• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 20 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

    Аймақтағы үздік журналистер марапатталды

    [ 2019 ] 28 қараша, 09:44  |  Қоғам

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында  Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен журналистер мен блогерлер арасында өткен облыстық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. «ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесі ұйымдастырған байқау төрт номинация бойынша жарияланған еді. «Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығы», «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы», «2019 – Жастар жылы» және «Мемлекеттік тіл – ұлтаралық қатынас тілі» номинациялары бойынша өткен конкурсқа жалпы саны 32 журналист, блогер қатысып, комиссия қарауына 50 жұмыс келіп түскен. Салтанатты жиынға қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев журналистер мен блогерлер арасындағы байқаудың өте тартысты өткенін айтып, барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтады. «Қадірлі достар, құрметті БАҚ өкілдері, әлеуметтік желі блогерлері! Облыстық конкурс жайдан-жай өткізіліп жатқан жоқ. Бүгінгі қоғамдағы оқиғалар мен өзгерістерді, тың жаңалықтарды жариялауда сіздердің еңбектеріңіз зор. Ақпараттың өзектілігі уақыт өткен сайын артып келеді. Міне, сол ақпараттар әрбір қоғамның мүшесіне жетуі тиіс. Бүгін конкурстың қорытындысына арналған жиынды пафоссыз, қарапайым өткізгенді жөн көрдік. Байқау өте тартысты өтті. Бекітілген ережеге сәйкес, конкурстың әр номинация бойынша жеңімпазы біреу болуы тиіс. Өз еңбектерін конкурсқа жолдап, өңірімізде болып жатқан түрлі оқиғаларды көрсетіп отырғаны үшін әрбір қатысушыға ризашылығымызды білдіреміз. Биылғы конкурстың үлкен ерекшелігі Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, абыз ағамыз Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орайластырылып отыр. Бүкіл Маңғыстау өңірі ел болып бір туар тұлғамыздың мерейтойын атап өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы атаулы шараға қатысып, мәртебемізді көтеріп тастады. Осы конкурста Әбіш Кекілбайұлына арнайы номинация енгіздік. Бұл номинацияға да Әбіш ағамызға деген ықылас-ынтасын, махаббаты мен сыйластығын көрсеткісі келіп, өз туындыларын жолдаған адамдар да көп болды. Барша қатысушыларға алғыс айтқым келеді. Әсіресе, конкурстың әр номинациясында жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар өңірдің әр түрлі саласын жіті назарда ұстап, оқиғалар ортасында жүргені үшін қуаныштымыз. Баршаңызға рахмет. Конкурсқа қатысқан барша азаматтарға алғыс. Зор денсаулық, мол бақыт, жетістіктер тілеймін», - деді басқарма басшысы Е.Күмісқалиев. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="88862,88863,88861"] Оқи отырыңыз: «Nur Otan» партиясында қоғамдық қабылдау өтті «Міне, бұл байқау да өз мәресіне жетті. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «ЭкоМаңғыстау» мекемесі өткізген журналистер мен блогерлер байқауы қорытындыланды. Тәуелсіз комиссия мүшелерінің ортақ ұйғарымымен жеңімпаздар анықталды. Жалпы конкурста төрт номинация болды. Дегенмен, байқау материалдарын зерделеу кезінде комиссия мүшелері қосымша марапатқа лайық авторды қосу туралы шешім шығарып, негізгі номинациялардан тыс ынталандыру сыйлығы белгіленді. Бұл жұмыстар, шындығында, марапатқа лайық. Конкурс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын», - деді «ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің директоры Кирилл Осин. Конкурстың шарттары бойынша әр номинация бойынша автор 3 материалдан артық тапсырмауы тиіс. Тәуелсіз конкурс комиссиясы осы талаптар бойынша түскен материалдардың барлығын жіті қарап, 5 жеңімпазды анықтады. Сонымен қатар ынталандыру сыйлығына екі жұмыстың авторлары лайық деп танылды. Сонымен негізгі номинациялар бойынша, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы үздік материал әзірлеген Маңғыстау телеарнасының журналисі Айман Нұрмағанбет пен «Хабар» агенттігінің тілшісі Тамара Степанова, «Жастар жылы» тақырыбында тұшымды мақала жазған «Маңғыстау» газетінің журналисі Жайық Нағымаш, «Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығы» номинациясы бойынша Бақтыбай Жайлау, мемлекеттік тіл туралы мақалалары үздік деп танылған «Маңғыстау» газетінің журналисі Голрох Жеменей жеңімпаз атанды. Бес жеңімпаздың әрбірі 200 000 теңге қаржылай сыйақыға ие болды. Ал, ерекше шығармашылық бағыты және туындылары үшін фотограф Саби Майемеров пен Әбіш Кекілбаевтың туған жеріне барып, сұхбат алып, өзінің Youtube арнасында керемет репортаж дайындаған ең жас қатысушы Жансұлу Сарыеваға 30 мың теңгенің арнайы ынталандыру сыйлығы берілді.

    Голрох ЖЕМЕНЕЙ

    1692
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Мұрын жырауға арналған республикалық конкурс аяқталды

    Келесі жаңалық

    Ақтауда кейбір автомобиль жолдары уақытша жабылады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2634

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      2641

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5771

      Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

      [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
      4617

      Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

      [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
      3357

      Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

      [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
      3096

      Рубрикалар

        СараптамаСаясатБейнеуАнықтама бюросыҚұқықСұхбатРедакция ұжымыДенсаулық

      Автордың басқа да жазбалары

      «Zhas Project» аясында 285 әлеуметтік жоба іске асырылды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 12:40
      1714

      Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалануға байланысты жиын өтті

      [ 2019 ] 4 желтоқсан, 10:39
      2819

      Сапалы өнім – табыс көзі

      [ 2019 ] 18 қараша, 09:55
      2056

      Теңіз қоқысы тазартылуы тиіс

      [ 2019 ] 14 қараша, 06:14
      2236

      Жазасын өтегендер қоғамнан тыс қалмайды

      [ 2019 ] 12 қараша, 05:32
      1614

      Қаланың дамуы қалыпты

      [ 2019 ] 6 қараша, 12:10
      1414

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»