• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 14 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

  • USD: 479.44 ₸
  • EUR: 523.69 ₸
  • RUB: 5.22 ₸

Медиатор Мадина АҚМҰРЗАЕВА: «Жанжалды жария қылмауды үйренсек екен»

[ 2017 ] 31 шілде, 07:47  |  Қоғам

Қазіргі таңда меншік түрлерінің көбеюі мен нарықтық қатынастардың орнауынан жеке тұлғалар арасында кикілжің де көбейді. Қарапайым дүкендегі ұрыс, отбасылық мәселелер, жер даулары секілді ұсақ-түйек істермен ел сотқа жүгініп жатыр. Еліміздің кей облыстарында сотқа түскен істердің 35%-ын ұсақ-түйек даулар құраған. Осындай дауларды сотқа жеткізбей-ақ, тараптарды татуластыруды көздеген медиатор мамандар біздің қаламызда да жоқ емес. Солардың бірі Мадина Сидназарқызы Ақмұрзаевамен сұхбаттасып, аталған саланың «асханасынан» біраз ақпар алдық.

- «Заң мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді зауыты» деген еді белгілі жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза. Дауды реттеу барысында медиация туралы қандай заңға жүгінесіздер?

- Уақыт талабына, заман сұранасына қарай медиация туралы Заң қабылдау қажеттілігі туып, бұл мәселе шешімін күтіп жатқан еді. ҚР «Медиация туралы» заңы 28.01.2011 жылы қабылданып, заң талаптарына сәйкес қолданысқа енгізілді. Ал, 2013 жылдың 20 қарашасында Елбасының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасының судьяларының 6-съезінде құқық және заң саласындағы өзекті сұрақтар көтерілген болатын. Аталған съезде еліміздің әр аймақтарындағы судьяларға іс жүргізу барысындағы жүктеменің көп екендігі айтылды. Ал, бұл мәселенің оңтайлы шешімі - медиация рәсімі арқылы талаптар арасындағы дауды шешу екені белгілі. Құқығы бұзылса болды, сотқа жүгіну арқылы қорғану деген көзқарас ескірген деп түсінуіміз қажет. Келіспеушілік туған тараппен келіссөзге келместен, тікелей сотқа жүгінудің орнына кәсіби медиаторлардың құқықтық көмегіне жүгіну арқылы дауларды шешуге болады. ҚР «Медиация туралы» Заңының 3 бабының талаптарына сәйкес медиацияның мақсаттары мыналар болып табылады: 1) дауды (даушарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, 2) тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету. Осы Заңның 4 бабының талаптарына сәйкес медиация еріктілік, тараптардың тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, рәсімге араласуға жол бермеушілік және құпиялылық қағидаттары негізінде жүргізіледі.

- Қазірга таңда қызметтің қай саласында болмасын дамыған елдерге қарап бой түзеу әдетке айналды. Әлемдік экономиканың алпауыттары мен державаларда аталған сала қаншалықты дамыған? Еліміздегі медиация тәжірибесімен салыстармалы түрде көрсеткіштерге тоқталсаңыз...

- БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы медиация туралы заңның үлгісін әзірлеген болатын. Мәселен, АҚШ-та экономика, саясат, бизнес саласында медиаторсыз бірде-бір маңызды келіссөз жүргізілмейді. Құрама Штаттарда сот талқылауына жетпей шешілетін даулардың көрсеткіші 95%-ды құраса, Словенияда 35%, ал Ұлыбританияда 87%. Соңғы айтылған елде медиация әдісі өте кең тараған. Тіпті, медиаторға байланыс желісі арқылы кез келген жерден қоңырау соғып, жанжалды сипаттап, өздерінің талаптарын білдіре алады. Германияда бітімгерлер тікелей соттардың жанында жұмыс істейді. Бүгінде бұл мемлекеттерде медиация азаматтық істерді ғана емес, әкімшілік істер бойынша да қолданылады.

- Оқырман қауымға медиация ұғымын терминология не заң саласынан емес, шы- найы өмірде орын алған тәжірибеңіздегі мысалдармен бөліссеңіз...

