Маңғыстаулық 100 жас бір ай бойы «Jastar online» мектебінде замануи мамандықтар бойынша тәлім алды. Соның ішінде 46 жас сертификат иеленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сабақ кашықтықтан оқыту әдісі арқылы өтті. Онда мобилография, сайт жасау, өнім сату сонымен қатар, әлеуметтік желінің қыр-сырын үйреніп, заманауи жаңа дағды қалыптастырды.
Әр тақырыпқа аптасына 3 рет 30 минут уақыт бөлінді. Сабақтан соң оқушыларға үй-тапсырмалары берілді. Соның ішінде берілген тапсырманы жеткілікті деңгейде орындап, оқуға толық қатысқан 46 жасқа аталған техникаларды оқығандығын растайтын сертификат табысталды.
«Жаңа сандық дәуір жастары үшін «Jastar online» мектебінде тегін тәлім алу үшін жастарға мүмкіндік бердік. Осы алған білімдерін болашақ кәсібіне жаратып, маман болып қалыптастыру басты мақсатымыз. Сертификат алған жастармен байланыста болып, оқудың нәтижесін күтеміз», - дейді орталық директоры А.Фазылбекұлы.
Айта кетейік, «Jastar online» мектебі Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымжастыруымен өтті.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА