• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Маңғыстау облысының әкімі: "Жаңаөзеннің өскені - өңірдің өскені"

    [ 2019 ] 1 ақпан, 14:02  |  Қоғам

    ©

    Бұдан бұрын хабарлағанымыздай 21 қаңтарда Қызылсай ауылында, 23 қаңтарда Теңгеде, 25 қаңтарда Рахат ауылында ауыл әкімдері тұрғындармен кездесіп, өткен жылдың қортындысы бойынша есептерін берді. Сондай-ақ Жаңаөзен қалалық қоғамдық кеңес мүшелері де 28 қаңтар күні қала әкімінің есебін тыңдады. Осы кездесулердің бәрінде де қала әкімі Әділбек Дауылбаев «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылдың қортындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және алда тұрған міндеттері туралы» баяндама жасап, ауыл тұрғындары алдында есеп беріп отырды. Осындай кездесу 1 ақпан күні «Мұнайшы» мәдениет сарайында болып шаһар басшысы қала тұрғындары алдында есеп берді. Оған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және оның орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары қатысты. Әділбек Дауылбаев қаладағы өткен жылы жүзеге асырылған жұмыстарға терең талдау жасап, жиналғандарға түбегейлі түсіндірді. Барлық игілікті істерді мысалдармен нақтылап көрсетті. Халықтың экономикалық белсенді тобының құрамындағы шағын кәсіпкерліктің үлесі 35,0%-ды құрап, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5%-ға өсіп отыр. Жыл басынан бері 5 690 жаңа жұмыс орыны құрылды. Бұрынғы жылға қарағанда 1266 орынға көбейді (2017 ж. – 4424 жұмыс орыны болған). Қала бюджетіне 15 млрд. 227 млн теңге көлемінде салықтар және өзге де міндетті төлемдер түсірілді, жылдық жоспар 102,5%-ды құрады (жылдық жоспар – 14 млрд. 845 млн теңге, контингент бойынша – 30,0 млрд. теңге, нақты түскені – 30,4 млрд. теңге). Бюджеттің шығыс бөлігінің көлемі 15 млрд. 553 млн. теңге, оның ішінде жергілікті бюджет – 44 млрд. 915 млн. теңге. Бюджет 100%-ға игерілді. Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде барлығы 116 шараны іске асыруға 48,7 млрд теңге жұмсалған. Оның ішінде республикалық бюджет – 32,1 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 7,2 млрд. теңге және басқа көздерден – 9,4 млрд. теңге. Міне, осындай нақтыланған жоспарларды артығымен орындаған қала өмірінде әлі де кезек күттірмейтін мәселер жеткілікті. Оларды да жүзеге асыру үшін қысқа жіптің күрмеуге келмейтін кезеңі де болады. Осыны назарда ұстаған қала әкімі Әділбек Дауылбаев аймақ басшысынан бірқатар мәселенің шешілуі үшін көмек сұрады. 1) Қаладағы 1960-70 жылдары салынып «Шұғыла», «Шаңырақ», «Самал» шағынаудандарында орналасқан апаттық және тозығы жеткен тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде екі үйді бұзып орына жаңа үйлер салу көзделіп отыр. 43-тұрғын үйдің тұрғындарының бәрін көшірген. Соның ішіндегі тұрғындарға соңғы 10 пәтерді алуға 145 млн теңге қаражатқа қарыздар болып қалған. Сол қарызды жабуға мүмкіндік болмай отыр. 2) Қазіргі күндері Жаңаөзен қаласында өзекті мәселелердің бірі болып отырған денсаулық сақтау нысандарында медициналық құрал-жабдықтардың жеткіліксіз болып отырғаны. 2018 жылдың қортындысы бойынша қала бойынша бір жасқа дейінгі сәбилердің шетінеуі 14 балаға өскен. Бұрынғы жылы 22 бала болатын, ал өткен жылы 36 бала болды. Егер қаладағы медициналық орталықтың мәселесі шешілсе осының бәрін жауып кетеді деген ойда екенін жеткізді. Мысалы, УЗИ аппаратын сатып алуға 42 млн. теңге,  медициналық жабдықтар мен 5 дана автокөлік сатып алуға 29 млн. теңге, рентген аппараттарын сатып алуға 37 млн. теңге және жүктілік кезеңінде іштен туабітті ауруларды анықтау мақсатында әрқайсысы 56 млн. теңге тұратын 4 дана жаңа үлгідегі аппарттарға сұраныс жасап отыр. Бұл бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасымен де жұмыс істеуде екен. 3) Қала ішілік жолдарына 76 млн. теңге қажет. 