• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сенбi, 7 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Лариса Шамғонова: «Біз баланы соттау үшін емес, - қоғамға бейімдеу мақсатында жұмыс істейміз»

    [ 2018 ] 29 мамыр, 05:25  |  Қоғам

    «Жыламайды баламыз, Жылатпаймыз еш уақыт! Бәрі бізде, қараңыз, Өмір, өлең, күш, бақыт!..»

    Бұл жолдар қазақтың біртуар ұлы Қасым Аманжоловтың болашағының жарқын боларына сенгенін айғақтайды. Себебі бақытын сәбидің күлкісімен байланыстырған. Баланың жанарына жас іркілмеуін, келешегінің көркем болуын өзіне парыз санаған. Бұл қасиет – әр қазақтың қанында бар, санасына сіңген, ұлттың болмысын танытатын фактордың бірі. Бүгінде ол қасиеттің қадірі түбегейлі жойылмағанымен, сүбесі сетінеп, қарасы сирей бастаған сыңайлы. Екі күннің бірінде көшеден табылған сәби, ажырасып жатқан отбасы, бауыр етін өзекке тепкен әке мен ана – бұлай деуімізге себеп. Мұндай оқиғаның сан түрін айтқан сан отбасы күн сайын сот табалдырығын тоздырып жүр. Осы орайда ырысы шайқалған жанұялармен бетпе-бет келіп, олардың мәселесіне куә болып жүрген Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының төрағасы Лариса Шамғоновамен тілдескен едік. Талай түйткілдің шешімін табуға тырысып жүрген төрағадан мұндай жағдайдың себебін сұрап көрдік.

    - Балаларға қатысты істерде баланы қылмыстық жауаптылыққа тартпай, бас бостандығын шектемей мәселе қалай шешіледі?

    - Ескерту беріп, істі қысқарту жолдарын қарастырамыз. 1 жылдан 2 жылға дейінгі ара­лықта пробациялық бақылау тағайындап, ата­-ананың қарауына береміз. Кәмелетке толған тұлға ауыр қылмыс жасаса, істі қысқарта алмаймыз, ал кәмелетке толмағандардың ауыр қылмыстарына қатысты істерді оларды қоғамнан оқшауланған жерге жібермей, бас бостандығынан айырмай, қысқартуға мүм­кіндік бар. Мәселен, балалар ойнап жүріп, төбелесіп қалып, бір­-біріне бәкі сұғып алған жағдай кездесті. Суық қару денеге 1 см­-ге дейін енсе, ол денсаулыққа ауыр зиян келті­ру болып саналады. Денсаулыққа ауыр зақым келтіру бойынша санкция 5 жылдан 10 жылға дейінгі аралықта. Дегенмен бала тәуір, дені сау әрі құқық бұзушыға кешірімін беріп тұрса, оны 5 жылдан 10 жылға дейін қалай соттай­мыз? Сондықтан шартты түрде деп тағайын­ дап, жоғарыда айтқан пробациялық бақылау белгілейміз.

    – Қазір жасөспірімдер арасында қандай қылмыс түрлері көп кездеседі?

    – Қазіргі таңда ұрлық, тонау, бұзақылық жиі орын алады, сондай-­ақ денсаулыққа зиян келтіру. Денсаулыққа зиян келтірудің екі түрі бар: орташа және ауыр. Орташа зиян келтір­гені үшін 3-­5 жылға дейін, ауыр зиян үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Сондай-­ақ кәмелет жасы­на жетпегендердің мүлкі тәркіленбейді. Тағы бір көп кезігетін жағдай, кәмелетке толған ер азамат пен жасөспірім қыз баланың жы­ныстық сипаттағы қарым-­қатынасы. Мыса­лы, жігіт кәмелеттік жасқа жетпеген қызбен кездеседі де кейін алып қашады. Заңды некеге тұрмағанымен, мешітке барып неке қидырады. Мұндайда егер қыз кешірімін беріп, бірге тұрып жатса, мәселе күрделі емес. Ал егер қыз жігіт үстінен шағымданатын болса, заң жүзінде тисті жаза қолдану үшін арнайы қылмыстық сотта іс қаралады.

    – Жалпы балалар көбіне байқаусызда немесе балалық жасап құқық бұзып жатады. Бұдан кейін оның мінез-құлқында, жүйке жүйесінде өзгерістер болуы мүмкін. Мұндайда ата-аналарды балалармен жұмыс істейтін арнайы орталық немесе ұйымдарға бағыттайсыздар ма?

