на­ласқан теміржол бойына шығып кететін жеке иеліктегі мал­дар көбейді. Соның бір көрінісі, 9-бекет пен Шетпе, Шет­пе мен Маңғыстау, Қарақия мен Өзен, Өзен мен Болашақ с­та­нсасы аралығында ірі қара малдарының теміржолдың үстінде қараусыз жүргенінен пойыздардың шұғыл тежегішті қолдануы және мал қағу жайттары жиі орын алуда. Көптен бері шешімін таба алмай жүрген мәселе неден туындап отыр?

Оның бірден-бір себебі –мал ие­ле­рінің теміржол қаты­на­сы қауіп­сіз­дігіне жіті мән бермей­тін­дігінде. Шындығына кел­­генде, қараусыз жүр­ген малдың пой­ыз қа­тынасына тигізіп отырған зар­дабы өте көп. Бірін­шіден, қалып­тасқан жол рег­ла­менті бұзылады. Екіншіден, теп­ло­воздарға зақым келеді. Ал оқыс оқиға орын ал­ған жағдайда сырғалары, не таң­ба­лары жоқ, ешкім «менікі» деп мойындамайды. Неге? Өйткені жауап­кершілік жүгін көтеруден бәрі қаш­қақтайды. Үшіншіден, жү­ген­сіз кеткен малды басып кетпеу үшін локо­мо­тив­тердің тежегіштері оқыс жағдайда ба­сы­латындықтан, тез істен шығады.

«Бір құмалақ бір қарын майды ші­­рі­теді» демекші, теміржол қоз­ға­лы­­сын­да сәл кідіріс орын алса, ол тұтас ай­мақтағы қозғалысты бө­гейді. Жолау­шыны жолынан қал­дырады, жүктерді мерзімінен кешік­ті­реді. Бұл мәселе жөнінде біздің, яғни Маңғыстау жол дис­танциясы тарапынан ай сайын мал ша­руалығы қожалықтарына барып, мал иелеріне түсінік жұ­мыс­тары жүр­гізілуде. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ.

Осы орайда «Неліктен ма­шинист те­жегішті басып, пойызды тоқ­тат­­пай­ды?» деген де сауал туын­да­уы мүмкін. Оның да өз жауабы бар. Себебі мыңдаған тонна жүкті үл­кен жылдамдықпен әке­ле жатқан те­мір құрсаулы ауыр құры­лым қара жердегі көлік­т­ер сияқты кілт тоқтай ал­май­ды. Баршамызға мек­теп жа­сы­­нан белгілі «инерция», яғ­ни «қозғаушы күш екпіні» деген бар. Со­ның әсерімен жүйткіп келе жатқан пойыз­дың бірден тоқ­тай алуы қиын­.
Бұл проблеманы шешудің жал­ғыз ғана жолы бар. Ол үшін тұр­ғын­дар, со­ның ішінде жеке мал иелері қо­ғам алдындағы жауап­кер­шілікті те­рең сезініп, төрт түлік­ті қараусыз қал­дырмауы тиіс. Сайып келгенде өз иеліктеріне немқұрайлы қарайтын болса, олардан айырылып қалуы ғажап емес. Ал бұл үшін еш­кім, мемлекет те, теміржол меке­ме­лері де өтемақы төлемейді. Әр­кім өз іс-әрекеті үшін өзі жауап береді.

Маңғыстау жол дистанциясы 9-бе­кеттен Болашақ стансасына дейін со­зыл­ған бес жүз шақы­рым­дық жол­ды жөндеумен айна­лы­сады. Әрі жо­лау­шылар мен жүк пойыз­дарының қозғалыс қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етеді. Осы ара­лықта үлкенді-кішілі көптеген ел­ді мекендер орналасқан. 2021 жыл­дың 1 айы бойынша төрт түлік иелерінің жауапсыздығы салда­ры­нан тепловоз машинисінің жыл­жы­малы құрамаларды шұғыл тоқ­тату, шұғыл тежегішті басу жай­ты – 8 рет ескертпе бергені тір­келіп отыр.

Атап айтқанда, кезектен тыс тоқ­тау, шұ­ғыл тежегішті басу, мал бас­пауға жыл­дам­дықты азайту жә­не тағы сол секілді жайттар кездесті. 2021 жылдың 1 айында 117 мал иелерімен түсінік жұ­мыс­тары жүргізілді. Осын­дай келең­сіздікті болдырмау үшін мал кір­гіз­бейтін қоршауларға ай сайын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жер­­гілікті әкімшіліктерге, Шет­пе, Жар­мыш, Жыңғылды, Онды, Отпанға қарау­сыз малдарды темір­жолға жібер­меу және мал ие­лерімен түсінік жұмыстарын жүр­гізуге, арнайы бақташы ұйымдастыру туралы хат жолданып отыр.

Сөзімді түйіндей келе, осы ма­қала арқылы ауыл тұрғындарын же­ке иеліктегі малдарын қараусыз қал­дыр­мауға, оларды жол бойына, соның ішін­де теміржолмен жүр­гіз­беуге ша­қы­рамын. Тағы да ес­керте кететін бол­сақ, сонымен қа­тар теміржол бойы­на бөгде зат­тарды қойып тастау және бөгде адам­дардың теміржол бойында жүрулері пойыз қозғалысының ке­ші­гуіне, адам өмірлерін қиып кетуіне немесе жылжы­малы құрамның жолдан шы­ғып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Осын­дай жағдайлардың алдын алу мен жою мақсатында желілік полиция бөлімшесі қызметкерлері теміржол қыз­­меткерлерімен бірлесіп, ұдайы түрде про­филактикалық іс-ша­ра­лар өткізіп келеді. Алайда, тый­ым салу­ларға қарамастан темір­жол бойында ойнау, теміржол ре­льстеріне бөг­де зат­тар қойып тастау әлі де жал­ғасуда.

Ержан Артықбаев,
Маңғыстау жол дистанциясының жол жетекші инженері

219
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Экобелсенділер Қаракөлді тиімді пайдалану мүмкіндіктерін талқылады

Келесі жаңалық

Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Астана - 20 Хабарландыру Редакция Қазақстан жаңалықтары Тағайындау Фото Біле жүріңіз Жаңалықтар Қызық дерек EXPO - 2017 Түпқараған Бейнеу

    Автордың басқа да жазбалары

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    231

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    13 ақпан, 10:46
    763

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    360

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    159

    Балықшылар демалыс орны бой көтереді

    11 ақпан, 16:00
    223

    Тегін дәріні қалай аламыз?

    11 ақпан, 14:29
    195

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»