• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 14 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Теңіз қоқысы тазартылуы тиіс

    [ 2019 ] 14 қараша, 06:14  |  Жаңалықтар

    Карт Каспий – бес елдің басын түйістірген, саяси­-экономикалық тұрғыдан аса зор маңызға ие тұйық су алабы. Былтыр Ақтау төрінде өткен Каспий маңы елдерінің 5-­саммитінде теңіздің құқықтық мәртебесі туралы арнайы конвенция қабылданған еді. Бұл құжат көк айдынның әлеуеті зор стратегиялық аймақ ретіндегі маңызын арттыра түскендей. Бұдан бөлек Каспий маңы мемлекеттері Мәскеуде Тегеран конвенциясы шеңберінде Каспий теңізіндегі қоршаған ортаны бағалау туралы хаттамаға қол қойған еді. Осыған сәйкес теңіздің экожүйесін қорғау, теңдесіз жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау, ластануының алдын алу бойынша әр алуан жобалар іске аса бастады. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Маңғыстау облыстық әкімдігі және «Су бастамалары орталығы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Каспий теңізі аумағындағы теңіз қоқысы мәселесін шешу» өңірлік жобасы аясында Каспий маңы мемлекеттерінен келген теңіз қоқысы жөніндегі кәнігі мамандар қатысуымен бас қосу ұйымдастырылды. Отырыс барысында Иран, Түрікменстан, Ресей, Әзірбайжан елдерінің экология және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша мамандары Каспий теңізінің ластану деңгейін анықтау, теңіз экожүйесіне залалын тигізетін тұрмыстық және өндірістік қалдықтар­дан арылу жұмыстарын жүйелендіру бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Өз елдерінде іске асып жатырған іс­-шаралар туралы толық мағлұмат беріп, баяндама оқыды. Каспий теңізін қалдықтардан тазарту ісінде бірлесе шешім қабылдаудың маңызы да сөз болды. «Бүгін бес елдің Үкіметімен бекітілген ұлттық эксперттер бас қосты. Халықаралық мамандар арасында теңіз қоқысы мәселесі бойынша қызу пікірталас орын алды. Біз сала үздіктерімен өзара зор тәжірибе алмасып, әр елде құрылған ақпараттық желілердің нәтижелерімен жете таныстық. Қазақстанда Каспий ақпараттық экономикалық орталығы негізінде құрылғалы жатқан виртуальды платформа түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға септеседі. Өкінішке орай осы күнге дейін теңіз қоқысы туралы нақты зерттеулер жүргізілмеген. Сондықтан біз аталған жоба аясында Каспий теңізінің ластануының алдын алу бойынша алдағы уақытта кезең-­кезеңімен іске асатын іс­-шаралар жобасын жасақтауды жоспарлап отырмыз», – дейді отандық эксперт Жанар Маутанова. «Жоба Каспий теңізі алабын әр алуан қоқыс­-қалдықтардан арылту, тазартуға бағытталған. Жекеменшік сектордан бөлінген қаржы көзі негізінде бұрын­-соңды аса назарға ілікпеген мәселені халықаралық деңгейде ортақ талқыға тастап, оны шешу жолдарын қарастыруға ден қойдық. «New world foundation» қоғамдық бірлестігі мен «Coca­ cola» брендінің жобаға қолдау көрсетуде үлесі зор. Әрине, бұл тек бастамасы ғана. Бас қосудың бірінші сессиясында ауқымды мәселенің бір тармағы ғана сөз болды. Яғни халықаралық эксперттер мен бірлестіктерден құралған ортақ пікір алмасу алаңын құру қажеттігіне басымдық берілді. Аталған жоба Тегеран конвенциясы аясында Каспий теңізінің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсізді­гін қамтамасыз ету бойынша бекітілген хаттаманың негізінде іске асуда. Өз басым бұрын Маңғыстау өңірінің экологиялық мәселелері жөнінде халықаралық зерттеулермен жете таныстым. Десек те бүгінгі күнге дейін теңіз суының ластану деңгейін нақты бағамдау өте қиын. Себебі су айдынының тазалығын бақылайтын арнайы мониторингтік жүйе жасақталмаған. Бүгінгі бас қосуға теңіз қайраңынан мұнай барлаушы компания өкілдері де атсалысып отыр. Әрине, бәріміз бірлесе теңіз ластануына қатысты мәселелерді жүйелі шешуге жұмыстанамыз деген ойдамын», – дейді бас қосу модераторы, Тегеран конвенциясы уақытша секретариатының кеңесшісі Дэниель Никстоф.

    Голрох ЖЕМЕНЕЙ

    2299
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Өрт сөндірушілерге алғысын білдірді

    Келесі жаңалық

    Мұрын жыраудың мерейтойына арналған конференция өтіп жатыр

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2687

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2667

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4433

      Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығы еріктілерді іздейді

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 09:23
      2476

      2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қосылады

      [ 2019 ] 3 желтоқсан, 10:32
      1970

      Ел шебін күзету-ерекше міндет (ФОТО)

      [ 2017 ] 21 шілде, 06:02
      3153

      Рубрикалар

        МәдениетТүпқарағанБіле жүріңізӘлем жаңалықтарыЖаңалықтарҚұқықАНТИКОРФотоМаңғыстауҚарақия

      Автордың басқа да жазбалары

      «Zhas Project» аясында 285 әлеуметтік жоба іске асырылды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 12:40
      1762

      Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалануға байланысты жиын өтті

      [ 2019 ] 4 желтоқсан, 10:39
      2867

      Аймақтағы үздік журналистер марапатталды

      [ 2019 ] 28 қараша, 09:44
      1747

      Сапалы өнім – табыс көзі

      [ 2019 ] 18 қараша, 09:55
      2103

      Жазасын өтегендер қоғамнан тыс қалмайды

      [ 2019 ] 12 қараша, 05:32
      1666

      Қаланың дамуы қалыпты

      [ 2019 ] 6 қараша, 12:10
      1462

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»