    – Әрине, бала психикалық соққы алады. Жоғарыда айтқан ойнап жүріп досына пышақ сұққан бала психикалық тұрғыдан белгілі бір мөлшерде жарақат алады. Тіпті одан кейін қарапайым ас үйге арналған пышақты көрсе де сескенеді. Сондықтан ол баламен жұмыс істеп, қорқынышын сейілтуіміз керек. Бұл ретте біздің сот арнайы ұйымдармен бірлесе отырып қызмет етеді. Ол ұйымдар балалар­ мен бірнеше ай көлемінде бойындағы үрейді жоюға, оның айналасымен қарым-­қатынасын реттеуге күш салады. Ақтау қаласында бұл мәселемен «Мейірім» орталығы айналысып келеді. Мұнда балалар мен ата­-аналарға пси­хологиялық, әлеуметтік және заңды тұрғы­дан қолдау көрсетіледі. 2016–2017 жылдары орталықтан 117 бала көмек алды. Балаларды қолдау мақсатында мұндай ұйымдар біздің облыста, Қызылорда, Өскемен өңірлерінде қызмет етуде.

    – Балалар арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың көбеюін немен байланыстырар едіңіз?

    – Профилактикалық жұмыстардың жүр­гізілмеуі, мектептерде психолог мамандар қатарының аз болуының ықпалы. Мектеп директоры, сынып жетекшісі, психологтар ба­ланы қадағалап, оғаш қылығын байқаса, сөй­лесіп, түйінін шешуге тырысқаны жөн. Бала тұйықталып, сыныптастарымен араласпай жүрме, сабаққа келмей ме, тексеріп қана қой­май, өзімен не ата-­анасымен сөйлесіп, себебін анықтау керек. Қасақана ниетпен пышақ сұқ­қан балалардың басым бөлігі 6, 7, 8, 9-­сынып оқушылары. Сынып жетекшісі сабаққа кел­меген оқушыны, алдымен, ата-­анасына ескер­теді, нәтиже шықпаса кәмелетке толмағандар­ға арналған сотқа хабарлауы қажет. Ата­-аналар өз құқықтарын дұрыс атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады, екіншіден, қылмыстық жауапқа тарту, үшіншіден, ата­-аналық құқықтан айыру мәселесі қозғалады. Төртіншіден, бала құқық бұзуды қайталаса, девиантты мінез-­құлықты балаларды түзету мектебіне жіберіледі. Сондықтан мұғалімі жіті қадағалап отырса, ата­ана мұқият болса, бала да немқұрайлы жүрмейді.

    – Ата-аналық құқықтан айыру жазасы қандай жағдайларда қолданылады?

    – Ата-­аналық міндеттерін орындау­дан жалтарса, оның ішінде алимент төлеуден қасақана бас тартса, өз ба­ласын алудан дәлелсіз бас тартса, ата­-аналық құқықтарын теріс пайдалан­са, балаға қатыгездік көрсетіп, күш қолдану, психикасына зорлық жа­сап, жыныстық қастандық істеген жағдайларда бұл жаза беріледі. Деген­мен ата-­ана мен баласын бірден ажы­рата салу, бір­-біріне мүлде қатыссыз жандарға айналдыру – оңай дүние емес. Ата-­аналық құқығынан айыру – екеуін екі бөлек адамға айналдыру деген сөз. Сондықтан бұл жаза түрін сирек жағдайда қолданамыз.

    Осыған қатысты бір жағдайды айта кетейін. Азаматша бұрынғы жолда­сынан алимент ала алмай жүргенін айтып шағымданды. Әкесінен сұрағанымызда ол денсаулығына байланысты жұмыс істей алмайтынын, бірақ барынша көмектесуге ты­рысатынын жеткізді. Баласын жақсы көреді, ол үшін бәріне дайын. Әрине «Балам – бауыр етім» деп бекер айтпайды ғой қазақ. Ол бас тартып тұрған жоқ, алимент төлеуге шамасы жетпей жатыр. Ал оған бола біз оны әкелік құқығынан айыра алмаймыз ғой. Сондық­тан арызды қанағаттандырудан бас тартып, азаматқа  ескерту  бердік. Бұдан соң мынадай да жағдайлар кездеседі. Әкесі қайтыс болған, анасы тұрмыстың тауқыметінен ішкілікке салынған. Мұндай жағдайда анаға уақыт бе­реміз. Балаларын 6 айға дейін туыстарына не­месе балалар үйіне береміз. Егер ана тәртібін өзгертіп, 6 айға дейін келіп, дұрыс жолға түсіп, балаларын алып кеткісі келсе, мәселе осымен шешіледі.

