• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Жанам деген жүрекке от беремін

[ 2017 ] 3 тамыз, 12:43  |  Қоғам

«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанаты, мен жастарға сенемін!». Мағжан атамыз айтқан бұл сөз қанша заман ауысса да мәні мен маңызын еш жоймақ емес. Әр дәуірде жастарға сенім артып, солардың жолына үлкен үмітпен қараған. Келешекті кемел, болашақты баянды етеді деп жауапкершілік артқан. Аға ұрпақтың жастарға бар қамқорлығын аямай, қажетті білімін жинап, біліктілігін арттыруда жолбасшы болуының сыры да осында жатыр. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанды өркениеттің көшінен қалдырмайтын, ұлтты ұшпаққа шығарар жастарға даңғыл жол салынып жатыр. Бүгінгі күні қаламызда көптеген жастар ұйымдары белсенді жұмыс атқарып келеді. Мәселен, «Нұр Отан» партиясының жанынан құрылған «Жас Отан» ЖҚ қоғамдық- саяси жұмыстардың көшбасшысы болып, жастардың белсенділігін арттыруға атсалысса, «Жасыл ел» еңбек жасағы тазалық, көгалдандыру жұмыстарына жәрдем ете отырып, табиғатты қорғауға үлкен үлес қосуда. Жаз мезгілі басталысымен мектеп оқушыларының бірі лагерьлерге, бірі ауылдарға ата- әжесіне қыдырып кетті. Ал, 15 жастан асқан жастардың бірқатары қалада әртүрлі салада уақытша еңбек етіп жүр. Кейбіреулері «Жасыл ел» жасағында еңбек етуде. Мұнайлы шаһардағы жастардың басын қосып, үнемі әртүрлі мәдени, спорттық шараларды ұйымдастырып жүрген қалалық жастар ресурс орталығының орны ерекше. Себебі аталған орталық қашан да жастардың барлық идеясының асуына бастамашы болып, кез келген мәселеде көмектесіп, бағыт-бағдар береді. Орталық басшысы Жадыра Шалабаеваның ұйымдастыруымен жыл бойы бірнеше игі істер атқарылған болатын. Қазіргі жаз уақытында да жастар орталығы демалысқа кетпей, жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында әртүрлі тақырыпта тренинг, семинар, ойын-сауық кештерін ұйымдастырып жүр. Тренингті үлкен аудитория алдында өткізуге де шеберлік керек. Осы тұрғыда Жадыра Айболатқызының тренинг өткізудегі Астана, Алматы, Өскемен қаласынан алған білімі өз нәтижесін беруде. Ж. Шалабаева республикалық, аймақтық және аумақтық деңгейде жастармен жұмыс жасау жөніндегі мамандардың әлеуетін арттыруға бағытталған тренерлер тренингін және мамандарға арналған тренингтерді өткізе алады. Жақында өткізілген шаралардың бірқатарына тоқталып өтейік.

Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы

Теңге мен Рахат ауылында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша еңбек етіп жүрген сарбаздарға арналған тренинг өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығынан шақырылған мамандар жастарға адам ағзасына зиянды никотин мен спирттік өнімдерді пайдаланғанда түрлі ағза мүшелерінің қандай күйге түсетінін визуалды түрде көрсетті. Зиянды әдеттерді пайдаланудың соңы неге әкеп соқтыратыны туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қалалық «Жас Отан» жастар қанаты мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашақ» атты семинар да өткен болатын.

Жетістіктің жеті сыры

«Жетістіктің жеті сыры» тақырыбында «Жасыл ел» жасағының сарбаздарына арнайы тренинг ұйымдастырылды. Тренингті Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жадыра Шалабаева жүргізді. Болашақтан үлкен үміт күтетін жастарға бұл тренинг мақсатын айқындап, оған жету жолдарын көрсетіп берді. Тіпті болашақта мамандық таңдай алмай жүрген жастар үшін нақты шешімге келу, сүйікті ісіңді қалай бизнеске айналдыру жолдары да айтылды.

Қайырымдылық акция

Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қызылсай ауылында «Жасыл ел» еңбек жасағы сарбаздары қайырымдылық шарасын өткізді. Ауылдың тұрғыны, қария Толғанай Бекмағанбетованың үйіне тазалық жұмыстарын жүргізіп, күнделікті қолданатын азық-түлік апарып берді. Жақсылыққа - қайырымдылықпен, мейірімділікке - ізгілікпен, достыққа - адалдықпен жауап беру керек деген ұранды ұстанған жастар игі іс жасады. Сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мен «Жасыл ел» жасағының қатысушылары қаланың тұрғыны, көп балалы ана Талшын Әбдиеваның шаңырағына барып, азық-түлік пен балаларға тәттілер сыйлады. Талшын апа 6 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ана. Қайырымдылық акциясы тамыз айында да жалғасын табатын болады.