4) Қаладағы «Мұнайшы» мәдениет үйі 1974 жылы салынғалы әліге дейін күрделі жөндеу көрмеген. Сахнасы ескірген, материалдық-техникалық базасы жабдықталмаған, желдеткіш және жылу жүйелері істен шыққан. Егер 259 млн. теңгелік әлгіндей жұмыстар жасалса, бұл жерден облыстық драма театрдың филиалын ашуға да мүмкіндік болады. Міне, Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Құлынтайұлы кездесудің ақырына қарай осындай мәселелерді өңір басшысы Ералы Лұқпанұлының алдына көлденең тартты. Мұнан кейін қала әкімі мен облыс басшысы тұрғындардың ауызша және жазбаша берген сұрақтарына жауап берді. Қала әкімі мен жаңаөзендіктердің өткен жылғы ұйымдастырған жұмыстарына көңілі толған облыс әкімі Ералы Тоғжанов қортынды сөзінде: «...Жаңаөзенде бір жылдың ішінде 4000-нан аса сәби дүниеге келіп отыр. Екі апаттық үйдің мәселесі шешіледі. Денсаулық сақтау саласындағы мәселелерге де қаржы бөлінеді. «Бейбітшілік» кешенінде салынып жатқан 23 тұрғын үй бітсе 1376 пәтер дайын болады деген сөз. Бұл - бюджеттен бір тиын шығармай, инвесторлардың күшімен салынып жатқан кешен. Соның 24 пайызы апаттық үйлерде тұратын тұрғындарға беріледі. Әрбір салынған үйдің астында міндетті түрде балабақша, учаскелік инспектор, міндетті түрде дене шынықтыру кешендері болады. Әділбек Дауылбаев берілген тапсырмалардың бәрін толықтай орындады. Берген есебін қабылдаймын. Сіздердің алдарыңызда рахметімді айтуға рұхсат етіңіздер. Сондай-ақ, құрметті жаңаөзендіктер, сіздерге де алғысымды айтамын. Жылына 4-4,5 мың сәбидің дүниеге келуі деген сөз – жылына тағы да бес мектептен салыну керек мағынаны білдіреді. Мұның бәрі - жақсы жаңалық. Сондықтан алда тұрған міндеттерді ауызбіршілікті атқарамыз деп сенім білдіремін. Жаңаөзен – менің жеке қадағалауымда. Оны сіздер жақсы білесіздер. Өйткені Жаңаөзеннің өскені - өңірдің өскені, халықтың өскені, бүкіл киелі мекен Маңғыстаудың өскені деп түсінеміз».

                                                                                                         Мұратбай ҰЛЫҚПАН Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="70891,70892,70894,70895,70893"]
    1008
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Тоғжанов Жаңаөзендегі медициналық орталықтарды аралады

    Келесі жаңалық

    Тіл тазалығы неден бұзылды?

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2659

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      2744

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5798

      Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

      [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
      4643

      Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

      [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
      3647

      Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

      [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
      3384

      Рубрикалар

        ТүпқарағанҚызық дерекҚарақияАуыл өміріАНТИКОРМұнайлыҚоғамСаясатХабарландыруФото

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3033

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2780

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2617

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3087

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2900

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2846

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»