• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Байлықтың бағын ашқан

[ 2018 ] 29 мамыр, 10:31  |  Қоғам

Жақында «Өзенмұнайгаз» АҚ-да елімізге белгілі мұнайшы Нұрлан Балғымбаев туралы кітаптың тұсаукесері болды. Оған кітап кейіпкерімен қатар жүрген, жұмыстас, сыйлас, дәмдес болған замандастары, қазіргі ардагер мұнайшы, геологтар, ізбасар іні, шәкірттері, кітапты жинақтаушы автор Меңдеш Салихов және «ӨМГ» АҚ басшыларынан бастап департаменттердегі мамандар, қалалық әкімдіктің өкілдері, бірқатар кітапхана, оқу орындарының басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты.

Тұсаукесер рәсіміне арналған жиынды «ӨМГ» АҚ бас директорының транспорт және әлеуметтік сала бойынша орынбасары Мақсат Ибағаров жүргізіп отырды. Ол сөзінің бастамасында Нұрлан Балғымбаевтың өмір жолы мен қыз­меттегі ғұмырына қысқаша шолу жасады.

Жалпы жұрттың айтуына қарағанда жер қойнауындағы байлықтың бағын ашқан Балғымбаев – осы саланың нағыз жетік ма­маны. Ол байлықтың бағын ашу арқылы киелі мекен Маңғыстаудың, соның ішіндегі Өзен мұнайшыларының да бағын ашқан бірден-­бір тұлға саналады.

– 1964 жылы Маңғыстау облысының Құ­рық кентінде бұрғышының көмекшісі болып еңбек жолын бастаған Нұрлан Балғымбаев 1973–77 жылдары «Маңғышлақ» мұнай бірлестігінде жерасты жөндеу операторы, мұнай шығару жөніндегі операторы, ұңғыларды жерасты жөндеу шебері болған. 1977–92 жылда­ры Атырау облыстық «Аққыстау» өндірістік қызмет көрсету базасында бастықтың орынбасары, «Ембімұнай», «Ақтөбемұнай» бір­лестіктерінің бас инженері, мұнай­газ өндіру басқармаларында бастықтың орынбасарлы­ғы қызметтерін атқарған. Одан кейін АҚШ­-тың Массачусетс университетінде оқып, мұнай өндірісінің әлемдік озық тәжірибе­лерін іс жүзінде меңгеру үшін «Шеврон» компаниясында жұмыс істеген. 1994–97 жылдары Қазақстан Респубикасының мұ­най және газ өнеркәсібі министрі, 1997 жыл­дан «ҚазақОйл» мұнай­газ компаниясының президенті болды. 1997–99 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-­Министрі қызметін атқарған. Ол – небір нардың белін қайыстырар қызметтерде жүріп, қажымай, талмай еңбектенген жан. Еліміздің тәуел­сіздігіне, оның саяси экономикалық дамуына ерекше үлес қоса білді. Қолымызға тиіп отырған мына кітапта оның адамгершілік қасиеттері, елдік мәселелерді шешудегі батылдығы, ұтымды пікірлері мен іскерлігі жан­жақты көрсетілген.

Қазақ мұнайының бастауында Балғым­баевтар әулетінің тұрғандығы аталады. Әкесі - Өтеп ақсақал Өзен, Жетібай кенорындарын игеруге тікелей қатысқан мұнайшы. Ұлы Отан соғысының ардагері. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендері мен көптеген медальдардың иегері. Осындай асыл әкеден туған Нұрлан Өтепұлын алтын­ның сынығы деп дәріптесек те артық айт­қандық болмайды. Нұрекең сондықтан елі­міздің тәуелсіздік жылдарында ерен еңбек етіп, экономикамыздың қарыштап қадам басуына көп еңбек сіңірген. Оның жарқын жүзі бәріміздің жүрегімізде ұзақ сақталады. Еліне елеулі, халқына қалаулы болып өткен ұлдың мәнді де мағыналы ғұмыр кешкендігі кітапта шынайы көрсетілген. Оның авторы Меңдеш Халилұлына да ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасына амандық, өзіне шығармашылық табыс тілеймін, – деп сөзін аяқтаған «Өзен­ мұнайгаз» АҚ бас директоры Бекзат Абайылданов оқырмандардың атынан үлкен алғыс айтты.

Жиын барысында кітап кейіпкерінің Жа­ңаөзендегі әріптестері, замандастары, яғни қазіргі ардагер мұнайшылар атынан Аманжан Өтесінов Нұрлан Балғымбаев өмі­ріндегі кейбір қызықты оқиғаларды да еске алып, жиналған жұрттың ынтасы мен қызы­ғушылығын арттыра түсті.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтауда банк тонамақ болған күдікті ұсталды

– Жалпы «Өзен» – бұрын Кеңес одағы тұсында болмаған кенорын, – деп Аманжан Нұрғалиұлы әңгімені әріден бастады.