    – Ажырасқан жанұяларда бала анасымен қалатыны белгілі. Дегенмен баланың тұрғылықты жерін анықтауда оның пікірі қаншалықты ескеріледі?

    - Отбасы – шағын мемлекет. Қазір «Бала заңмен қақтығыста» деген қағида бар. Мәселен, бала дүниеге келген соң әкелігін анықтау мақсатында екі та­рап соттың көмегіне жүгініп жатады. Ер мен әйелдің арасындағы іс болып көрінгенімен, бұл жерде баланың мүддесі сөз болып жатыр. Балалық шақтың кермек дәмін татудың орны­на дүниеге келмей жатып өмірі күрделеніп, әке мен шешенің ортасында сенделуге мәжбүр. Немесе баланың тұрғылықты жерін анықтауды алайық. Біз 10 жасқа толмаған баланың пікірін сұрай алмаймыз. Одан үлкен жастағы бала­лардан оңашада сұрасаң, шындығын айтады. «Папаңмен кездесіп тұрасың ба? Ол сенің өміріңде болмаса қайтер едің?» дегенде ол әкесін жақсы көретінін айтып шыр­пыр бола­ды. Анасының ықпалымен жалған сөйлегенін мойындайды. Содан соң анасымен сөйлесіп, ескертеміз. Өйткені тәрбие ананың әлдиінен басталады емес пе? Бізде бір жағдай болды. Әкесі 13 жылға бас бостандығынан айыры­лып, жазасын өтеп келген, ал баласы өмірі оны көрмеген. Бірақ «әкенің тәрбиесін сезін­гім келеді, сондықтан онымен бірге тұрамын» деген шешім қабылдап, оған анасы келісім береді. Бұл жерде соттың шешімі қажет емес, медиация тәртібімен, яғни бітімгершілік­  пен өзара шешілетін мәселе. Қазір жаңа заң жобалары бойынша баланы мейлінше сотқа жақындатпауға, бітімгершілікпен шешуге көбірек көңіл бөлінеді. Кейде аналары әкесіне баланы көрсетуге қарсы болып жатады. Бірақ ол оның құзырында емес, заң жүзінде бөлек тұратын ата­-ана баласын көруге, онымен кез­десуге құқылы.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Руханият мәйегі

    - Балаларға қатысты істерде жаңа өзіңіз айтқан медиация тәртібі қаншалықты жиі қолданылып жүр?

    – Қазір мектептерде бітімгершілік жобасы біртіндеп жанданып келеді. Бүгінде Ақтау қаласындағы №8 мектепте осы бағыт бойын­ша жұмыстарда жақсы нәтиже байқалады. Де­генмен бұл тәртіп облыстың барлық мектебіне қатысты. Балалар бір-­бірімен төбелесіп, келіс­пей қалса, сотқа жеткізбей, бітімгершілікпен шешуге болады. Біз өткен жылы сот, медиа­тор, халықтар Ассамблеясы және Маңғыстау облысының білім басқармасымен төрт жақты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Өйткені біз баланы соттау үшін емес, қоғамға бейімдеу мақсатында жұмыс істейміз. Қазір барлық кодексте балаға жағ­дай жасау көзделген. Сондай­-ақ осы ретте айта кетейін, Жоғары Сот төрағасы Жақып Қажыманұлы кәмелетке толмағандардың іс­тері жөніндегі мамандандырылған сот база­сында «Отбасы сотын» құруды ұсынған бо­латын. Осыған қатысты жоба дайындалып жатыр. Яғни отбасына, ерлі­-зайыптыға, балаға қатысты бүкіл дау, іс бір жерден шешімін таппақ. Бұл – әр мәселені әр сотқа шағымда­нып жүрмес үшін жасалып жатқан қадам.

    – Отбасылық мәселелерге, дауларға төрағалық етесіз, қаншама жағдаймен бетпе-бет келесіз. Айтыңызшы, ана ретінде, жар ретінде сан түрлі оқиға сізге қалай әсер етеді?

