• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 20 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

    Сапалы өнім – табыс көзі

    [ 2019 ] 18 қараша, 09:55  |  Қоғам

    Еліміздегі ауыл шаруашылық саласы – экономикалық өрлеудің өзекті факторларының бірі. Сол себепті ауқымы кең мемлекеттік бағдарламалардың басым бөлігі агроөнеркәсіп кешенін өркендетуді көздейді. Соның ішінде ауыл шаруашылық саласында жаңғыртулар мен жаңаруларға жол ашу, аграрлы өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы субъектілерінің қызметіне әр кез қолдау таныту да назардан тыс қалған емес. Маңғыстау өңірінде ауыл шаруашылығы саласының бүгінгі ахуалы мен болашақ бедері жөнінде облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Ізімтаевпен сұхбаттасудың реті түсті. - Бақтыбай Нахуұлы, облыстағы ауыл шаруа­шылық саласының даму үрдісі қандай? Былтырмен салыстыр­ғанда биыл қандай ілгерілеу бар? – Әрине, ауыл шаруашылығы саласы күрмеуі көп күрделі сала екендігі мәлім. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары Маңғыстау өңірінде ауыл шаруашылығындағы өсім тұралап қалды. Бұған басты себеп халық­тың басым бөлігі мұнай-­газ өндірісіне бет бұрып, «қара алтын» игеру ісін құп көрді. Шаруашылықпен айналысуға құлық таны­та қойған жоқ. Содан біраз жылдары аталған сала кенже қалып қойды. Шүкір, қазір ауыл шаруашылығында алға басу үрдісі байқалады. Елдің ауыл шаруашылығы өндірісіне көзқарасы түбегейлі өзгеріп, оң нәтиже беріп келеді. Ауылдық елді мекен­дерде еңбек етіп, еселі табысқа кенеліп жүргендер қатары арта түсуде. Бұл, әрине, бізді қуантады. Біздің облыс аумағында нақты көлем индексі бойынша қалыпты деңгейін ұстап келе жатырған бірнеше сала бар. Соның бірі – осы ауыл шаруашылық саласы. Статистикалық мәліметтерге назар салсақ, 2019 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 13,5 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,1 пайызға теңесті. Бұндай көрсеткіш – біз үшін көңіл тояттарлық деңгей. Алдағы жоспарға сәйкес жыл соңына дейін жалпы шығарылым деңгейін 17,7 млрд. теңгеге дейін жеткізу көзделген. Әрине, бұның бә­рі– уақыт еншісінде. – Маңғыстауда мал шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіледі? – Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемінің басым үлесін мал шаруашылығы құрайды. Климаты қатқыл, қысы ызғарлы суық, жазы аңызақ аптап, жер үсті ағынды сулары жоқ Маңғыстау өңірінің мал шаруа­шылығы саласының дамуы ауа райына, климат құбылуына тікелей байланысты. Бүгінгі таңда облыс аумағында мал шаруашылығымен айналысатын 1 444 шаруа қожалығы тіркелген. Оның ішінде асыл тұқымды мал өсірумен 31 субъекті айналы­сады. Оның – 7­-еуі қой, 17-­сі жылқы, 5-­еуі түйе, 13-­і ірі қара мал өсіруге бейімделген. Мал санына келсек, биыл қой мен ешкі 411 084 бас болып, былтырға қарағанда 1,5 пайыздық өсім көрсетті. Ірі қара малы 20 707 бас құрап, 4 пайызға артып отыр. Ал жылқы 76 602 бас болып, 1,1 пайызға, түйе түлігі 69 613 бас болып 11,2 пайызға жетіп тұр. Биыл жалпы облыс аумағындағы мал саны 578 066 басты құрап, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,4 пайызға өсіп отыр. Әрине, өсім деңгейі аса жоғары болмағанымен, қалыпты жағдайды сақтап отырмыз. Мал басының көбеюі, мал тұқымын асылдандыру мемлекет қолдауына тікелей байланысты. Себебі мемлекет көмегінсіз мал шаруашылығы өздігінен өркен жаюы өте қиын. Егер қолдау зор болса, төрт түлікті күтіп­-баптап, көбейтумен несібесін тауып отырған жеке қожылақтар да мал ба­сын асылдандыруға аса ден қойып, белсен­ділік танытары анық. Кей малшылар асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын патен­тін алып тастап, қарапайым шаруашылық есебінде өз кәсібін жүргізе береді. Себебі асыл тұқымды мал мәртебесі белгілі бір талаптар мен қағидаларға сәйкес беріледі. Бірқатар іс-­құжаттар жасақталады, мәселен асыл тұқымдық куәлік алу, зоотехникалық және ветеринарлық нормативтерге сәйкес­ тігін анықтау, Ұлттық кәсіпкерлер палата­сына тіркелу, малды бонитировкалаудан өткізу, яғни кешенді бағалау, оны өлшем шарттарына сәйкестендіру, сонымен қоса белгілі бір мөлшерде қаржы төлеу талап етіледі. Көптеген шаруалар мұндай