Футбол жарысы

Жаңаөзендік «Жасыл ел» сарбаздары қала тазалығын сақтап ғана қоймай, салауатты өмір салтын да ұстанады. Жастар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Ойын қатысушылары өздерінің білігі мен дене шынықтыру дайындығын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша «Сұңқар» командасы бірінші орынға ие болды. Ал, «Жігер» командасы екінші орынды иеленді.

«Жеңіс» жобасы жалғасуда

Республикамыздың 22 қаласында «SamrukKazynaTrust» даму қорының жанындағы Ұлттық еріктілер желісімен бірлесіп өтіп жатқан жоба Жаңаөзен қаласында да жалғасын тапты. Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының еріктілері «Жеңіс» жобасы аясында қалада тұратын 7 тыл ардагерінің хал-жағдайын біліп, азық-түлік жиынтықтарын тапсырды. Аталмыш жобаның негізгі мақсаты: қатары жыл санап сиреп бара жатқан ардагерлерге қамқорлық көрсету. Ардагерлерге құрмет көрсете отырып жастарды отансүйгіштікке баулу - орталықтың басты бағыттарының бірі.

Қымбатты қаланың жастары! «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) «Жастар - болашақ энергиясы» тақырыбында жастармен онлайн-консультациялар өткізеді. Онлайн-консультациялар жастардың қажеттіліктерін, олардың үкіметтен не күтетінін және оған қатысты қандай көзқараста екенін, жастарға арналған басымдылығы жоғары қызмет түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Қорытынды ақпарат дайындалып, «Қазақстан жастары - 2017» Ұлттық баяндамасында ұсынылады. Сауалнама толығымен құпия, әрі шамамен 20 минут уақытты алады. Сауалнамаға балалар, жасөспірімдер және 29 жасқа толмаған жастар қатыса алады. Жастар - болашаққа апаратын алтын көпір. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте біз жастардың ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге көңіл аударуға тиіспіз. Сондай-ақ, қазір әлеуметтік- экономикалық жағдайды жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, елімізде іске асырылып жатқан білім берудің, денсаулық сақтаудың, үдемелі индустриялық- инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттік бағдарламалары бағытталған. Олардың қатарында «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламалары бар. Елбасы тапсырмасына сәйкес, ауыл жастарына арналған «Дипломмен - ауылға» жобасы да жемісін беруде. «Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға мүмкіндік беруі тиіс» деген болатын Елбасы Н.Назарбаев. Қазір ол іс жүзінде жүзеге асырылып, жастар саясаты ел ертеңін айқындайтын басты бағыт екенін дәлелдеуде.

Гүлсім ОСПАН

1130
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам жастар беті маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Медиатор Мадина АҚМҰРЗАЕВА: «Жанжалды жария қылмауды үйренсек екен»

Келесі жаңалық

Қоғамдық көлік көңілден шыға ма?

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Маңғыстаулық 46 жас «Jastar online» мектебін бітірді

    [ 2021 ] 22 сәуір, 17:38
    1582

    Маңғыстаулық оқушылар эко-роботтарды құрастырды

    [ 2021 ] 25 наурыз, 11:39
    1489

    Маңғыстау жастары тәуелсіздікке тарту жасады

    [ 2021 ] 22 наурыз, 19:51
    1477

    Маңғыстау жастары түзету орталығына тарту жасады

    [ 2021 ] 19 наурыз, 14:19
    1747

    Ақтаулық оқушы «Елбасы медалі» жобасының қола жүлдегері атанды

    [ 2021 ] 19 наурыз, 11:04
    2168

    Ақтауда Yessenov Аrýy men Sultany анықталды

    [ 2021 ] 18 наурыз, 16:27
    1408

    Рубрикалар

      Рухани жаңғыруБайқауСараптамаҚызық дерекКомплаенсАНТИКОРДенсаулықСұхбатЖастар беті

    Автордың басқа да жазбалары

    Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі

    [ 2019 ] 1 қараша, 06:44
    2509

    Қала көркі мен қауіпсіздігі басты мақсат

    [ 2019 ] 27 қыркүйек, 10:08
    1778

    Жаңаөзен қаласында шахмат мектебі ашылды

    [ 2019 ] 7 маусым, 05:35
    1766

    Теңге ауылына - 55 жыл: дайындық қалай жүріп жатыр?

    [ 2019 ] 13 мамыр, 10:06
    2199

    Тоғжанов Жаңаөзендегі медициналық орталықтарды аралады

    [ 2019 ] 1 ақпан, 13:38
    1618

    Жаңаөзендіктер дәстүрлі ат спортынан жеңіспен оралды

    [ 2018 ] 7 желтоқсан, 06:17
    1587

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»