Бүгін Бейнеу аудандық орталық ауруханасы жеті автокөлікпен толықты. Медициналық автокөлікті алуға облыстық мәслихат қолдау көрсеткен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Автокөлікті табыстау шарасына аудан әкімі Рахымжан Шалбаев қатысты. Ол медицина қызметкерлерін құттықтап, медициналық автокөліктің кілтін жүргізушілерге табыстады.
Сонымен қатар шараға аурухананың ардагер дәрігерлері келіп, тілегін арнады.
Бейнеу аудандық ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, автокөліктер 2-БМСК мен 4-БМСК емханаларына бір-бірден, Сарға елдімекені мен Боранқұл ауылына бір автокөліктен берілді. Ал облыс орталығына қатынауға 1 медициналық автокөлік және 4-санатты шақыртулар қызметін атқаратын мобильді бригадаға 2 автокөлік табысталды.