• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Жаңаөзен экономикасының 35 пайызы - шағын кәсіпкерліктің үлесінде

    [ 2019 ] 1 ақпан, 13:13  |  Қоғам

    Қала әкімі Әділбек Дауылбаев Жаңаөзен қалалық қоғамдық кеңес мүшелеріне 2018 жылғы қала бойынша атқарылған жұмыстары жөніндегі есебін баяндады. Жиынды қоғамдық кеңес төрағасы М.Ходжабеков жүргізіп,  қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының бірінші орынбасары Н.Худибаев, қалалық мәслихат хатшысы С.Мыңбай, бөлім басшылары мен қызметкерлер қатысты. Жаңаөзен қаласының әкімі Ә.Дауылбаев: - Осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстарға Елбасының 2018 жылдың 5 ақпанында жарияланған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында аталған негізгі міндеттерді іске асыруға басымдық берілді. 2018 жылы қала әкімдігіне 120 заңды тұлғадан, 2225 жеке тұлғадан, барлығы 2345 арыз келіп түскен. Соның ішінде жер мәселесі бойынша – 709, жұмыс мәселесі бойынша - 738, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы бойынша – 612. Сонымен бірге есепті жыл ішінде 611 адам қала әкімінің жеке қабылдауында болған. 2018 жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі макрокөрсеткіштер 100%-дың үстінде орындалды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша қала халқының саны 150 мың 700 адамды құрады (оның ішінде қаланың өзінде - 81 мың 700 адам, ауыл халқы - 69 мың адам). Жаңаөзен қаласының әкімшілік-аумақтық құрамына Теңге - 21 мың 900 адам, Қызылсай - 6 мың 800 адам және Рахат 40 мың 300 адам ауылы кіреді. Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 195 млрд. 817 млн. теңгені құрады (2017 ж. 12 ай - 161 млрд. 574 млн. теңге). Нақты көлем индексі 103,7 пайыз немесе 3,7 пайызға өсіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 52 млрд. 762 млн. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43,1 пайызға өсті (2017 ж. 12 ай - 34 млрд. 139 млн. теңге). Құрылыс жұмыстарының көлемі 21 млрд. 365 млн. теңгені құрап, өткен жылдың деңгейіне қарағанда 7,2 пайызға өсті (2017 ж. 12 ай - 18 млрд. 981 млн. теңге). Іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 121,0 мың шаршы метр құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6 пайызға өсті (халық салған жеке тұрғын үй есебінен, 2017 ж. 12 айда - 109,4 мың шаршы метр). Қала бойынша 2018 ж. - 8 477 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді (2017 ж. - 7 942). Оның ішінде заңды тұлғалар - 1 404, жеке кәсіпкерлер - 7 073 (оның ішінде ауылшаруашылығы - 18). Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 21 972 адамды құрап, 983 адамға өсіп отыр (2017 ж. - 20 989 адам). Халықтың экономикалық белсенді тобындағы шағын кәсіпкерліктің үлесі 35,0 пайызды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5 пайызға өсіп отыр (2017 ж. - 30 пайыз). Жыл басынан бері 5 690 жаңа жұмыс орны құрылды, былтырға қарағанда 1266 орынға көбейді (2017 ж. - 4424 жұмыс орын). Жаңаөзеннің жұмыссыз азаматтарын және де мүжәлсіз отбасыларды анықтап, оларға қолдау шараларын көрсету жұмыстары жалғасын табуда. Әлеуметтік қамсыздандыру саласына 1 млрд 438 млн. теңге жұмсалды. Кедейшілік шегінен төмен тұратын 357 мүжәлсіз отбасының 1880 адамына - 70 млн. 323 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек берілді. 103 отбасыға - 3 млн. 005 мың теңге көлемінде тұрғын-үй жәрдемақысы төленді. Есепті кезеңге мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны - 4 300 адам, оның ішінде - 988 мүгедек бала. Жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған мүгедектер саны - 270 адам, оның ішінде 2018 жылы тіркелгендері - 232. Жыл бойында - 168 мүгедек адам жұмыспен қамтылды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген 100 маманға (әрқайсысына 168 мың 350 теңгеден) барлығы - 16 млн. 835 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген 20 маманға тұрғын үй сатып алуға (әрқайсысына 3 млн. 607 мың теңгеден) барлығы 72 млн. 150 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит берілді. Білім беру саласына 9 млрд. 646 млн. теңге жұмсалды. Бұл жалпы қала бюджетінің 63,3 пайызды құрайды. Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша, 2017/2018 оқу жылында 1096 мектеп бітірушінің 1 091-і аттестаттау емтихандарын тапсырып, 29-ы «Алтын белгі», 61-і «Үздік» аттестат иегерлері атанды. Ниет білдірген 884 оқушы ҰБТ-ға қатысып, қорытындының орта ұпайы 91,4 %-ды (2016/2017 ж. - 75,8 пайыз) құрады. Статистикалық деректерге сәйкес, қала бойынша 3-6 жас аралығында бала саны - 15205, оның ішінде 4 717 бала мектептің 1 сыныбында 2 495 бала мектептердегі мектепалды даярлық топтарында оқиды. Мектепке дейінгі оқу тәрбиесімен қамтылуы тиіс бала саны - 7 993, оның барлығы балабақшамен қамтылып, қамтылу - 100 пайызды құрады. 