• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 14 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

  • USD: 479.44 ₸
  • EUR: 523.69 ₸
  • RUB: 5.22 ₸

Банктен заңсыз ұсталған комиссиялар қайтарылуда

[ 2018 ] 22 ақпан, 11:27  |  Қоғам

Маңғыстау облысы бойынша 2017 жылы 12 айда банктік несие шарттары туралы 1672 азаматтық іс қаралса, оның 1564-і бүгінгі күні сот шешімімен аяқталып, 1411 талап арыз қанағаттандырылған. 2016 жылы осы мерзімде  1179 іс қаралып, оның 1142-сіне сот шешімі шығарылып, 1133 талап арыз қанағаттандырылған болатын.

Соңғы уақытта банктік келісімшарттар бойынша халықтан түскен арыз-шағымдар 30 пайызға артып отыр. бұл соттардың жүктемесінің шамадан тыс ұлғаюына әкеліп соғуда.

Өңірде банктік келісімшарттар бойынша әр судьяға күнделікті 10-15 арыз-шағымдар келіп түсуде. Осы орайда қандай жағдайда банктік комиссиялар заңсыз болып табылады деген сауалға жауап іздеу мақсатында Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Бегенов Едіге Берекетұлымен сұхбат жүргіздік.

- Бүгінгі таңда бірқатар азаматтар банктен алған несиелері бойынша заңсыз есептелген комиссия сомаларын қайтарып алуда. Бұл қайдан шыққан заңсыз комиссиялар?

- Кез келген банктік шарт Азаматтық кодексте көзделген талаптарға сәйкес келуі тиіс, яғни осы кодекстің 383-бабына сәйкес  тараптар шарт жасасу кезiнде қолданыстағы заңдармен белгiленген мiндеттi ережелерді сақтау керек. Егер қандай да бір заңның талаптары бұзылған болса, Азаматтық кодекстің 157-бабына сәйкес, ол келісімшарттың бір бөлігі немесе толықтай соттың шешімімен жарамсыз деп танылады.

Кез келген банк «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 39-бабының 1-тармағына сәйкес, сыйақы мөлшерлемелері мен комиссиялар, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруда белгілі бір шектеулерді сақтау керек. Соның ішінде банктік қарызға қызмет көрсету дербес банктік операция емес, банктің орындайтын міндетті операциялары болып табылатынын атап айтқым келеді. Алайда, кейбір банктер азаматтарға қарызға ақша беріп, ол банктің орындайтын міндетті қызметі бола тұра, қарызға қызмет көрсеткені үшін комиссия есебінде арнайы бір мөлшерде ақы алып келген. Өз кезегінде азаматтар осы мәселе бойынша сотқа жүгініп, заңсыз есептелген комиссия сомаларын қайтарып алуда.

- Банктің комиссия сомалары кез келген несие бойынша қайтарыла ма?

- Иә, тұтынушылық несиелері, яғни, автонесие, тұрмыстық заттар несиесі, ақшалай және жылжымайтын мүлік бойынша ипотекалық несиелер бойынша заңсыз ұсталған комиссия болса, ол қайтарылады. Маңғыстау облысы бойынша сот практикасында банктік комиссия сомалары 2016 жылдың 1 шілдесіне дейінгі келісімшарттар бойынша ғана қабылданбайды. Себебі Ұлттық банктің талаптары мен тәртібіне сай, 2016 жылдың 1 шілдесінен кейін есептелген комиссия сомалары заңды деп саналады. Сот құжаттардың толықтығына, заңды түрде рәсімделгеніне мән береді.

- Сот жеке тұлғаның пайдасына шешім шығарған соң, қандай әрекет жасалады?

- Банк клиенті сот шешімі заңды күшіне енген соң банкке барып, сот шешімін ерікті түрде орындауын сұрайды. Банк одан бас тартқан жағдайда, клиент сот орындаушыларына жүгіне алады.

- Банктік келісім шарт бойынша борышкер ақшаны Банкке уақытылы қайтармаған жағдайда өсімпұл есептелінеді, осы өсімпұлдың өндіру тәртібіне тоқталып өтсеңіз?

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Мамандар Маңғыстауда құтыру ауруының тарауына қауіп жоқтығын айтты

- Жалпы өсімпұл бұл кез келген келісімшартты жасақтаған уақытта екі тараптың келісімімен айқындалады, яғни қарыз алушы қарызды уақытылы төлеуге, төлей алмаған жағдайда, осы келісімге сәйкес өсімпұл түрінде айып төлеуге міндеттенеді. Дегенмен өсімпұл, айыпақы заң талаптарына сәйкес келуі тиіс, олай болмаған жағдайда сот Азаматтық кодекстің 364-бабына сәйкес, яғни егер мiндеттеменiң орындалмауы немесе тиiстi дәрежеде орындалмауы екi тараптың да кiнәсiнен болса, сот борышқордың, яғни несие алушының жауапкершiлiк көлемiн азайтады. Сондай-ақ несие берушi мiндеттеменiң орындалмауынан келтiрiлген залал көлемiнiң ұлғаюына қасақана немесе абайсызда себепкер болса немесе өсімпұл мен айыпақының азаюына тиісті шаралар қолданбаса да, борышкердің жауапкершiлiк мөлшерi азайтылады.

- Банктік шарт бойынша қарыз ақшаны қайтару бойынша азаматтарға тиімді басқа да заңдар бар ма?!

- Өткен, яғни 2017 жылдан бері қолданылып келе жатқан даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасының пайдасын осы орайда айта кеткен жөн. Пилоттық жоба аясында татуластыру рәсімдерін қолдану аясы кеңейіліп, азаматтардың сот шығындары барынша азайтылды. Осы пилоттық жоба бойынша қарыз келісім шарттарынан туындаған даулар медиация тәртібімен қаралады.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Нұршат ӨТЕУЛИЕВА

Маңғыстау облыстық сотының бас маманы

5306
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам құқық сұхбат
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Бауыржан Сатыбалдин: «Өмірім өлшенеді өнеріммен»

Келесі жаңалық

Еңбек күші тапшы өңірлер жаңаөзендіктерді жұмысқа шақырды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Заң үстемдігі – Ел мәртебесі

    [ 2022 ] 6 қазан, 18:31
    1031

    Лариса Шамғонова: «Біз баланы соттау үшін емес, - қоғамға бейімдеу мақсатында жұмыс істейміз»

    [ 2018 ] 29 мамыр, 05:25
    1161

    Банктен заңсыз ұсталған комиссиялар қайтарылуда

    [ 2018 ] 22 ақпан, 11:27
    5307

    Медиатор Мадина АҚМҰРЗАЕВА: «Жанжалды жария қылмауды үйренсек екен»

    [ 2017 ] 31 шілде, 07:47
    1134

    Нашақорлық – қасірет кілті

    [ 2019 ] 8 сәуір, 06:26
    2543

    "Қоғамның бүгінгі бас ауруы - ұрлық"

    [ 2018 ] 20 маусым, 07:45
    1378

    Рубрикалар

      ДенсаулықҚұқықМұнайлыРедакция ұжымыРухани жаңғыруСпортӘлем жаңалықтары

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2668

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2348

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2191

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2902

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2548

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2393

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»