• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 11 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

    Журналист оқушылар арасында

    [ 2019 ] 4 қазан, 05:09  |  Қоғам

    Жуырда Жаңаөзен қаламыздағы Қ.Күржіманұлы атындағы №8 орта мектептің оқушылары тіл апталығында белгілі журналист, ақын, шежіреші Мұратбай Ұлықпанмен кездесу ұйымдастырды. Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақкүрең Бақыт: - оқушыларымыздың арасында журналист боламын деушілер, әдебиетке қызығушылар өте көп. Сондықтан да мектебімізде өтіп жатқан тіл апталығының бір күнін балаларды өзіңізбен жүздестіруге арнасақ дегенбіз. Шақыруымызды қабыл алып, арнайы келгеніңіз үшін көп рахмет, - деп сыйлы қонағына алғысын білдірді. Алдымен журналист өз өмірбаянын айтып, туған жер, өскен мекен, әдебиетке қызығушылығы мен Алматыдағы қарашаңырақ - ұлттық университетке төрт жыл қатынап, қалай оқуға түскендігін айтып берді. Алғаш жазған өлеңдері туралы сыр шертіп, қалтарысы көп журналистік жолда кезіккен қиындықтар һәм қызықтарымен бөлісті. Жат жерде жүргенде өзінің туған топыраққа оралуынасебепші болған – қарынның аштығы емес, рухани аштық, тілдің мәселесі екенін айтты. «Сіздің шығармашылығызбен жақсы таныспын. Жазушылығыңыз бір бөлек болса, ақындығыңыз бір төбе. Бірақ соңғы кездерде байқаймын, өлең жазуды азайттыңыз. Бұл қылығыңызбен сіз бойыңыздағы ақындық өнерге қиянат жасап жүрмін деп ойламайсыз ба?» - деген сұраққа М.Ұлықпан: - Қазақта «Теңіздің қасынан құдық қазба» деген сөз бар. Мен өзімді ешқашан жазушы да, ақын да санаған емеспін. Мен – журналистпін. Не жазсам даоның бәрін осы негізгі кәсібіме сүйеу ретінде пайдаландым. «Ақын» деген ұлы атақ, қасиетті атақ. Шын жазушы, шын ақындардың жанында менің жазғандарым жай әшейін дүние болып қалады. Сондықтан мен өзімді ол атаққа лайықпын деп санамаймын», - деп жауап берді. Кездесу соңында журналист мектеп кітапханасына өзінің кітаптарын сыйға тартты. Мектеп директоры Мұратбай Ұлықпанға шексіз алғысын білдіріп, шығармашылығына табыстар тіледі. Ақкүрең Бақыт, №8 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: - Мұратбай аға «Мен тек қана журналистпін» дейді. Әйтсе де, оның өлке тарихын, өнер тарландарын зерттеген шығармалары, құпиялы Маңғыстау әлемінің тылсым сырларын ашатын еңбектері оны жазушы, өлкетанушы, шежіреші деп атауға толық құқық береді деп санаймын. Әзілмен түйрей отырып, көп мәселенің түйінін шешетін сатира жанрындағы өлеңдері өз алдына бір төбе. Ағай өткір тілді, тік мінезді, принципшіл адам. Осы қасиеттерінің арқасында қоғамда болып жатқан көптеген маңызды мәселелерді тайсалмай көтеруі, әр шығармасындағы нақтылық, фактілермен сөйлеуі – оның тек қана талантты қаламгер емес журналистиканың жілігін шағып, майын ішкен нағыз кәсіби маман екендігін көрсетеді. Біз мұндай тұлғалармен мақатанамыз. «Ұрпағына ұран болған аталар», «Оралдым ортасына Отанымның», «Баба рухымен табы­су», «Тылсымы терең құпиялы Маңғыстау», «Шоғы батыр және оның ұрпақтары», «Шоғы батыр оралды Маңғыстауға», «Ақ орда­сы Адайдың» секілді еңбектері келер ұрпаққа жазушының қалдырған мол рухани мұрасы. Ағайдан алда әлі талай керемет шығармашылық дүниелер күтеміз, - деп  жүрекжарды пікірін білдірді. Мұратбай Ұлықпанның оқушылармен бұл кездесуі алғашқы емес. Газет редакциясына ағайды арнайы іздеп келетіндер, әсіресе, балалар өте көп. Бірі одан кәсіби журналист ретінде ақыл-кеңес сұраса, бірі Маңғыстаудың тарихына үңіліп, енді бірі сыншыл еңбектерін зерделейді. Араларында ағайдың жазу стиліне еліктеп, ұқсап-бағатындар да аз емес. Ұстаздар мектептеріне шақырып, әдеби кештер ұйымдастырады. Мұның бәрі де ең бірінші ағайдың бойындағы Алла берген таланты болса, келесі кезекте оның тынымсыз еңбегінің нәтижесі, осы еңбектің арқасында келген абырой биігі. Біз де әріптесімізге биігіңіз ешқашан аласармасын, ұрпаққа берер ұлағатыңыз таусылмасын деген тілек білдіреміз.

    Айжан НАСЫРОВА

    2036
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Әлемге әйгілі жазушы құрметіне

    Келесі жаңалық

    Көркем сөздің көсегесін көгерткен

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

      [ 2023 ] 24 шілде, 13:46
      890

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2662

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2687

      Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

      [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
      2112

      Мұнайлыда полиция қызметкерлері жоғалған 3 ноутбукты тауып берді

      22 тамыз, 15:35
      3614

      Биыл Маңғыстауда тұмауға қарсы вакцинаға 88 млн теңгеден аса қаржы жұмсалды

      22 тамыз, 12:26
      4335

      Рубрикалар

        Маңғыстау жаңалықтарыСпортБейнеуӘдебиетЖаңалықтарРедакция

      Автордың басқа да жазбалары

      Жаңаөзенде 2019 жылдың үздік жастары анықталды

      [ 2019 ] 6 желтоқсан, 07:18
      1871

      Менің Астрахань сапарым

      [ 2019 ] 2 желтоқсан, 05:00
      2314

      Жаңаөзенде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті

      [ 2019 ] 8 қараша, 09:10
      1612

      Жеңімпаз жерлестеріміз алғысқа бөленді

      [ 2019 ] 18 қазан, 10:40
      1510

      «Өз ісінің шебері» тігін шеберханасы

      [ 2019 ] 27 қыркүйек, 11:50
      2260

      Жайдары көңіл сыйлаған Жайдарман

      [ 2019 ] 6 қыркүйек, 05:35
      1969

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»