• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Жарасы жазылмаған қасірет

    [ 2018 ] 29 мамыр, 12:22  |  Қоғам

    1993 жылы қабылданған “Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” заңға сәйкес 1997 жылдан бастап елімізде 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып келеді. Біздің халқымыз үшін бұл күн ерекше тарихи мәнге ие. ХХ ғасырдың 30–40 жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін миллиондаған адамдарға қайғы-қасірет әкелді. Қатал тоталитарлық жүйенің барлық ауыртпалығын қазақ халқымен бірге жер аударылған 1,5 миллион неміс, поляк, корей, шешен, түрік, грек және басқа да халықтар өкілдері көтерді. Зұлмат заманға қарамастан барынан айырылған жандар біздің жерімізден жаңа баспана тауып, жан жылуына, түсіністік пен қамқорлыққа ие болды. Содан бері туған жерімізді сан қиырдан тоталитарлық режимнен жапа шегіп, қуғынға ұшыраған бейкүнә отанда­старымызды мұңды күйде еске алып, өткен зұлматқа лағнет айтып келеміз. Бүгінде репрессия құрбандарының басым көпшілігі ақталғанымен, жан жарасы жазыла қойған жоқ және жазылмақ та емес. Өткен ғасырда сталиндік репрессия салдарынан қазақтың 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауымы жазықсыз атылып кетті. Бұдан бөлек 100 мыңдаған адам қамалып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударылды. Кеңес Одағының солақай саясаты бойынша отарланған ұлттың бас көтере алмай, құлақкесті құл болуы үшін, көзі ашық, саналы азаматтарының барлығы да қуғынға түскен. Кеңес билігінің бастапқы жылдарында аграрлық, көшпелі ел түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаппай индустрияландыру мен қала санының артуы шаруалардың материалдық ресурсының жойылуына әкеліп соқты. Бүгінде еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі тарих беттеріндегі олқылықтардың орнын толтырып, ақтаңдақтарды жоюға мүмкіндік берді. ХХ ғасырдың 20-30-40 жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандардың есімдерін, анықтауға, ақтауға егемендігіміз жол ашты. Респрессияға ұшырағандардың аты-жөнін, санын анықтауға қатысты іздеу жұмыстары көбейді. ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қауіпсіздік техникасы — адам өмірінің арашасы Иә, шындық пен әділдік әрқашанда жеңеді. Бірақ ол үшін уақыт керек. Ал «Уақыт дегеніміз - емші», - деп әсте тегін айтылмаса керек. Ұлттың ұстыны, ар-ожданы болған тұлғаларымыздың көпшілігі Сталин дүниеден озғаннан кейін ақталып шықты. Ардақтыларымыздың ұрпақтарынан, сондай-ақ көз көргендерден сол кезеңнің деректерін барынша мол жинап қалу - біздің міндетіміз. Өйткені өткенге үңілмей, тарихты білмей, болашақты елестету мүмкін емес. Өткен тарихымызда қаншама талқыға салсақ та, біздің оны өзгертуге күшіміз жетпейді. Ол - мәңгілікке қалыптасқан тарих. Ол кезеңнің көптеген қиыншылықтары да артта қалды. Бұл мәңгілік құндылықтар еліміздің өркендеуінің сенімді негізі болып табылады. Тарихымыздың қасіретті беттері, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары әрқашан біздің жадымызда. Оны ұмытпау - біздің қасиетті борышымыз. Бұл қасірет тарих қойнауында қалсын.

    Сұлтан ОМАРОВ, облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының маманы

    1107
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам аудан тынысы
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Байлықтың бағын ашқан

    Келесі жаңалық

    Рухани жаңғыру және жастар тәрбиесі

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Бейнеу аудандық ауруханасы жаңа автокөлікпен толықты

      5 қаңтар, 16:29
      5492

      Бейнеуде жаңа спорт мектебі ашылды

      [ 2023 ] 24 қараша, 11:58
      3956

      Мұнайлы ауданында "Менің атым - Ұзақбай..." атты жыр кеші өтті

      [ 2023 ] 24 сәуір, 17:47
      1820

      “Түнгі қаладағы жасөспірім”: Мұнайлыда 118 құқықбұзушылық анықталды

      [ 2023 ] 13 ақпан, 15:48
      1376

      Бейнеу ауданында екі футбол алаңы пайдалануға берілді

      [ 2022 ] 22 қазан, 10:48
      1831

      ҰҚК "Бейнеуліктер" қылмыстық тобын құрықтады

      [ 2022 ] 21 қазан, 08:57
      1117

      Рубрикалар

        БейнеуБіле жүріңізСараптамаДенсаулықМаңғыстау жаңалықтарыАудан тынысыБайқауРухани жаңғыруанонсӘлем жаңалықтары

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3033

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2780

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2617

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3087

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2900

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2846

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»