• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 14 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Үшінші жаңғыру: бәсекеге қабілетті білім

    [ 2017 ] 5 мамыр, 13:22  |  Жаңалықтар
    Замана қас-қағым сәттей зулап аққан сайын,  адамзат санасы ғылым-ілім тылсымына терең бойлап,  зәулім биігін бағындыруда. Төрткүл дүние түрлі техника тетігін игеріп, тілін ұғынып, әркез тың дүние ойлап табуға  тырысып келеді. Әлем елдері құжынаған халқымен  не ұлан-ғайыр атырабымен емес, сарабдал саясат, мықты экономика, ғылым-техника саласындағы өнертабысымен озық болмақ. Елбасы халыққа Жолдауында экономиканың түрлі саласын технологиялық жаңғырту,  жаңа технологиялар мен жүйелерді енгізу мәселесіне баса назар аударды. Сонымен қоса, білім беру жүйесінің рөлін өзгертіп, оқу үрдісін сыни әрі зияткерлік ойлау қабілеті мен өз бетімен іздену дағдысын дамытуға бағыттау қажеттігін атап өтті. Әсіресе, өнеркәсіптік әрі технологиялық төңкеріс тұсында жас буын IT-білімі мен қаржылық сауаттылығын  арттырып, ағылшын тілін еркін меңгеруі тиіс екендігін айтты. Маңызы зор міндет аясында түрлі өңірлерде біршама іс-шаралар іске асып келеді. Мәселен, Маңғыстау өңірінде былтырдан бері «Тимур академия» онлайн-офлайн оқыту орталығы жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда орталық өңір халқына тегін ағылышын тілі курстарын,  сан түрлі сала бойынша шеберлік сыныптары мен техника тілін игеру сабақтарын ұсынып келеді.  Әсіресе, робототехника, «ақылды» құрылғыларды құрастыру бойынша арнайы сынып жұмыс жасайды. Оқыту орталығы бір жылға жуық  уақыт ішінде толымды табыстарға кенелді. Халықаралық деңгейде өткізілген ауқымды шараға қатысып,  тың жобасы танымал стартаптар қатарынан орын алды.  Ең басты жетістік -  өте қысқа мерзімде жиырма мыңға жуық қазақ жастарына  білім мен ғылым жолына бағыт нұсқады. Еселі еңбегінің жемісі -  «Үздік жоба» авторы ретінде «Жыл адамы» атағына ие болды. Бейсенбі күні оқыту орталығы жарты жыл ішінде атқарған нәтижелі  істерін  қорытындылай келе, офлайн-онлайн конференциясын ұйымдастырды. Келелі басқосуға Маңғыстау облыстық жастар саясаты жөніндегі мәселелер басқармасының басшысы  Аманғали Нұрдәулетов қатысып, орталық жұмысына сәттілік тіледі. Конференция ғаламтор арқылы байланысқа шыққан белгілі журналист Пол Салопектің танымдық әңгімесімен әрі қарай өрбіді.  Пол Салопектің жеті жылға жоспарланған саяхаты 2013 жылы «National Geographic» журналының қолдауымен Африкадағы Эфиопиядан бастау алды.   Сапар  «Out of Eden Walk», яғни «Эденнен басталған саяхат» немесе «Жұмақтан қашу» атты жоба аясында жүзеге асады. Мақсат – тас дәуірі кезеңіндегі ежелгі адамдар жүріп өткен жол негізінде дүниежүзін жаяу аралау.  Бірнеше ай бұрын белгілі саяхаткер Маңғыстау өңіріне табан тіреген еді. Пол Маңғыстау өңірі арқылы Шығысқа қарай жол тартып, Орталық Азия елдері арқылы Қытайға еніп, одан әрі Тынық мұхитын кемемен кесіп өтіп, Аляска штатына  аялдайды. Аляскадан бастап, бүкіл Америка дүниеге бөлігін бетке ала жүріп, Оңтүстік Америка құрлығының қиыр шеті Тьерра дель Фуэго провинциясына кеп тоқтайды. Бұл Пол Салопек сапарының соңғы нүктесі.  