• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 479.38 ₸
  • EUR: 531.63 ₸
  • RUB: 5.27 ₸

Экобелсенділер Қаракөлді тиімді пайдалану мүмкіндіктерін талқылады

[ 2021 ] 16 ақпан, 15:43  |  Қоғам

Ақтауда «Қаракөл көлі» экологиялық-ағарту орталығының тұжырымдамасы жасалды. Осыған орай «Қаракөл көлі» сулы-батпақты алқабын тұрақты пайдаланудың әлеуетті мүмкіндіктері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Алдымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев мәселенің өзектілігіне тоқталып, қатысушыларды дөңгелек үстел жұмысына белсенді қатысуға шақырды.

«Дөңгелек үстел тақырыбы әртүрлі тараптардың жалпылама экологиялық мәдениетті қалыптастыруына және бизнес-қауымдастықтың табиғи ресурстарға экологиялық жауапкершілікпен қарауына сәйкес келеді. Қаракөл көлі – Маңғыстаудың көркі және қазынасы, біздер оны адамның, табиғаттың игілігіне тұрақты пайдаланудың барлық мүмкіндіктерін қарауымыз керек. Бірінші кезекте экологиялық туризм нысаны ретінде», – дейді Рашит Тұранұлы.

Жиын барысында Орта Азия Рамсар өңірлік бастамасы (ОА-РӨБ) үйлестіруші комитетінің мүшесі, «Табиғи орта» Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоциациясының кеңес төрағасы Әділбек Қозыбақов пікір білдіріп, ұсынысын айтты.

«Осы сулы-батпақты алқапта жылдың әртүрлі мезгілдерінде суда жүзетін және су маңы құстарының 175-тен аса түрі бар. Олардың 20-дан астамы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олар кіші аққу және сұңқылдақ аққу, бұйра және қызғылт бірқазандары, қоқиқаз, қарабай, аққұйрықты субүркіт, үкі және т.б. Қаракөлдің экологиялық туризм нысаны ретінде дамуы үшін және оны мекендеушілерді сенімді қорғау, оның ішінде соңғы кезде құстарды дронмен үркітуге құмар азаматтардан қорғау мақсатында, экологиялық-ағарту орталығын ашып, экологиялық соқпақтарын салып, ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар үшін ыңғайлы жабдықталған бақылау мұнараларын және құстарға арналған жемдеу алаңдарын орнату керек», – дейді ол.

Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, егер осы орталықта ақылы экскурсиялар ұйымдастырса, уақыт өте өз-өзін қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев Қаракөлдің жағдайын экспресс-бағалау бойынша жұмыстарына қатысқан болатын. Нәтижесінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне Маңғыстау әкімдігінен Қаракөл көлін Рамсар халықаралық мәні бар сулы-батпақты алқаптарының тізіміне номинациялау керектігі жөнінде хат жолданды.

Шараға қатысқан Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков балық шаруашылығын дамыту жөнінде сөз қозғады. Оның айтуынша, алдағы он жылдық жоспарға сәйкес, 2030 жылға дейін аймақта 100.000 тонна балық өсіру жоспраланып отыр.

Оқушыларды «Қаракөл сақшылары» еріктілер экопатруль жасағы құрамында сулы-батпақты алқаптың құстарын санап, аумағын санитарлық тазарту іс-шараларына тарту бойынша Ақтау қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің экология бойынша координаторы Бақытгүл Жақсылықова қысқаша баяндады.

Сонымен қатар «Ecojer» республикалық ассоциациясының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік экологиялық кеңес төрағасы Қажымұрат Хайрушев Қаракөлді сақтау және тұрақты пайдалану бойынша бастамаларды жан-жақты қолдауға дайын екендігін жеткізді. Ұсыныс та айтылды.

Мәселен, ҚР ЭГТРМ ОШЖДК-не Үстірт қорығы мен аумақтық инспекцияға «Табиғи орта» ассоциациясы Биоресурстарды қорғау бойынша қоғамдық инспекция өкілдерімен бірлесіп, жыл сайын қыркүйек айынан бастап мамыр айының аяғына дейін демалыс, мейрам күндері Қаракөл көліне рейдтерге шығып тұруды тапсыру ұсынылды. Уәкілетті органға, Қарақия-Қаракөл мемлекеттік зоологиялық қаумалының төлқұжатына Қаракөлдің үстінен ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (дрон, квадрокоптер) 1 шақырым биіктіктен төмен ұшыруға тыйым салынуы жөнінде талап енгізу ұсынылды.

Облыстық білім басқармасына дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты мен «Білім-Инновация» лицейі оқушыларының, облыс көлеміндегі колледждер мен жалпы білім беру мектепте оқитындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қаракөл көліне экологиялық танымдық экскурсиялар ұйымдастыру бойынша мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылды.

Есенов университетіне экологиялық және биологиялық мамандықтары студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының Қаракөл көлін ғылыми-зерттеу және дала практикасы алаңы ретінде пайдалану ұсынылды.

Әлеуетті демеушілерге «Қаракөл көлі» экологиялық-ағарту орталығын ашу және қызметін дамыту бойынша «Табиғи орта» ассоциациясымен ынтымақтастық орнату ұсынылды.

1215
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

МӘМС: Тегін емделіңіз

Келесі жаңалық

Теміржолдағы апат азаймай тұр

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      анонсТағайындауСаясатТүпқарағанРедакция газеттеріДенсаулықРухани жаңғыруМәселе

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстау жастары «Жарқын болашақ» бағдарламасымен колледждерге оқуға түсе алады

    23 тамыз, 14:18
    3068

    Нұрдәулет Қилыбай Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілін қабылдады

    23 тамыз, 14:14
    1059

    Адам папиллома вирусына қарсы вакцина қаншалықты сенімді?

    23 тамыз, 13:46
    1114

    Бүгін Ақтауда бірнеше шағынауданда жарық пен су болмайды

    22 тамыз, 10:39
    511

    Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы: Маңғыстаулық айтыскер 1-орын алды

    17 тамыз, 22:45
    398

    Ақтау мен Алматы арасындағы әуе рейстің саны артады

    17 тамыз, 21:49
    292

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»