• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 11 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

    Заң үстемдігі – Ел мәртебесі

    [ 2022 ] 6 қазан, 18:31  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Руфат Құттықов Жамбыл облысында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған. Кейіннен облыс прокуратурасында басқарма прокуроры, аға прокурор, басқарма бастығы қызметтерін атқарды. Әр жылдары Ақтөбе облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының прокуратурасына және Атырау қаласының прокуратурасына басшылық етті. 2018-2020 жылдары Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары болды. 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Өтініштермен жұмыс және іс жүргізу департаментін басқарды. Биылғы жылдың 27 шілдесінде Маңғыстау облысы прокуроры болып тағайындалды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында егемен еліміздің саяси жаңғыруы мен қарыштап дамуының басты кепілі – қоғамдық тәртіпті сақтау мен заң үстемдігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Барлық саладағы тың реформаларға негізделген демократиялық жаңа Қазақстан құру бағытын халыққа ұсынды. Бұл ретте құзырлы органдарға жүктелер міндет те арта түспек. Осы орайда Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне жуырда тағайындалған Руфат Құттықовпен бүгінгі таңдағы өзекті тақы­рып­тар бойынша сұхбаттасқан едік.

    – Руфат Бауыржанұлы, түрлі құқық қорғау органдарында абыройлы қызмет істеп, қабілетті кәсіби заңгер, білікті басшы атандыңыз. Көршілес Атырау, Ақтөбе облыстарында, Жоғарғы Прокуратура органдарындағы мол жұмыс тәжірибеңіз бұл аймақта да нәтижелі болады деп ойлаймыз. Әуелі үш жүз алпыс әулиелі қасиетті мекен жайлы ой-пікіріңізбен бөліссеңіз...

    – Еліміздің қай аймағында жүрсем де аянбай ақ адал еңбек етіп, бар күш-жігерімді заң мәртебесінің биік болуына жұмсап келемін. Әрине, мен үшін қазақтың шалқар даласының барлық жері бірдей қастерлі. Ал маңғаз Маңғыстау мекені – ашық аспан астындағы мұражай, көне дәуірлерден сыр шертетін сандаған тарихи ескерткіштер мен «Жібек жолының» тармақтары саналатын ерекше өлке.

    Бүкіл республикамыз бойынша алып қарағанда төрт мемлекетпен шекаралас – осы Маңғыстау аумағы. Сол себептен де бұл өңірдің өзіндік ерекшеліктері баршылық, атап айтар болсақ, экологиялық ахуал, еңбек даулары, көші-қон ағынының ұлғаюы және т.б.

    Осы негізде бұл шаруаларды шешуге, күрмеулі мәселелердің түйінін тарқатуға өз үлесімді қосуға дайынмын және сол үшін қызмет етудемін, құзырлы органдарға және қала, аудан прокурорларына тиісті тапсырмалар беріліп, осы бағытта жұмыстар атқарылып келеді.

    – Бүгінгі таңда егемен еліміздің ұстанып отырған басты қағидасы – жаңарған әрі демократиялық жаңа Қазақстан құру. Жуырда жарық көрген Жолдауында Президент Қ.Тоқаев елдің саяси жаңғыруы мен дамуының басты кепілі заң үстемдігін қамтамасыз ету екендігін баса көрсетті. БҰҰ Бас ассамблеясының 77-сессиясының жалпы дебатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заң мен тәртіп қоғамымыздың негізі болатынын айтқан еді. Президент өз сөзінде «Қазақстан Президенті ретіндегі ұстанымым – әрбір әзамат тең мүмкіндіктерге ие әрі құқығы қорғалған әділетті Қазақстанды құру. Менің елімде әділдік салтанат құруы керек. Заң мен тәртіп қоғамымыздың негізі болады. Бұл жолдың ең маңызды бөлігі – трансформациялық саяси реформалар. Алдағы айларда Қазақстанда президент және парламент сайлауы өтеді. Мен Президент өкілеттігін жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсындым. Бұл – Қазақстанда демократияны дамытудағы нағыз серпіліс. Осы ретте «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» деген менің формуламды қатаң ұстанамыз. Бұл формула Қазақстанның ұлттық мүдделеріне толық сәйкес келетініне сенімдімін», – деді. Бұл ретте құқық қорғау органдарына жүктелетін міндет аса ауқымды болары анық. Осы орайда сіздің пікіріңізді білсек.

