• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сенбi, 7 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Жаңаөзенде 2019 жылдың үздік жастары анықталды

    [ 2019 ] 6 желтоқсан, 07:18  |  Жаңалықтар

    7-ші мәрте ұйымдастырылған «Жыл үздігі – 2019» қалалық жастар сыйлығын табыстау шарасы бұл жолы Жаңаөзен қаласындағы «Абат» мейрамханасында өтті. Жаңаөзен жастар ресурстық орталығы өткізген дәстүрлі шараға Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров бастаған жергілікті билік өкілдері, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бағдат Қуандық, БАҚ қызметкерлері және жұмысшы жастар көптеп қатысты. Мерекелік шараның алғашқы бөлігі мейрамханаға кіреберісте қонақтарға арнап жайылған дастарханнан басталды. Бұл жерде сыйлы қонақтарды қаланың үздік жайдарманшылары Берік Сұңғатов пен Нұрлыбай Жұмағалиев күтіп алып, әзілге толы бағдарламамен келген меймандардың көңілдерін көтерді. Аяғына ине салып, уатылған шөлмектердің үстінен жалаңаяқ жүріп, тісімен 16 келілік гір тасын көтерген нәзік жанды арудың өнеріне де көпшілік тәнті болды.
    Көрме мерекенің көркін келтірді
    «Жыл үздігі – 2019» қалалық жастар премиясында дастарханнан дәм татып, қызықты бағдарламаның куәсі болған қонақтардың назарына «Жас прожект» жобасының үздік қатысушылары көрме ұсынды. Мұнда әлеуметтік бағдарлама аясында жасалған қолөнер туындылары, тамақ өнімдері, киім-кешектер таныстырылды. Салтанатты шараның негізгі бөлігінде Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров әр салада жеңімпаз атанған жастарды құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. - Еліміз бойынша жастардың саны 4 млн.ға жуық болса, Жаңаөзенде 37 мыңнан астам жас бар. Биыл жаңаөзендік жастар түрлі салада үздік атанып, абыройымызды асқақтатты. Әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынған Бекзат Нұрдәулетов тек Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл қазақ елінің мерейін өсірді. Одан бөлек көптеген жастың жеке кәсіппен айналысуына жол ашқан «Жас прожект» жобасын да айтпай кетуге болмайды. Атаулы бағдарламаның жеңімпазы болған 87 жоба бүгінде өз жұмысын табыспен атқарып, халыққа түрлі бағытта әлеуметтік көмек беріп отырғандығы біз үшін үлкен қуаныш, - деген қала басшысы Жастар жылында мұнайлы өлкеде атқарылған шараларға жеке-жеке тоқталды. Одан кейін Мақсат Ибағаров қаладағы жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін қала әкімінің Алғыс хатымен 43 белсенді жасты марапаттады. Мерекелік шарада «Жас прожект» жобасының жеңімпазы Жазира Тартубаева, Жаңаөзен жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Еріктілер корпусының» төрағасы Қыдырқожа Аханов, «Жаңаөзен қайырымды жандар» тобының мүшесі Алдияр Төлеуов және «A Group entertainment» медиа-маркетингтік компаниясының басшысы Ақиқат Шарапатдинов өз салалары жайында баяндама оқыды. Сондай-ақ, «Жас прожект» жобасының үздік қатысушылары арнайы Алғыс хатпен марапатталып, 15 жаңаөзендік жас әр сала бойынша жылдың үздіктері атанды.
    2019 жылдың үздік жастары кімдер?
     

    «Үздік жас мұғалім» - Саламатова Нағима Алексеевна

    А.Құнанбаев атындағы №19 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі. Білім беру жолында үлгілі істерімен танылып, көптеген марапаттардың иесі атанған. «Шебер педагог – 2017» байқауының қатысушысы, қалалық «Тілші мұғалімдер – 2018» олимпиадасының ІІ орын иегері және «Жыл үздігі – 2018» байқауының қатысушысы.