2018 жылы 4 238 сәби дүниеге келді (2017 ж. - 4 381 сәби). Бір жасқа дейінгі сәби өлімінің деңгейі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2018 жылдың 12 айында 8,5 промилді құрады, немесе 36 сәби (2017 жылы - 5,0 промиль, 22 сәби). Өсу себебі перинаталдық өлімнен болып отыр, яғни туылғаннан кейін 7 күнге дейін өмір сүріп, шетінеген балдар, салмағы 800, 900 граммнан аспайтын 23, 26, 27 апталығында уақытынан бұрын босанған балалар. 2018 жылы 471 мәдени-көпшілік шара өткізілді, сонымен қатар дәстүрлі өнер сайыстары ұйымдастырылды. Осы мақсатта бюджеттен 36 млн. 721 мың теңге қаражат жұмсалды. Жаңаөзен қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылға 184 іс-шара бекітіліп, уақытында орындалды. Соның ішінде: Гемодиализ орталығы, «Өркен» шағынауданы «Медициналық орталық», «Ерхан» балабақшасы, қаланың орталық көшелерінен 26 дана кіші архитектуралық мүсіндер орнату, балаларға арналған ойын алаңшасы, Оңалту орталығына монтессори кабинеті, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға баспана табыстау, мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси, сонымен қатар «Бір ел - бір тағдыр», «Жүректен жүрекке», «Аялы алақан»,«Жыламасын сәбилер» қайырымдылық акциялары өткізілді. Жұмсалған қаражат 396 млн.14 мың теңге. «Жомарт жүрек» акциясы аясында жалпы саны - 8574 қайырымдылық шара жасалып, жұмсалған 85 млн. 682 мың 640 тг. қаражат көлемінде көмек көрсетіді. Оның ішінде тұрғындарды киім-кешек, азық-түлік, тұрмыстық техника, ноутбук, ұялы телефон, велосипед, электро арбалар және т.б. заттармен қамтамасыз етілді. Қала бойынша 2018 жылдың көрсеткіші бойынша 36 мыңнан астам адам, немесе қала тұрғындарының 24,0 пайызы спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Қаламызда 29 спорт түрі дамытылуда, оның ішінде 14 спорт түрі олимпиадалық, 15-і - олимпиадалық емес спорт түрлері. 92 дене шынықтыру ұйымдары жұмыс жасайды. 2018 жылы 134 спорттық іс-шара өткізіліп, осы мақсатта 15 млн. 621 мың теңге қаражат жұмсалды. Кәсіпкерлерлік саласын дамыту мақсатында өндірістік алаңның құрылысы аяқталды. Алаңның жалпы ауданы 30,0 гектарды құрайды, 16,2 шақырымы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді (су, газ, электр, кәріз, телефон және жол). Осы жылы «Өндірістік алаң» нысанын «Каспий»ӘКК» АҚ-ның теңгеріміне беру жоспарланып отыр. Кәсіпкерлерге жер телімдері «Каспий»ӘКК» АҚ арқылы беріледі. Сонымен қатар, «Нұр-Капитал» шағын және орта бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламасы аясында облыстық Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің жұмысшы тобының отырысында жалпы сомасы 871 млн. 600 мың теңгені құрайтын 40 жоба мақұлданды. Осы жобалардан алдағы уақытта 469 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы бойынша кірістер басқармасына 18 шаруа немесе фермерлік қожалықтар тіркелген. Жұмыс жасап тұрғаны 11 шаруа қожалығы, оның ішінде 8 мал шаруашылығымен, 3 егін шаруашылығымен айналысады. Жиын соңында қала әкімі Ә.Дауылбаев атқарылған нәтижелі жұмыстарға қорытынды оң бағасын беріп, қоғамдық кеңес мүшесі Көшбай Қызамбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ 55 жылдық мерекесіне орай қала ішілік безендіру мен арнайы абаттандыру жұмыстары жөнінде ұсыныс-пікірін жеткізді.

    Айтолқын БЕРІКҚЫЗЫ

    1200
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Мен ҰБТ-ға қалай дайындалып жүрмін

    Келесі жаңалық

    Тоғжанов Жаңаөзендегі медициналық орталықтарды аралады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2659

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      2744

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5798

      Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

      [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
      4643

      Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

      [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
      3647

      Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

      [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
      3384

      Рубрикалар

        РедакцияАуыл өміріАшық қоғамҚұқықКомплаенсҚарақияАудан тынысыМаңғыстауДенсаулық

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3033

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2780

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2617

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3087

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2900

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2846

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»