    – Иә, биыл елімізде бірқатар тағдыршешті өзгерістер болып жатқанына бәріміз де куәміз. Мемлекет басшысы әлемдік геосаяси ахуалдың, экономикалық дағдарыстың салдарын жеңілдету, қоғамдық-саяси институттардың даму үдерісін жалғастыру мақсатында бірқатар маңызды идеялар ұсынды.

    Жолдауда айтылғандай, біз заң мен тәртіпке аса мән беруіміз қажет, осы бағытта жұмыс атқарудамыз, халықтың сенімін ақтау керек, нақты нәтижелер көрсетуіміз қажет.

    Біріншіден, мен осы лауазымға келгеннен кейін жеке және заңды тұлғалар арасында жеке қабылдау жүргізіп, жергілікті ақсақалдармен кездесіп, қоғамдық-саяси, қылмыстық ахуалды, халықтың әл-аухатын білу үшін облысымыздың аудандарына іс-сапармен бардым.

    Алға қойған жоспар көп, ең бірінші азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, кәсіпкерлердің жүйелі мәселелерін шешу, медициналық, экология саласында кездесетін заңдылықты бұзушылықтарды жою, пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекетке қайтару бағытында жұмыстар жалғасын табатын болады.

    Мемлекет басшысының назарынан автокөлік жолдарының жағдайы да тыс қалған жоқ. Бүгінде прокуратура органдары бұл салада кешенді тексерістер жүргізіп жатыр.

    «Жаңа Қазақстан – әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам» Жолдауындағы талап осындай, істеп жатқан жұмысымызды халыққа жеткізуіміз керек, ашықпыз, сол бағытта жұмыс жүргіземіз. Жеке өзім аптасына бір рет сейсенбі күні облыс прокуратурасында қабылдау жүргіземін. Халықпен тығыз байланыс жасауға әрқашанда дайынбыз.

    – «Заңды білмеу қылмыстық жазадан құтқармайды» деген сөз бар. Бұл ретте аймағымызда құқықтық білім беру мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруда қандай жанды жұмыстар жүргізіліп жатыр?

    – Көп жағдайда азаматтар арасындағы келеңсіздіктер мен құқық бұзушылықтар құқықтық сауаттылықтың болмауынан туындайды. Алайда бұл заң алдындағы жауапкершіліктен босатады деген сөз емес.
    Мысалы, кез келген азамат әлеуметтік желі арқылы қоғамдық тәртіпті бұзатын көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заң алдында жауапты болады, кейде тәжірибеде осы әрекетіне қатысты бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылып жатады.

    Сондықтан құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін облыстық прокуратураның қызметкерлерімен жүйелі түрде білім беру ұйымдарында студенттер мен оқитын жастардың арасында әр түрлі тақырыпта семинар сабақтары мен кездесулер өткізіледі.

    Үнемі бұқаралық ақпарат құралдарында аймағымызда орын алған қылмыстардың нәтижесі туралы мақалалар, телеарналарда заңды түсіндіру бойынша қызметкерлермен сұхбаттар беріледі.
    Әрине, тек қана құқық қорғау органдары ғана емес, бүкіл қоғам болып бірлесіп ой-санамызды өзгертуіміз қажет, сол себептен осыны халыққа насихаттап, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу үшін сіздердің де көмектеріңізді күтеміз.

    – Бүгінгі таңда Прокуратура органдарына қандай басты міндеттер жүктеліп отыр?