әбігерге түскісі келмейді. Ал былай қарағанда арна­йы мәртебесіз­-ақ малды асылдандырумен айналысып жатқан адам көп. Бірақ олар заң жүзінде тіркелмегендіктен мемлекет жағынан қандай да бір субсидиялау іске асырылмайды. Сол себепті де жылдағы есептік қорытындыларға сүйеніп, өңірде асыл тұқымды мал басын көбейтуде ілгері­леу жоқ деп біржақты ойлау дұрыс емес. Ауыл шаруашлығына арналған инфра­құрылымды дамыту мақсатында «жайы­лымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету» жобасы аясында құдық қазу, арнайы сорғылар, жел генера­торлары, күн не электронды панелдерді орнату, дөңгелекті вагон сатып  алу секіл­ді техникалық жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығынның 80 пайыздық бөлігі кері қайтарылады. Осы жоба аясында был­тыр 72-­дей құдық қазылса, жыл басынан бері 50 шақты құдық қазылған екен. Құдық қазу ісі жыл соңына дейін жалғаса береді. – Мемлекеттік бағдарламалар да асыл тұқымды сиыр өсіруге басымдық береді. Десек те, Маңғыстау өңірі – өзіндік табиғи ерекшеліктеріне байланысты сиыр өсіруге қолайсыздау аймақ. Осыған қатысты сіздің көзқарасыңыз қандай? – Иә, бұл – халықтың басым бөлігін тол­ғандырып жүрген сауалдың бірі. Респу­блика бойынша мемлекеттік бағдарламалар ірі қара шаруашылығын дамытуға икем­деліп жасақталған. Сиырды селекциялық асылдандыру, қолдан ұрықтандыру, сиыр басын сатып алғанға берілетін субсидия­лар болсын, таяу не алыс шетелден не өз елімізден асыл тұқымды мал басын са­тып алудың өзінде зор қолдау көрсетіледі. Маңғыстау облысының климаты ата-­ба­бамыздан жеткен кәсіп – түйе, жылқы, қой шаруашылығына бейімделген. Рес­публика деңгейінде түйе шаруашылығына қолдау таныту бойынша мәселе көтеріліп, ұсыныстар жолданып жатыр. Түйенің асыл тұқымды аталығына 100 мың-­ақ теңге, сүт-­шұбатына 1 литріне 50­-55 теңге суб­сидия беріледі. Ал сиыр бағыты бойынша бұл көрсеткіш біршама жоғары деңгейде. Десек те, заман талабына сай техноло­гиялар мүмкіндігін өз игілігіне жаратып, Маңғыстауға асыл тұқымды сиырларды әкеліп, жерсіндіріп, мемлекеттен қомақты субсидия алып, өз кәсібін өркендетіп отырған шаруа қожалықтары да бар. Жуыр­ да ғана бір жеке қожалық 150 бастай асыл тұқымды сиырды сатып алып келген еді. Олардың ішінде сиырды бордақылауға қойып жатқандар да жетерлік. Әрине, бұл деректердің бәрі де өңірдің ауыл шаруашылығы дамуының нақты айғағы деуге саяды. Асыл тұқымды сиырларды көбіне көрші Ақтөбе, Орал облыстарынан әкеледі. Шетелден әкелем деушілерге де барлық жағдай қарастырылған. – Өңірдің мал шаруашылығы саласының облыс халқын ет, сүт өнімімен қамтуға қауқары жете ме? – Биылғы мәлімет бойынша сойыс сал­мақта мал мен құстың етке өткізілуі 3700 тоннадай құрап отыр. Бұл былтырмен салыстырғанда тең дәреже, 0,6 пайызға ғана артық. Сүт өнімдерін 5600 тоннадай өндіріп, өнім 1,3 пайызға артып отыр. Сон­дай-­ақ биыл 7 млн. дана жұмыртқа алынған екен. Өзін­-өзі қамту мәселесіне қатысты жеке ойымды білдірсем. Өз басым бұл дүниені екі бағытта, ауыл және қала халқы деп бөліп қараған жөн демекпін. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, былтыр біз облыс тұрғындарын жергілік­ті ет өнімдерімен қамтуда 36 пайыздық деңгейге жетіппіз. Алайда ауыл халқы өзін­-өзі ет, сүт өнімдерімен 50 пайыздан аса деңгейде қамтып отыр. Себебі мәліметтерді жинақтау барысында мамандар ауылдың барлық үйіне бас сұқпайды. Бес үй бо­йынша деректер жинақталып, нәтижесінде методикалық есеп шығарылады. Бәріміз де ауылда өсіп, өмір сүрдік. Сол себепті біздің ауылдар өзін-­өзі табиғи таза ет әрі сүт­ пен қамтамасыз етіп отыр деп нобайлауға толықтай негіз бар. Соның ішінде 60­-70 пайыз түйе етімен қамтып отыр. Әр отбасы – шағын мемлекет. Үкімет тарапынан кәсіпкерлікті өрістетуге барын­ша жағдай туып отыр. Сол үшін, әсіресе ауыл халқы мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланғаны жөн. Іскер, еңбек­қор азаматтар ауыл шаруашылығына бет бұрып, жанұясын және халықты жергілікті өніммен қамтамасыз етуге еңбек етсе, құба­-құп демекпін. – Осы тұста мал шаруашылығы саласында жүзеге асып жатырған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңірек мағлұмат беріп өтсеңіз? - Биылғы жылдың 