• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 479.38 ₸
  • EUR: 531.63 ₸
  • RUB: 5.27 ₸

Тоғжанов Жаңаөзендегі медициналық орталықтарды аралады

[ 2019 ] 1 ақпан, 13:38  |  Қоғам

Алдағы жылдың мақсат-міндеттерін айқындап, өткен жылды қорытындылап, атқарылған жұмыстар легімен бұқараны таныстыратын барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беруі Жаңаөзен бойынша қаңтар айының 21-ші жұлдызынан бастау алған болатын. Жаңаөзен қаласына іргелес Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдары мен қалалық қоғамдық кеңес алдында өткен есептік кездесулердің нүктесі осы аптада қойылды. 1 ақпан күні қала әкімі Әділбек Дауылбаев «Мұнайшы» мәдениет үйінде жаңаөзендіктер алдында бір жыл бойы шешімді істері мен шешілуі тиіс түйткілдерді көппен бірге талқыға салды. Қала әкімінің есеп беруіне Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен облыстың мемлекеттік мекемелерінің өкілдері қатысты. Облыс басшысы жиыннан бұрын қаладағы екі бірдей нысанға соғып, жұмыс барысымен танысып шықты. Алдымен 50 орындық стационары бар «Өзенмұнайгаз» АҚ медициналық мекемесінде болып, үш қабатты ғимаратты аралады. Аталмыш нысан 2015 жылдың қазан айынан бастап тоқтап қалған болатын. Ендігі күні осы әлеуметтік нысан толығымен аяқталып, халық игілігіне берілуі үшін Ералы Тоғжанов «ӨМГ» АҚ Күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директор Бисен Ратов пен тағы бірнеше жауапты азаматтарға нақты тапсырмалар берді. Медициналық мекеменің толық бітуіне қажетті соманы қайта қарап, ықшамдап, құрылыс жұмыстарын бастап, жыл аяғына дейін талапқа сай қолданысқа берілуін тапсырды. Осы орайда Б.Ратов жұмыстардың нақты орындалу тәртібі жайында мәліметтерді ақпан айының 10-на дейін әзірлеп, ішкі құрылыс жұмыстарын толығымен 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін аяқтауға болатынын жеткізді. Жыл соңына дейін аяқтау үшін құжаттары мен қаржы бөлу мәселесі уақыт алуы мүмкін екенін назарға берді. Жоспарға сәйкес «Өзенмұнайгаз» АҚ жобаның ЖСҚ қайта жасақтап, мемлекеттік сараптамадан өткізіп, құрылысы аяқталмаған нысан ЖСҚ-мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының балансына беріледі. Содан соң «Өзенмұнайгаз» АҚ әлеуметтік міндеттемелер шеңберінде 2019 жылға өңірдің инфрақұрылымын дамытуға берілетін қаржы лимитіне қосымша қаржы бөліп, бұл қаржы облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы нысанның құрылысын аяқтауға жұмсалатын болады. Жоспар бойынша нысан сенімгерлік басқару немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы инвестрдың қаржыландыруымен медициналық құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады. Медициналық мекеменің жалпы құны 4 276 830,13 мың теңгені құрайды, яғни бұл қаражат медициналық, ас үй  және техникалық жабдықтармен қамтуға қаралған.  Қазіргі таңда 1 303 362,95 мың теңге игерілген, қалған сомма 2 973 467,18 мың теңге құрап отыр. Нысанның толық аяқталуы үшін шамамен 3 704 767,48 мың теңгедей қаржы қажет болады деп болжалуда. Бұдан кейін облыс басшысы Ералы Тоғжанов бастаған топ қаладағы орталық ауруханада болды. Мұнда ғимараттың екінші қабатынан ми-жүрек ауруларын емдейтін орталық ашылады деп жоспарлануда. Бұл жөнінде орталық аурухана басшысы М.Сариев пен облыстық аурухана дәрігері Қобылан Жариев айтып өтті. Е.Тоғжанов ашылатын орталық жайымен танысып, белгіленген уақыттан кешікпей ашуды міндеттеді. - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Жаңаөзен қалалық орталық ауханасының екінші қабатын жалға алып, жүрекке ота жасайтын орталық ашамыз деп ниеттеніп жатырмыз. Бірінші этапта жүрекке жабық түрде ота жасаймыз, жыл аяғына жақын жүрекке ашық түрде ота жасаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл ойымыздың жүзеге асуына 300 млн-ға шамалас қаражат қажет, оның 260 миллионы аппараттың бағасы. Қаражаттың 80%-ы инвесторлардың жеке инвестициясынан, 20%-ы «Нұр капитал» бағдарламасынан болмақ. Жылына 1500-2000-ға дейін зерттеу тексеру жұмыстарын жасаймыз деген ойымыз бар, - дейді Қ.Жариев. Ми-жүрек ауруларын емдейтін орталықта  20 медициналық қызметкер, яғни 8 дәрігер, 10 шақты медбике қызмет ететін болады. Мамандар Астана, Алматы секілді еліміздің үлкен қалаларынан шақыртылып жатыр. Қазіргі таңда, олармен келісім жасалған, үймен де  қамтамасыз етеміз деп отыр. 12 ақпан күні облыстық әкімдікпен келісім-шарт жасалса, жөндеу жұмыстары бірден басталмақ. Ал, орталықтың жұмыс жасау мерзімі шетелден келетін аппараттың келуімен тығыз байланысты. Бір жарым ай ішінде жеткізілетін аппарат уақытында келіп жетсе, мамыр айының басында жұмыс жасау кезделіп отыр.

Жазира АҚБЕРГЕНОВА Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="70879,70877,70874,70880,70876,70873,70875,70878"]
1617
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Жаңаөзен экономикасының 35 пайызы - шағын кәсіпкерліктің үлесінде

Келесі жаңалық

Маңғыстау облысының әкімі: "Жаңаөзеннің өскені - өңірдің өскені"

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
    2630

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    2611

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
    5767

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
    4614

    Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

    [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
    3268

    Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

    [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
    3010

    Рубрикалар

      КомплаенсҚұқықЖарнамаАуыл өміріХабарландыруБіле жүріңізРухани жаңғыруАудан тынысыТағайындауЭкономикаСаясат

    Автордың басқа да жазбалары

    Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі

    [ 2019 ] 1 қараша, 06:44
    2509

    Қала көркі мен қауіпсіздігі басты мақсат

    [ 2019 ] 27 қыркүйек, 10:08
    1778

    Жаңаөзен қаласында шахмат мектебі ашылды

    [ 2019 ] 7 маусым, 05:35
    1765

    Теңге ауылына - 55 жыл: дайындық қалай жүріп жатыр?

    [ 2019 ] 13 мамыр, 10:06
    2197

    Жаңаөзендіктер дәстүрлі ат спортынан жеңіспен оралды

    [ 2018 ] 7 желтоқсан, 06:17
    1587

    Жаңаөзенде 300-дей бизнес өкілі салық амнистиясын қолдануы мүмкін

    [ 2018 ] 12 қазан, 12:00
    1218

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»