    – Жоғарыда айтып өткеніміздей, ең бастысы прокурорлар Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз етуі, азаматтардың құқықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен көзделген мүдделерін қорғауы қажет.

    Мемлекет басшысының 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында заңдылықты арттыру және құқық қорғау қызметін жүйелі түрде күшейту үшін прокуратура туралы жеке Конституциялық заң қабылдау талап етілетіні атап өтілді.

    Осы орайда 2022 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын екінші оқылымда қолдады.

    Жаңа конституциялық заң жобасында қадағалау тетіктері нығайтылады, олар құқықтық қатынастарға қатысушылардың барлығының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін тиімді сақтауына әсер етеді.

    Прокуратура органдарының құқық қорғау әлеуетін күшейтуге оның қарауына жататын өтініштер санаттарының тізбесін нақтылау жөніндегі прокуратураның құзыретін заңнамалық деңгейде бекіту, заңдылықты сақтау жөніндегі тексерулерді, сондай-ақ прокурорлық қадағалаудың өзге де құралдарын тағайындау тәртібін қайта қарау ықпал ететін болады.

    2022 жылғы конституциялық реформаны іске асыруда Бас Прокурордың нормативтік құқықтық актілердің, ратификацияланғанға дейін халықаралық шарттардың конституциялылығын тексеру мәселелері, сондай-ақ Конституцияны ресми түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш жасау өкілеттігі көзделеді.

    Жобада прокуратураның бүкіл жүйесі көрсетілген, прокурорлардың өкілеттіктері жеке баппен жүйеленген.

    Сондай-ақ заң жобасында прокуратура органдары ведомствосының, Құқық қорғау органдары академиясының, әскери және көлік прокуратурасы органдарының қызметіне қатысты ережелер қамтылған.

    Конституциялық заң жобасы тұтастай алғанда елдегі заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі конституциялық міндетті шешуге бағытталған.

    – Облыс орталығындағы заңсыз салынған құрылыстар мен нысандар тұрғындардың наразылығын тудырып келеді. Бұған қатысты қандай шара қолданылады?

    – Облыс орталығында сәулет және қала құрылысы регламенттерінің сақталуы тұрғындар үшін әрқашан көкейтесті мәселе екені рас. Прокуратура бұл бағытта тұрақты түрде талдау жұмыстарын жүргізіп келеді.

    Мәселен, осы жылдың маусым айында прокурорлық қадағалау актісі негізінде 34 құрылыс мекемесіне 27 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Сегіз құрылыс салушыға қатысты уәкілетті орган арқылы әкімшілік материалдар сотқа жолданып, құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Нәтижесінде кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

    Мәселенің өзектілігіне байланысты бұл бағыттағы заңдылықтың сақталуына тексеріс жүргізу жоспарланып отыр. Нәтижелерін жұртшылықтың назарына ұсынатын боламыз.

    – Өңірдегі өндірістік кәсіпорындарда қандай заң бұзушылықтар, жалпы қандай қылмыстар тіркеліп отыр?

    – Өндірістік нысандардағы еңбек заңнамасына қатысты келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында тиісті талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар қала және аудан прокурорларына еңбек ұжымдарында жеке кездесулер өткізуді тапсырдық.

    Бүгінде еңбек саласындағы заң бұзушылықтарды болдырмау бағытында тәуекелдерді басқару жүйесін (СУР) кеңінен пайдалану мәселесін көтерудеміз. Себебі Еңбек инспекциясы тарапынан жүргізілетін тексеріс шараларының 80%-ын арыз-шағымдар, яғни жоспардан тыс негіздер құрап отыр.

    Статистикалық мәліметке сәйкес биылғы жылдың 8 айында еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісіне байланысты 19 қылмыс тіркелген. Аталған санаттағы қылмыстар былтырғы жылмен салыстырғанда 18%-ға өскен. Қазіргі таңда аумағымыздағы ауыр қылмыстардың саны 29%, яғни 725-тен 940-қа өсіп отыр.Керісінше аса ауыр қылмыстар саны 11%, яғни 45-тен 45-ке төмендеген.