1­-жартыжылды­ғында «Етті мал шаруашылығын дамы­тудың 2017–2027 жылдарға арналған бағ­дарламасы» аясында «Сыбаға» салалық жобасын іске асыру көзделген еді. Осыған орай облыс бойынша шаруа қожалықтары 10 000 аналық ұсақ мүйізді қара мал басын сатып алуды жоспарлады. Қазіргі таңда бұл жоспар жүз пайызға жуық орындалды. Сондай-­ақ «ҚР Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамы­тудың     2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» ая­сында шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында былтыр 318 адамға 1 млрд. 244 млн. теңге көлемінде несие берілді. Биыл  республикалық бюджет­тен дәл сондай сома және қосымша 285 млн. теңге бөлініп, несие беру іске асты. Жыл соңына дейін бөлінген қаражатты жүз пайызға игеру жоспарланған. Соны­мен қоса «Бизнес бастау» жобасы бойын­ша биыл республикалық бюджет есебінен 1775 адамға оқу жоспары бекітілді. Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бұл бағдарламаның игілігін көргендер өте көп. Бүгінгі таңда оқытылған 1139 адамның ішінде 212 адам жалпы сомасы 923 млн. теңге көлемінде жоба қаржыландырылды. Бұл – халыққа берілген үлкен жеңілдік, маңдайына біткен бақ дер едім. Әсіресе ауыл халқына бағытталған жатқан үлкен мүмкіндік. Мемлекеттік бағдарламалар игілігін көру арқылы ауқымды жобаларды жүзе­ге асыруды көздеп отырған кәсіпкерлер бар. Соның ішінде құс зауытын іске қосу нәтижесінде облыс халқын толықтай құс етімен қамту жобасы қолға алынуда. Сондай-­ақ инвестициялық қаражат не­гізінде жұмыртқа өндіру бағытында құс зауытын құруға ниет танытып жүргендер бар. – Бақтыбай Нахуұлы, ендігі кезекте егін шаруашылығы саласының даму деңгейі жөнінде әңгімелесеңіз? - Қазіргі таңда статистикалық мәлі­меттерге сүйенсек, облыс аумағында егін шаруашылығы саласында 161 шаруа қо­жалығы бар. Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігі өзара бекіткен «Ауыл шаруашылығы да­қылдарының егіс алқаптарының құры­лымын әр тараптандыру мәселесі туралы» меморандумға сәйкес биыл Маңғыстау облысында 1200 гектарға ауыл шаруашы­лығы дақылдарын өсіру жоспарланған еді. Егістік алқаптарының 2264 гектарға электронды картасы жасақталынғанымен статистикалық мәлімет бойынша егіл­ген егіс көлемі бар болғаны 870 гектар­ды құраған. Оның ішінде көкөністер 339 гектарды, ал бақша өнімдері 526 гектар­ды құрайды. Қалған 5 гектар – жем­-шөп дақылдары. Жоғарыда атап өткендей табиғаты қатаң Маңғыстауда егін шаруашылығын дамыту әрі азық­-түлік қауіпсіздігі бағдарлама­сын жүзеге асырудың тиімді тетігі ретін­де жылыжай кәсібін өркендету бағытына айрықша көңіл бөлу қажет. Жыл он екі ай жергілікті халықтың көкөніске қол­ жетімділігін қамтамасыз ету үшін де жылыжай жұмысын жандандыру өте маңызды. Бүгінгі таңда жылыжай шаруа­шылығын өркендетуге ынталы кәсіпкерлер қатары артуда. Мемлекет тарапынан жылы­жай шаруашылығын арнайы субсидиялау көлемі бекітілген. Жылыжайды салу және жабдықтауға кеткен шығынның 25 пайызын өтеу секілді жеңілдіктер қарастырылған. – Облыста агроиндустриалды аймақтарды құру бағытында қандай істер атқарылуда? – Облыс аумағында агроиндустриалды аймақты дамытуға жалпы аумағы 773 гек­тар жер көлемі белгіленген. Соның ішін­де 58 гектар жердің жобалық­-сметалық құжаттамасы жасақталған. Маңғыстау облысы бойынша барлық аудандар агро­аймаққа арналған жер бар. Алдағы уақытта инвесторлық қаржы құйылып, инженерлік­ инфрақұрылымдық желілер тарту толық­тай жүзеге асса құба­-құп. Қазіргі таңда ирандық инвесторлар зерделеу жұмыста­рын жүргізуде. – Ал өңірдегі балық шаруашылығын дамыту жайы қалай? Балық шаруашылығы біздің өңірдің бас­ты кәсібінің бірі болған. Кейін бұл сала да тұралап қалған еді. Маңғыстау облысының балық шаруашылығын дамытуға әлеуеті өте зор. Бүгінгі таңда кәсіпкерлер балықты қолдан өсіруге де жан­-жақты мүмкіндік бар екендігін дәлелдеп келеді. Мәселен, Ақшұқыр елді мекеніндегі «ҚазақОсетр» мен «Каспиан Ривьера» қонақ үйіндегі «Caspian Royal Fish» бекіре балығын өсіру фермасы секілді бассейндік балық өсіру шаруашылығы осының айқын үлгісі дер едім. Алдағы уақытта теңіздегі балықты ау­лап, өндіруші өнеркәсіпті дамытуға, инвес­торлық тартымдылықты арттыруға күш салу қажет.