    «Үздік жас студент» - Турашева Диляра Талғатқызы

    «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 4-ші курс студенті. Қалалық, облыстық волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, футзал спорт түрлерінің жеңімпазы, «Ой-сана» облыстық байқауының 2-ші орын иегері, «Worldskills» Ақтау өңірлік «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі бойынша 2-ші орын иегері. Сонымен қатар, «Каспий кубогы» иегері.

     «Үздік жас ерікті» - Жолдыбаев Нұрсерік Ерланұлы

    Жаңаөзен қаласы еріктілер корпусының мүшесі. Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің 3-ші курс студенті. Өңірде жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін облыс және қала әкімдігі марапаттарының иегері. «Жастар синергиясы – 2018» және «Болашаққа сеніммен» облыстық жастар саяси лагерінің қатысушысы. «Бизнес 3 күнде» жобасының дамуына атсалысқан жас ерікті.

    «Үздік жас мұнайшы» - Нұрғали Нұрсұлтан

    «ӨзенМұнайГаз» АҚ қарасты №3 Мұнай газ өндіру басқармасының қызметкері. «ӨзенМұнайГаз» жайдарман құрамасының белді ойыншысы. Жас мамандар кеңесі жұмысына, компаниядағы жастар саясатының белсенді жүргізілуіне атсалысып, Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өмірінің дамуына үлес қосып келе жатқан жас мұнайшы.

    «Үздік жас спортшы» - Қазмұқанов Нұрболат Саматұлы

    Маңғыстау облысы кудо федерациясының спортшысы, панкратионнан Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер. Грепплинг және Панкратион спорт түрлерінен 2001-2002 жылдары жасөспірімдер арасында Маңғыстау чемпионы, Алматы қаласында өткен Кудо чемпионатының жеңімпазы.

    «Үздік жас дарын» - Аманжол Қуаныш Серікұлы

    «Өнер» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында үйірме жетекшісі. «Домбыра досым» домбырашылар ансамблінің жетекшісі. 2017 жылы «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалінің жеңімпазы. Шәкірттері халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі байқауларда жеңімпаз атанып жүр. Қуаныш Серікұлы сондай-ақ, «Үздік тәлімгер» атағының иегері.

     «Үздік жас арнаулы оқу орын оқытушысы» - Исағалиева Зулфия Асхатқызы

    О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы. 2017 жылы Финляндия елінде тағылымдамадан өтті. «WorldSkills» Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңіне көптеген шәкірттер дайындап, жеңімпаз атанған. Қалалық, облыстық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференциялардың үздік қатысушысы, білім саласының дамуына атсалысып жүрген жас маман көптеген марапаттардың иегері.

    «Үздік жас меценат» - Ізжанова Гүлбаршын Серікбайқызы

    «IGS COSMETIC» Жаңаөзен, Ақтау және Алматы қалаларындағы дүкендер желісінің иесі. Қоғамдық өмірге белсене араласып, жастардың бастамаларына қолдау білдіріп келе жатқан жас кәсіпкер. «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға, «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған мұқтаж отбасыларға материалдық және қаржылай көмек көрсетті. Рухани жаңғыру бағдарламасының шеңберінде іс-шараларға демеушілік етіп келеді.

    «Үздік жас әлеуметтік қызметкер» - Жұмадиева Жазира Әмірқызы

    Жазира Әмірқызы - №6 орта мектепте әлеуметтік педагог қызметінде. Өскелең ұрпаққа білім берудегі және тәрбиелеудегі қол жеткізген жетістіктері үшін көптеген құрмет грамоталарының иегері. Халықтың қорғалмаған топтарына, соның ішінде жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасының балаларына көптеген материалдық және қаржылай көмек көрсеткен жас қызметкер.

    «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» - Боранғұл Мақсат Хыдыргелдіұлы

    Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы. Маңғыстау облысы және Жаңаөзен қаласының дамуына үлес қосқаны үшін көптеген марапаттардың иегері атанған. «Nur Otan» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға үлес қосып, Жаңаөзен қаласының 50 жылдығында орай мерекелік төсбелгімен марапатталды.

    «Үздік жас көшбасшы» - Тулеуов Алдияр Юнусұлы

    «Жаңаөзен қайырымды жандар» еріктілер тобының көшбасшысы. Жаңаөзен қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін көптеген марапаттардың иегері. Маңғыстау облысы әкімдігінің «Ерен еріктілік» номинациясының жеңімпазы. «Зерен - 2018» Республикалық  жастар саяси лагерінің қатысушысы. Топ құрамында мұқтаж жандарға көмектесіп, игі іс-шаралардың ұйымдастырады.

    «Үздік жас кәсіпкер» - Шарапатдинов Ақиқат Абдуллаұлы

    «A Group Entertainment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы. «Жыл үздігі - 2018» байқауының қатысушысы, көптеген қайырымдылық іс-шаралардың еріктісі. Қаланың әлеуметтік маңызы бар жобаларына өз үлесін қосып жүр. Бүгінде Ақиқат 54 бизнес жобаның авторы. Алдағы уақытта қала имиджін көтеруді мақсат етіп, «Елім маған не береді емес, мен еліме не беремін?» деген принципті ұстанатын жас кәсіпкер.

    «Үздік жас тәрбиеші» - Елубаева Әсемгүл Дүйсенғалиевна

    №16 «Ертегі» балабақшасының тәрбиешісі. Жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін көптеген марапаттардың иегері. «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі. Шәкірттері республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары. «Жастар Отан» саяси лагерінің қатысушысы.

    «Үздік жас паралимпиадалық спортшы» - Жолдасбаев Талғат Орынбайұлы

    Ат спорты бойынша халықаралық және республикалық турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген паралимпиадалық спортшы. Сонымен қатар жастар корпусын дамытуға арналған «ZhasProject» жобасының жеңімпазы.

    «Үздік жас тәлімгер» - Әлен Самат Бейнеубайұлы

    Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Нұр-Әлем» ат спорты клубының жетекшісі. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және Жаңаөзен қаласының спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін көптеген марапаттардың иесі атанған. Мүмкіндігі шектеулі жандарды халықаралық, республикалық турнирлерге дайындап жүрген жас тәлімгер.

    Айжан НАСЫРОВА

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="89402,89400,89399,89401"]
    1885
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам жастар беті маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтауда «Жігіт сұлтаны - 2019» байқауы ұйымдастырылды

    Келесі жаңалық

    Әбіш Кекілбайұлының туғанына 80 жыл толды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Жаңаөзенде 2019 жылдың үздік жастары анықталды

      [ 2019 ] 6 желтоқсан, 07:18
      1886

      Волонтерлік – елге ерікті қызмет

      [ 2019 ] 14 қараша, 06:12
      4670

      Ақтауда жас журналистерді дайындайтын орталық ашылды

      [ 2017 ] 21 қараша, 05:35
      1805

      Жастарға бағдар

      [ 2017 ] 12 мамыр, 13:29
      1601

      Үшінші жаңғыру: бәсекеге қабілетті білім

      [ 2017 ] 5 мамыр, 13:22
      1473

      Келесі жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі

      [ 2019 ] 10 желтоқсан, 06:41
      1500

      Рубрикалар

        Редакция ұжымыАудан тынысыРухани жаңғыруҚұқықЖастар бетіСұхбатСпортЖаңалықтарБейнеуАшық қоғам

      Автордың басқа да жазбалары

      Менің Астрахань сапарым

      [ 2019 ] 2 желтоқсан, 05:00
      2323

      Жаңаөзенде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті

      [ 2019 ] 8 қараша, 09:10
      1624

      Жеңімпаз жерлестеріміз алғысқа бөленді

      [ 2019 ] 18 қазан, 10:40
      1525

      Журналист оқушылар арасында

      [ 2019 ] 4 қазан, 05:09
      2051

      «Өз ісінің шебері» тігін шеберханасы

      [ 2019 ] 27 қыркүйек, 11:50
      2292

      Жайдары көңіл сыйлаған Жайдарман

      [ 2019 ] 6 қыркүйек, 05:35
      2000

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»