• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 5 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Жаңаөзенде 300-дей бизнес өкілі салық амнистиясын қолдануы мүмкін

    [ 2018 ] 12 қазан, 12:00  |  Қоғам

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауына орай Жаңаөзенде қала активінің мәжілісі ұйымдастырылды. Жиын Оқушылар шығармашылық үйінде қала әкімінің орынбасарлары, облыстық және қалалық мәслихаттарының депуттатары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшылары, ардагерлер т.б. қатысуымен өтті.

    Жолдаудың негізгі бағыттары мен одан туындайтын міндеттері жөнінде Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев сөз алды. Әкім Жолдауда айтылған мақсат-міндеттер жұмыс жоспарына енгізіліп, қаламыздың дамуына бағытталатынын жеткізді.

    - Елбасы Жолдауда қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың басымдықтарын ерекше атап өтті. Сондықтан Сіздермен Жолдауда туындайтын міндеттерді айқындау үшін басқосып отырмыз, - деді қала әкімі.

    Ә.Дауылбаев Президент халықтың әл-ауқатының өсуі ең алдымен табыстардың тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты екенін нақтылағанын, бұл үшін алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге, яғни 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін артатынын жеткізді. Жаңаөзен қаласы бойынша бюджеттік салада 7226 адам қызмет етсе, олардың еңбекақылары орта есеппен 35%-ға өседі деп күтілуде. Бұған байланысты сала мамандары есептеу жұмыстарын бастап кеткен. Бұл тұрмыстың жақсаруына үлкен әсер етеді деген сөз.

    2010 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылған болатын. Аталмыш бағдарламаның тиімділігі ескеріліп, 2025 жылға дейін ұзарту ұсынылды. Осындай пайдалы бағдарламалар арқасында қаламыз бойынша кәсіпкерлікпен айналысам деушілер саны артып, әкімшілік кедергілер қысқарып, салықтық жеңілдіктер заңды тұрғыда қарастырылған. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында төмен пайыздық несие ұсынатын «Нұр капитал» жобасы республика бойынша тек қана Маңғыстау өңірінде жүзеге асырылып, жаңаөзендіктер облыс бойынша едәуір қаражатқа ие болған. Нақты айтар болсақ, облыстық үйлестіру кеңесінің шешімі негізінде 686 млн. 800 мың теңгеге 31 кәсіпкерлік жоба мақұлданған. Мұндағы кәсіпкерлік бағыттары күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдерді өзімізде шығаруға негізделіп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға атсалысады.

    Жолдаудағы экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау керек деген міндетіне орай облыс әкімі Ералы Тоғжанов облыс бойынша орналасқан 15 монополиялық компанияға, олардың инвестициялық бағдарламалары тарифтерге негізделуі тиіс екендігін тапсырады. Монополистер өздері орналасқан жерінде әлеуметтік жобаларға қатысуы міндетті екендігі айтылып, өңір дамуына өз үлестерін қосуға тартылады.  Ал, ЖПИК-ке қатысты мәселер аясында қаламызда 262 көпқабатты үй болса, 30 ЖПИК пен 108 кондоминиум бар. Бұлардың қызметіне жылыту маусымында жылудың циркуляциясы сақталмайтындығы, жертөлелердің сын көтермейтіндігі жайында тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар көптеп түсіп, бұл бағытта тиісті шаралар қолға алынған.

    Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупін қорғауды арттыру бойынша қала бойынша шағын және орта бизнестің даму қарқыны оң көрсеткіш беріп отыр. Бүгінгі күні 8412 кәсіпкер тіркелген, оның 6986 жеке кәсіпкер, 1402 заңды тұлға, 20 ауылшаруашылықпен айналысушы болса, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 8232-ні құрайды. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласында бизнес өкілдері үшін салық амнистиясы, яғни борышкер салықтың негізгі қаржысын төлесе, айыппұл мен өсімпұл жою бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл тұрғыда, кірістер басқармасының мәліметінше 300-ге жуық бизнес өкілдері ұсынылатын болады.

    Тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған Жолдаудың екінші бөлігінде денсаулық сақтау, білім беру сапасын арттыру, тұрғын-үйдің қолжетімділігі және қоғамдық тәртіптің орнатылуына байланысты. Педагог қауымның рөлін арттыруда келер жылы педагог статусы белгіленетін заң қабылданады. Білім ордаларында білімді ұрпақ, білікті маман даярлау жұмыстарына талаптар күшейтіледі. Оқу бітірген студенттердің ұзақ мерзімді жұмыспен қамтылуы да міндеттелмек. Арнаулы оқу орындарының мәліметіне сүйенсек қаламызда 2016-2017 оқу жылында колледжді аяқтаған 1029 түлектің 742-сі тұрақты жұмысқа орналасса, ал 2017-2018 оқу жылындағы 1419 түлектің 1093-і (75 %) жұмысқа орналасқан. Сонда да жұмысысыздық бөлімінде жұмыссыз жастардың саны аз еместігі байқалады.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Құбырдан неге су емес «мұнай» ағады?

    Халықтың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында бұқаралық спортты дамыту міндетті жұмысқа айналған. Қаламызда 103 спорттық нысандар, статистикалық деректерге сәйкес 34 мыңнан астам адам спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Қаламыздың 50 жылдық мерейтойына орай 10 воркаут алаңша қойылады. Бұл тұрғындардың спортпен шұғылдануға жағдай туғызады дейді қала басшысы.

    Тұрғындарды сапалы қолжетімді баспанамен қамту мәселесі де Елбасы Жолдауында орын тапты. Бізде 262 көпқабатты үй болса, оның 23-і тозығы жеткен үйлер. «Шаңырақ» шағынауданындағы №43,59 апаттық жағдайдағы үй тұрғындарына бюджет қаражатынан пәтерлер сатып алынып, көшірілді. Жеке инвестор есебінен «Арай» шағынауданынан 1376 пәтерлі 6 қабатты 23 үй салынып жатыр. Кешеннің 24 пайызы, 310 пәтер тозығы жеткен үйлердің тұрғындарына беріледі деп жоспарланған.

    - Айтылған жұмыстардың барлығы Елбасы саясаты бойынша, нақты міндеттемелік тапсырмалары, бағдарламалары аясында жасап жатырмыз. Жолдаудың маңыздылығы, мемлекеттік бағдарламалардың тиіділігі ел дамытуға пайдасын береді. Ал, оны ұйымдастыру, жүзеге асыру біздің кәсіптік деңгейімізге, атқарып отырған қызметіміздің адалдығына байланысты, - деді Ә.Дауылбаев.

    Қала әкімі Жолдауда туындаған мәселелер, атап айтар болсақ, кәсіпкерлік жобаларды өткізу, монополистік мекемелерді анықтау, ЖПИК, кондоминиум жұмысына талдау жасау, салық амнистияға түсетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тиісті жұмыстар жүргізу, салық төлеушілерді нақтылау, жастарды жұмыспен қамту, барлық тұрғындардың электрондық денсаулық паспорттарын жасақтауды өзінің үш орынбасары мен тиісті мемлекеттік мекемелерге, коммуналдық кәсіпорындарға тапсырды. Аталған мәселелер бойынша толық танысып, шешімді жолдарын қарастыру міндеттелді.

    Сонымен қатар, мәжілісте арагер мұнайшы Майлыбай Өтебайұлы, қалалық мәслихат депутаты Тимур Мұсаев, қалалық мемлекеттік қызметке мониторинг жасау  бөлімінің басшысы Есболат Имашев баяндама жасады. Қатысушылар тарапынан сұрақтар жазбаша жолданып, нақты жауаптары берілді.

    Жазира АҚБЕРГЕНОВА

    1269
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Автошеру Жаңаөзенде

    Келесі жаңалық

    Италия инвесторлары – Маңғыстауда

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2703

      Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

      [ 2023 ] 24 шілде, 13:46
      928

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2684

      Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

      [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
      2134

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      3175

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5913

      Рубрикалар

        Әлем жаңалықтарыБайланыс мәліметтеріАшық қоғамРедакция ұжымыБайқауЖаңалықтарФотоМұнайлы

      Автордың басқа да жазбалары

      Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі

      [ 2019 ] 1 қараша, 06:44
      2584

      Қала көркі мен қауіпсіздігі басты мақсат

      [ 2019 ] 27 қыркүйек, 10:08
      1851

      Жаңаөзен қаласында шахмат мектебі ашылды

      [ 2019 ] 7 маусым, 05:35
      1841

      Теңге ауылына - 55 жыл: дайындық қалай жүріп жатыр?

      [ 2019 ] 13 мамыр, 10:06
      2361

      Тоғжанов Жаңаөзендегі медициналық орталықтарды аралады

      [ 2019 ] 1 ақпан, 13:38
      1682

      Жаңаөзендіктер дәстүрлі ат спортынан жеңіспен оралды

      [ 2018 ] 7 желтоқсан, 06:17
      1660

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»