• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Еңбек күші тапшы өңірлер жаңаөзендіктерді жұмысқа шақырды

[ 2018 ] 23 ақпан, 06:22  |  Қоғам

Маңғыстау облысының әкімдігінде «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жұмыс күші аз өңірлерге азаматтарды ерікті қоныс аударуға ықпал ету және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміз бойынша жұмыс күші тапшы өңір ретінде Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары ұсынылған болатын. Ал адам саны көп өңір ретінде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау облыстары айқындалды.

Осыған байланысты, Маңғыстау облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары өкілдерінің арасында, жұмыс күші тапшы өңірлерге халықты ерікті қоныс аударуға ықпал ету туралы бірлескен іс-әрекеттер меморандумы жасақталды. Бағдарлама шеңберінде сейсенбі күні Жаңаөзен қаласына республикалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыруға және қала кәсіпкерлерімен кездесуге аталған облыстардан өкілдер келді.

Кездесуде Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жасақталғанын айта келіп:

- Қоныс аударуға ниет білдіргендердің бір легі - Жаңаөзен қаласы. Бұл бағытта жұмысты қала әкімдігі қарқынды жүргізіп келеді. Мұндай игілікті шараға аймақтың кәсіпкерлері де қызығушылық танытып отыр. 2017 жылдың мамыр айында алғаш рет Жаңаөзен қаласында ерікті қоныс аударушылар форумы өткен. 150-ден астам адам қатысқан форум нәтижесінде Павлодар, Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстарына 7 отбасы (24 адам) көшіп, олар жалдамалы тұрғын үйлермен және тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді, субсидия ретінде 1 248 640 мың теңге төленді, біржолғы көмек - әр отбасыға 110 мың теңге, «Өрлеу» жобасымен шартты ақшалай көмек 6 айға - 675 102 теңге көлемінде әлеуметтік көмектер тағайындалды», - деді.

Сөз алған Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Аманғали Бердәулетов, Павлодар облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен көші қон бөлімінің басшысы Меруерт Есенаманова, Қостанай облысы Наурызым ауданы Қожа ауылының әкімі Айгүл Әлімқазықызы да бағдарламаның шарттары, көрсетілетін жеңілдіктер туралы айтып өтті.

Мамандардың сөзінен кейін қоныс аударуға ниет білдірген азаматтар көрсетілген аймақтардан келген өкілдерге жолығып, өздеріне қажетті ақпарат алып, түйіндемелерін тапсырды. Кәсіпкерлер мен жеке бизнес ашуға ниет білдірушілерге де Солтүстіктен келген сала мамандары кәсіптің қыр-сыры жайында түсінік беріп, сұрақтарына жауап берді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстау өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі бойынша 2-орында

Сұраныс көп жағдайда ұстаздар қауымына түседі екен. Атап айтқанда, орыс, ағылшын, биология, химия, физика пәндерінің мұғалімдері, сонымен қатар, дәрігер, ауыл шаруашылық мамандары, бухгалтер, экономист, аудармашы, слесарь, жүргізуші, электрик, токарь, аспаз, шаштараз мамандары да тапшы екен. Жәрмеңкеде Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша барлығы 587 бос жұмыс орны ұсынылды. Жаңаөзен қаласынан бұл өңірлерге көшуге 25 отбасы (83 адам) ниет білдірді.

Айжан НАСЫРОВА

Суреттерді түсірген Мұратбай ҰЛЫҚПАН

1022
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Банктен заңсыз ұсталған комиссиялар қайтарылуда

Келесі жаңалық

Кәсіпкерлерге көмек көрсетті

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
    2630

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    2611

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
    5767

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
    4614

    Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

    [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
    3280

    Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

    [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
    3022

    Рубрикалар

      ЭкономикаМұнайлыМаңғыстауАшық қоғамӘлем жаңалықтарыАуыл өміріКомплаенсСпортХабарландыруҚызық дерек

    Автордың басқа да жазбалары

    Жаңаөзенде 2019 жылдың үздік жастары анықталды

    [ 2019 ] 6 желтоқсан, 07:18
    1818

    Менің Астрахань сапарым

    [ 2019 ] 2 желтоқсан, 05:00
    2269

    Жаңаөзенде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті

    [ 2019 ] 8 қараша, 09:10
    1572

    Жеңімпаз жерлестеріміз алғысқа бөленді

    [ 2019 ] 18 қазан, 10:40
    1465

    Журналист оқушылар арасында

    [ 2019 ] 4 қазан, 05:09
    1994

    «Өз ісінің шебері» тігін шеберханасы

    [ 2019 ] 27 қыркүйек, 11:50
    2198

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»