    - Бұл – менің соттағы үшінші төрағалық қызметім. Бұған дейін екі мәрте жалпы юрисдикциядағы соттарға төраға болдым. Ал мұнда бағыт – мүлдем өзгеше. Ата­-ана мен бала арасындағы барлық қозғалып жатқан мәселе ана болғандықтан, жүрегіме қатты әсер етеді. Сотта ат-а­аналар балаларын бұйымға таласқандай, соттан екі жаққа бөліп беруді сұрайды. «Қызды сен ал, ұлды мен аламын» дегенді естігенде тұла бойың шымырлайды. Бір анадан туған балалардың бауырын із­деп, жүрегін жараламау үшін шама келгенше оларды бірге қалдыруға тырысамыз. Заңға жүгінгеннің нәтижесі қалай болғанда да бір жаққа тиімсіз болады. Сол себепті кез кел­ген сотқа келушілерге алдымен бітімгершілік тәртібіне жүгінуді ұсынамыз.

    – Жұмысыңыз қауырт. Қаншама жанұяның қабырғасы сөгілмей, бүтін болуына, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне бар жаныңызды салып қызмет етіп келесіз. Өз отбасыңызға көңіл бөлуге уақыт табасыз ба?

    – Әрине, таңнан кешке дейін жұмыста болғандықтан, басқа уақытыңды балаларыңа арнап, демалысыңды солармен пайдалы етіп өткізгің келеді. Өзіңіз айтқандай түрлі жағ­дайларды көріп, куә болып отырған соң өзің оған жол бермеуге тырысасың. Біздің тағы бір кемшілігіміз – баламен санаспауымыз. «Сен әлі кішкентайсың, сенің пікіріңді кім сұрады? Аузыңды жап та, тыныш отыр!» деген әңгіме­ні тыңдап өскен бала ерлігін түзде көрсетуге тырысады. Әке-­шешесімен бүкпесіз тілдесе алмайды. «Менің кім екенімді көресіңдер әлі!» деп, сыртта достарының арасында «батыр» болады. Бұның соңы қылмысқа итермелеуі мүмкін. Байқасаң, балалар түкке тұрғысыз се­бептермен төбелесіп жатады. «Баланы 5 жасқа дейін патшаңдай көр, 5 жастан кейін құлыңдай жұмса, 15 жасқа келгенде досыңдай сырлас» деген ғой. Егер ата-­анасы баласымен ашық сөйлессе, пікірін тыңдап, сырласса, ол баладан толыққанды дамыған, қабілетті тұлға шығады.

    – Әңгімеңізге рахмет! Жұмысыңызға сәттілік тілейміз.

    Сұхбаттасқан Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

    1237
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам құқық сұхбат
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Challenge: сенің жаңа қырың!

    Келесі жаңалық

    Байлықтың бағын ашқан

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Заң үстемдігі – Ел мәртебесі

      [ 2022 ] 6 қазан, 18:31
      1146

      Лариса Шамғонова: «Біз баланы соттау үшін емес, - қоғамға бейімдеу мақсатында жұмыс істейміз»

      [ 2018 ] 29 мамыр, 05:25
      1238

      Банктен заңсыз ұсталған комиссиялар қайтарылуда

      [ 2018 ] 22 ақпан, 11:27
      5388

      Медиатор Мадина АҚМҰРЗАЕВА: «Жанжалды жария қылмауды үйренсек екен»

      [ 2017 ] 31 шілде, 07:47
      1209

      Нашақорлық – қасірет кілті

      [ 2019 ] 8 сәуір, 06:26
      2673

      "Қоғамның бүгінгі бас ауруы - ұрлық"

      [ 2018 ] 20 маусым, 07:45
      1456

      Рубрикалар

        КомплаенсФотоМәдениетЖаңалықтарТағайындауҚұқықБайланыс мәліметтеріӘлем жаңалықтарыДенсаулықМаңғыстау жаңалықтары

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстаулық дзюдошылар республикалық турнирде 13 алтын алды

      [ 2019 ] 20 наурыз, 19:37
      1942

      Маңғыстау жастары ҚР Тұңғыш Президентіне алғысын білдірді

      [ 2019 ] 20 наурыз, 12:20
      1858

      Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
      2305

      Ақтауда дзюдодан "Иса-Досан" жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

      [ 2019 ] 19 наурыз, 12:01
      2102

      Ғарышты зерттеп жүрген ақтаулық оқушы зымыранның ұшу сәтін тамашалады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 10:23
      2635

      Мемқызметшілер балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

      [ 2019 ] 18 наурыз, 07:01
      2176

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»