- Ал «Өзен», әлі өзінің сөзін айтқан жоқ. «Өзен» – ол қашанда «Өзен» болып қалады. «Өзеннің» әлі берері мол. Н.Марабаевтың туғанына 80 жылдығын осында өткізгенбіз. Соған елге белгілі танымал академиктер, үлкен ғалымдар мен «ҚазМұнайГаздың» ғылыми-­зерттеу институтының директоры мен мамандары және ғылыми қызметкерлері қатысып баяндама жасады. Кейде жасы үл­кен ағаларымыз «Өзеннің» болашағы бар ма? деп сұрайды. «Өзеннің» болашағы бар. Жалпы «Өзен» – қиын кенорын. Химиялылығы және басқа да парафинділігі жоғары. Тек Қытайда біздің «Қарамай» деген кенорын бар. «Өзен» мен осы «Қарамай» кенорындары ұқсас. Сол кездері «Өзен» кенорындары туралы 11­-12 ғылыми зерттеу институттары жұмыс істеді. Бәрібір соның барлық проблемалары толық шешілген жоқ. Сонда да «Өзен» кенорнынан 1975 жылы 16 млн. 275 мың тонна мұнай өндірілді. Бұл – тарихта болмаған көрсеткіш. Ол кездері басшылық жұмыстарда өз ұлтымыздан ешкім жоқ еді. Жаңадан оқу бітіріп, жас маман болып келген біздердің маңдайымыздан сипап, құшағын жайып қарсы алған ешкімді кездестірмедік. Барлығы – өзге ұлт өкілдері. Ең бірінші топтық қондырғыны басқарған Мұрат Ғазизұлы Салауатов деген аза­мат болды. Одан кейін топтық қон­дырғыларды басқарған Жанайдар Құлшаров, содан соң Әнес Бүркітбаев болды. Біз сол кісілердің арқасында жұмыстың әдіс-­тәсілдерін үйреніп, өзімізге тәжірибе жинақтадық. Осындай істе сыналған азаматтар болмаса «Өзен» кенорындарында кез келген адам жұмыс жасай алмайды, басқалардай емес, өте қиын кенорын. Қолдарыңызға тиіп отырған мына кітаптың кейіпкерінің әкесі Өтеп деген ақсақал да өте іскер кісі болды. Фин, Ұлы Отан соғысына қатысқан, өмірдің көптеген қиындықтарын бастан кешкен. Нұрланның әкесі – текті кісі. «Тектіден текті туады» деп халқымыз бекер айтпаған. Сол Өтеп ағамыз Пятигорскіде, Железноводскіде «Өзен» деген санаторий болды. Сол санаторийдің жерін 1963–64 жылдары алған екен. 1976 жылы сол санаторий ашылды. Өтеп ағамыз – «Маңғыстаумұнайгазда» бас директордың орынбасары болған жан. Ол Жаңаөзенге іс-сапармен келіп жүріп, 49 жасында осында қайтыс болған. Ал Нұрланның ағасы Салтанат Балғымбаев экспедиция басшысы болған. Қазір Атырауда «Жайықнефттің» қасында Салтанат Балғымбаев атындағы кенорын бар. Мақаш деген тағы бір ағасы – геолог. Ол да осы саланың жетік маманы ретінде басшылық жұмыстарда істеген. Міне, Балғымбаевтар әу­летін текті деп жұрт текке айтпайтыны осыдан. Сондықтан Нұрлан туралы жазылған кітаптың да құнсыз болуы мүмкін емес. Бұл – әсіресе мұнайшы болғысы келетін жастар, студенттерге арналған көмекші құрал ретінде пайдалануға болатын құнды дүние, – деді ол.

– «Өзенмұнайгаз» тендерге түсіп қытай­ларға сатылып бара жатқан жерінен ұстап қалған осы – Нұрлан Балғымбаев, – деді өз кезегімен сөз алған Өзеннің ардагер мұнайшыларының бірі Тыныштық Базар­баев. – Мұнай туралы айтқанда әуелі әңгімені Халел Өзбекқалиевтен бастау керек. Сол кісі басқарды, сейсмикалық барлау жүргізді, кенорындарды ашты. Сосын бұрғышылар келді. Әрине, одан кейін мұнайшылар... Халекеңнен кейін Сафи Өтебаев, Рахмет Өтесінов басқарды. Бұрғылауда Нәсіпқали Марабаев ағаларың басшылық жұмыс­тарда істеді. Осылар келгеннен кейін ғана қазақтардың көзі ашыла бастады. Сондықтан осындай ағаларың мен Нұрлан Балғымбаевтың өмірі мен еңбек жолдары – жастарға үлгі, өнеге. Олардың өмірі мен іс­тәжірибелерін осындай кітаптар арқылы, ардагер мұ­найшылармен кездесу арқылы біле­сіңдер.

Кітапты жинақтаушы автор Меңдеш Салихов шығарманы жазудағы мақсатымен таныстырды. Одан кейін «ӨМГ» АҚ мұнай және газдандыру департаментінің инженері Жандос Жұбауов Балғымбаевқа арнаған өлеңін оқып берді.

Жиын соңында қалалық орталық кітап­хананың әдіскері Гүлжан Мәдиярова мен Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы мұнай және газ колледжінің директоры Та­ңат Өскінбаевқа 10 шақты кітап берілді. Қалғандарға да бір-­бір кітаптан тарту етілді.

М. ӘБІЛХАНҰЛЫ, Жаңаөзен қаласы

1022
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Лариса Шамғонова: «Біз баланы соттау үшін емес, - қоғамға бейімдеу мақсатында жұмыс істейміз»

Келесі жаңалық

Жарасы жазылмаған қасірет

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

    [ 2023 ] 24 шілде, 13:46
    817

    Шешімін таппаған салық мәселелері

    [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
    2537

    Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
    2630

    Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

    [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
    2052

    Мұнайлыда полиция қызметкерлері жоғалған 3 ноутбукты тауып берді

    22 тамыз, 15:35
    1041

    Биыл Маңғыстауда тұмауға қарсы вакцинаға 88 млн теңгеден аса қаржы жұмсалды

    22 тамыз, 12:26
    1457

    Рубрикалар

      МәдениетӘлем жаңалықтарыСаясатӘдебиетРедакцияТүпқарағанСпортҚазақстан жаңалықтарыРедакция туралы

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2725

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2453

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2291

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2954

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2596

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2491

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»