    Ауыр қылмыстардың ішінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, зорлау, тонау қылмыстары тіркелді.

    Өңірімізде осы жылы алаяқтық 27%-ға өскен, 900-ден аса жәбірленушіге 3,9 млрд. теңге шығын келтірілген. Бүгінде бұл шығындардың 60 млн. теңгесі өндірілді.

    Алаяқтықтың ең көп тараған түрлері бұл:

    - интернет желісі арқылы сатып алу, сату немесе ақшаны еселеп көбейтуге сендіріп, белгісіз есеп шоттарға ақша аударту;

    - өзін банк немесе құқық қорғау қызметкерлері ретінде таныстыру арқылы жеке деректерді иемдену;

    - арзан бағаға үй алып беру;

    - мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектер алып беремін деп сыйақы талап ету;

    - несие, автонесие рәсімдеу.

    Облыс прокуратурасымен аталған санаттағы қылмыстардың алдын алуға бағытталған бірқатар шаралар – профилактикалық бейнероликтер әлеуметтік желілерге таратылды. Ақтау қаласының аумағындағы 13 LED экрандарда профилактикалық сипаттағы бейнероликтер көрсетіліп жатыр.

    Сонымен қатар облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасымен бірлескен іс-шаралар жоспарланып отыр, оның ішінде тұрғындарға қосымша-құқықтық сипаттағы СМС-хабарламалар жіберілетін болады.

    – «Қошқар ата» улы көлінің залалы жөнінде ондаған жылдар бойы айтылып та, жазылып та келеді. Бұл республикада онкологиялық, жүрек қан тамырлары, аллергия, анемия сияқты, тағы басқа көптеген күрделі аурулар бойынша Маңғыстау өңірінің алдыңғы лекте болуына себепші болып отыр. Жылдар бойы жауыр болған осы мәселені жылы жауып қоймай, залалын жою – кезек күттірмейтін мәселе. Бұл мәселе қадағалауда ма?

    – Иә, өңір тұрғындарын мазалайтын мәселелердің қатарында «Қошқар ата» улы көлі көш бастап тұр. Оның аумағында шамамен 370 мыңға жуық адам өмір сүреді.

    Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бұл мәселеге баса назар аударылып, республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп жатыр. Мәселен, 2021 жылы 1 млрд, 2022 жылы 3 млрд. теңге қарастырылды.2021 жылы мемлекеттік сатып алу тәртібімен мердігер анықталып, қайта құрылымдау жұмыстары басталып кетті.

    Әлбетте, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты түрде, ашық әрі тиімді игерілуін біз қатаң бақылауда ұстаймыз.

    – Жаңаөзендегі және басқа мұнай компанияларындағы, жуырдағы жедел жәрдем стансасындағы т.б. жалақы көтеру жөніндегі ереуілдер мен толқулар заңды шешімін тапты ма?

    – Қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мүдделі органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылданып жатыр. Мұнай-газ секторы, сондай-ақ коммуналдық сектор қызметкерлерінің ереуілдері өңірдегі әлеуметтік жағдайдың күрделену қаупінің сақталып отырғанын айғақтайды. Жыл басынан бері бірқатар еңбек ұжымдарында наразылықтар болғаны белгілі.

    Аталған жағдайлардың барлығы заң аясында қабылданған шешімдер, келіссөздер негізінде өз шешімін тапты. Осы ретте біз мүдделі органдармен бірлесіп, еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның қарауына сын-ескертпелер енгізе отырып, проблемалық кәсіпорындарды мониторингілеу бойынша жұмысты жандандырдық.