- Өз тарапымнан келген екі тарапқа да психологиялық тұрғыдан ақыл-кеңестер бере отырып, отбасын сақтап қалу маңызды екенін айтып және де мейілінше бір- біріне түсіністік танытып, кешіріммен қарап, дауларының ушығып кетпей, екі тараптың да татуласқанына ықпал жасаймын. Отбасылық даулардың шығу себептері көбіне отағасының жұмыссыздығы, отбасындағы материалдық жетіспеушіліктер мен ішімдікке салыну салдарынан болып жатады. Сондай дау-шаралардың маған келіп, оң шешімін тауып кеткен істерден мысал келтіре кетсем. А. деген азаматша жолдасы Н.деген азаматтың үстінен үйіне ішіп келіп ұрыс-керіс туғызғаны және боқтап-балағаттағаны үшін арызданған. Алайда, ерлі-зайыптылар маған келіп, ақыл-кеңес алып, нәтижесінде бір-бірімен бітімгерлікке келіп, бір-бірін кешіріп, оң шешімін тауып татуласты. Сондай жағдайлардың бірі қайынатасы мен келіні арасында да орын алды. Атап айтқанда, келіні А. деген азаматша қайынатасы Қ. деген азаматтың үстінен үйіне мас күйінде келіп, дау-жанжал шығарып, боқтап-балағаттағанына байланысты арызданған. Алайда сол дау- шараларын шешу үшін менің қызметіме жүгініп, берген кеңесімді дұрыс қабылдап, атасы мен келіні бір-бірін кешіріп, бітімгерлікке келіп, татуласқан. Маған келетін дау-шаралардың көпшілігі осы сынды отбасылық даулар, ұрыс, қарыз ақша өндіру, жер дауы мен жол-көлік оқиғасы салдарынан туындаған даулар. 2013 жылдан бері кәсіби медиатор тәжірибемдегі дау-шаралардың 80 пайызы оң шешімін тапты деп айта аламын.

- Тұрғындар сіздің қызметіңізге қандай мекен-жайға хабарласу арқылы жүгіне алады?

- Қазіргі уақытта қалалық сот ғимараты ішінде және Ардагерлер үйінің 2-қабатында орналасқан кеңседе жұмыс жасап жатқан жайым бар. Тұрғындар жанжалды жария қылмай, үздіксіз сот процестеріне сабылып, денсаулығына да зиян келтірмей, оңтайлы жолға жүгінсе деген ойым бар.

ТҮЙІН: Медиатор тәжірибесінде көбінесе отбасылық даулар кездесетіні белгілі болды. Ондай жанжалдардың сотта жарияланып, туған бауырлар арасындағы сыйластықтың азайып, салқынқандылықтың үстем болуы жиі орын алатын көрінеді. Мұндайда «Қазақтың Нострадамусы» аталып кеткен Әбілқайыр ханның кеңесшісі Мөңке бидің: «Ішіне шынтақ айналмайтын Ежірей деген ұлың болады, ақыл айтсаң ауырып қалатын Бедірей деген қызың болады, алдыңнан кес-кестеп өтетін Кекірей деген келінің болады» деген толғауы еріксіз еске түседі. Жеті атадан қыз беріспеген қазақтың тектілігінің бір отбасы мүшелерінің бірін-бірі сотқа беруіне жеткені қай оңғаны? Отбасылық мәселеңіз ошақтан асып, шешімі күрметіліп бара жатса, сотқа жүгінбей-ақ, бейбіт жолмен шешілгенге не жетсін?!

Сұхбаттасқан Асқар СӘТМАҒАНБЕТ

1133
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам құқық сұхбат
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Комиссияның кезекті отырысы өтті

Келесі жаңалық

Жанам деген жүрекке от беремін

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Заң үстемдігі – Ел мәртебесі

    [ 2022 ] 6 қазан, 18:31
    1031

    Лариса Шамғонова: «Біз баланы соттау үшін емес, - қоғамға бейімдеу мақсатында жұмыс істейміз»

    [ 2018 ] 29 мамыр, 05:25
    1161

    Банктен заңсыз ұсталған комиссиялар қайтарылуда

    [ 2018 ] 22 ақпан, 11:27
    5306

    Медиатор Мадина АҚМҰРЗАЕВА: «Жанжалды жария қылмауды үйренсек екен»

    [ 2017 ] 31 шілде, 07:47
    1134

    Нашақорлық – қасірет кілті

    [ 2019 ] 8 сәуір, 06:26
    2543

    "Қоғамның бүгінгі бас ауруы - ұрлық"

    [ 2018 ] 20 маусым, 07:45
    1378

    Рубрикалар

      СпортАнықтама бюросыБайқауРедакция ұжымыКомплаенсФотоРедакцияМәселеБайланыс мәліметтеріҚазақстан жаңалықтары

    Автордың басқа да жазбалары

    Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі

    [ 2019 ] 1 қараша, 06:44
    2475

    Қала көркі мен қауіпсіздігі басты мақсат

    [ 2019 ] 27 қыркүйек, 10:08
    1740

    Жаңаөзен қаласында шахмат мектебі ашылды

    [ 2019 ] 7 маусым, 05:35
    1734

    Теңге ауылына - 55 жыл: дайындық қалай жүріп жатыр?

    [ 2019 ] 13 мамыр, 10:06
    2134

    Тоғжанов Жаңаөзендегі медициналық орталықтарды аралады

    [ 2019 ] 1 ақпан, 13:38
    1588

    Жаңаөзендіктер дәстүрлі ат спортынан жеңіспен оралды

    [ 2018 ] 7 желтоқсан, 06:17
    1555

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»