    Голрох ЖЕМЕНЕЙ

    2056
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам сұхбат маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    БАӘ Дубай-Ақтау бағыты бойынша тұрақты авиарейстерді қосуды жоспарлап отыр

    Келесі жаңалық

    Ақтау қаласының әкімі қоғамдық қабылдау өткізеді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Н. ЖАРЫЛҒАПОВ, әлем чемпионы: Дзюдода олжа салғым келеді

      [ 2022 ] 27 желтоқсан, 10:50
      842

      Заң үстемдігі – Ел мәртебесі

      [ 2022 ] 6 қазан, 18:31
      1065

      Батырбек Естаулетов: Вьетнам, Иран, Тайланд спортшылары – басты қарсыластарымыз

      [ 2021 ] 18 наурыз, 09:33
      2037

      Бекзат Нұрдәулетов: Токиода топ жарып, елімді қуантсам деймін

      [ 2021 ] 9 наурыз, 10:39
      1599

      Үлескер болу үшін...

      [ 2021 ] 1 қаңтар, 10:30
      1412

      Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

      [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
      1845

      Рубрикалар

        СаясатҚоғамҚазақстан жаңалықтарыДенсаулықАудан тынысыРедакция газеттеріАнықтама бюросыӘлем жаңалықтары

      Автордың басқа да жазбалары

      «Zhas Project» аясында 285 әлеуметтік жоба іске асырылды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 12:40
      1714

      Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалануға байланысты жиын өтті

      [ 2019 ] 4 желтоқсан, 10:39
      2819

      Аймақтағы үздік журналистер марапатталды

      [ 2019 ] 28 қараша, 09:44
      1693

      Теңіз қоқысы тазартылуы тиіс

      [ 2019 ] 14 қараша, 06:14
      2236

      Жазасын өтегендер қоғамнан тыс қалмайды

      [ 2019 ] 12 қараша, 05:32
      1614

      Қаланың дамуы қалыпты

      [ 2019 ] 6 қараша, 12:10
      1414

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»