    Аталған жұмыстың нәтижесінде бірқатар еңбек даулары шешіліп, оның қорытындысы бойынша еңбек дауларын құқық аясында шешу туралы тапсырмалар, ұсыныстар берілді.Бүгінде прокурорлық қадағалау азаматтардың проблемалық мәселелерінің алдын алуға бағытталып отыр.

    Атап айтқанда, Маңғыстау ауданында карьерлердің қызметіне кешенді тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар өрескел заң бұзушылықтар анықталды.

    Бастапқыда тексерісті тағайындау үшін жергілікті халық арасында тыныс алу жолдары ауруларының көбеюі фактілері негіз болған.Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.

    – Бүгінгі таңда көршілес республикалардан Маңғыстау өңіріне қандастар жөңкіле келіп жатыр. Оларды еліміздің солтүстік аймақтарына жіберу, жұмыссыздарды жұмысқа орналастырылу мәселесі қалай шешімін таппақ?

    – Мемлекет басшысы осы жылдың шілде айында халықты көшіру бағдарламасын қайта қарауды тапсырып, қандастарды Маңғыстаудан басқа өңірлерге қоныстандыруды ұсынды. Осы тапсырма аясында бүгінде қандастардың басым бөлігі белгіленген квотаға сәйкес еліміздің солтүстік, шығыс аймақтарына жіберіліп жатыр.

    Мысалы, соңғы 2 айда Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарына 181 қандасымыз қоныс аударды.

    Әкімдік жанынан құрылған комиссия шешімімен отбасы мүшелерімен бірігуі және мүгедектік, жалғыз басты, егде тартқан 73 қандасымыз Маңғыстау облысында қалуға мүмкіндік алды. Бірақ бұл жекелеген жағдайлар ғана. Негізінен өңірдің ресурстарының, инфрақұрылымның шектеулі екенін ескерсек, келіп жатқан қандастар визаларында көрсетілген өңірге барып қоныстануы қажет.

    Бұл бағытта жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдармен тиісті жұмыс атқарылып жатыр.

    – Тұшымды сұхбатыңыз үшін рақмет.

    Әңгімелескен Жайық НАҒЫМАШ

    1120
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Маңғыстау жаңалықтары Қоғам Құқық Сұхбат
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Деструктивті діни ағымдағылар Ақтау тұрғынынан 8 миллион теңге бопсалаған

    Келесі жаңалық

    Маңғыстауда жыл басынан бері 4 мың адам жұмысқа орналасқан

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Заң үстемдігі – Ел мәртебесі

      [ 2022 ] 6 қазан, 18:31
      1121

      Лариса Шамғонова: «Біз баланы соттау үшін емес, - қоғамға бейімдеу мақсатында жұмыс істейміз»

      [ 2018 ] 29 мамыр, 05:25
      1223

      Банктен заңсыз ұсталған комиссиялар қайтарылуда

      [ 2018 ] 22 ақпан, 11:27
      5373

      Медиатор Мадина АҚМҰРЗАЕВА: «Жанжалды жария қылмауды үйренсек екен»

      [ 2017 ] 31 шілде, 07:47
      1197

      Нашақорлық – қасірет кілті

      [ 2019 ] 8 сәуір, 06:26
      2644

      "Қоғамның бүгінгі бас ауруы - ұрлық"

      [ 2018 ] 20 маусым, 07:45
      1442

      Рубрикалар

        ЭкономикаБейнеуСпортҚызық дерекҚұқықӘлем жаңалықтарыРедакция ұжымыРухани жаңғыруСұхбатҚазақстан жаңалықтары

      Автордың басқа да жазбалары

      Франция Ақтау теңіз портының инфрақұрылымына инвестиция салу нұсқаларын қарастырып жатыр

      6 қараша, 10:04
      315

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      1913

      Маңғыстаудағы ірі мұнай компаниялары жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға келісті

      4 қараша, 09:51
      412

      Туған өлке тарихын толғаған

      31 қазан, 17:51
      840

      Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды

      31 қазан, 11:45
      644

      Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады

      31 қазан, 10:11
      657

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»