Конференцияға  қатысушылардың дені жастар. Жер жүзін кесіп өтіп, жеті құрлыққа тараған халық, ру-тайпалар тұрмыс-тірлігімен таныс-біліс болған белгілі саяхаткер-журналист әңгімесін, әрине, еліте тыңдасты. «Өмірдің өзі үлкен мектеп. Мен жастайымнан фермада ауыр еңбекпен айналыстым. Белгілі бір себептерге байланысты мектептен қол үзіп қалдым. Табыс кілті – күн санап көз алдымызда өзгерген дүниеге бейімделе білу, зерделі ақыл-ой, зияткерлік сананы дамыту.  Мәселен, медиа кеңістікке жаңа технология енген мезетте мен сол бағытқа бет бұрдым.  Өз тәжірибеме сүйенсем, сапалы білім алуға, нақты бір саланы толық әрі терең меңгеруге болады. Дегенмен, бүгінгі таңда жан-жақты білімді, көзқарас көкжиегі кең азамат болуға да мүмкіндік мол»,-дейді Пол Салопек. Жастар арасында ағылшын тіліндегі «Coursera» халықаралық онлайн білім беру порталы танымал. Жасампаз жоба арқылы жаңа білім игеріп, арнайы құжатқа қол жеткізгендер де жетерлік. «Coursera» тәлім-тәжірибесін жетілдіріп, ой-өрісін кеңейтуді көздеген қазақ тілді оқырманға  тегін бес мамандық бойынша білім алуға мүмкіндік берді. Биыл іске қосылған OpenU жобасы «Coursera» порталының қазақ тілді баламасы десек қате болмас. Себебі аталған жоба көкірек көзі ашық, зерделі жасқа түрлі пән бойынша онлайн-дәрістер легін ұсынады. Тест форматындағы танымдық тапсырмалар тізбегі де бар. Ал ең бастысы білім беру порталы бастан аяқ қазақ тілінде құралған. Офлайн-онлайн конференция барысында «Қазақстанның Ашық университеті» жобасы туралы  Рауан Кенжеханұлы баяндады. Кез келген адам ғаламтор желісі арқылы  мобильді нұсқасын жүктеп, робототехника, бағдарламалау тілі, IT-технология сынды кез келген онлайн курсқа жазыла алады. Оқу курсы аяқталысымен арнайы сертификат жолданады. Тағы бір қызықты әрі маңызды жайт, жоғары оқу орнының студенті Сонымен қатар, маңызды басқосуда «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Назарбаев Университетінің зерттеу департаментінің менеджері Болат Қараболатов білімпаз жас болашағына қажетті дағдылар турасында баяндады. Әлемде төртінші өнеркәсіптік  төңкеріс басталып, адамзат өмірінде ұлы өзгерістер орын алуда.  Жоғары инновациялық жаңа технологиялар дәуіріне аяқ басты. Материалдық, сандық және виртуалды әлем арасындағы шекара жойылы, жасанды интелект пайда болды. Таяу арада роботтар  адам  өмірі мен тұрмыс-тірлігіне еніп, етене жұмыс жасайды. Яғни ірі өндірістік орындар автоматты жүйемен басқарылып, өндіріс үрдісі роботтар негізінде іске асады. Бұл тұтастай кәсіптің жойылып, еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс жыл өте азаятындығына сеп болады. Осы және өзге де салмақты ойларымен бөліскен Болат аға бәсекеге қабілетті маман ғана түбегейлі өзгерістер заманында әркез сұранысқа ие болатындығын жеткізді. Шынтуайтында бұл туралы Елбасы өз мақалсында «технологиялық революцияның беталы­­сына қарасақ, таяу онжылдық уақыт­та қазір­гі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді» деген еді. Офлайн-онлайн конференция барысында бұдан өзге де өңірдегі робототехника саласын дамыту мәселесі бой көтерді.  Бахытжан Мұханбет «Тимур Академия» онлайн оқыту орталығында «Робототехника» үйірмесінен сабақ береді.  «Саналы» техника ойлап табуға талпыныс зияткерлік зерденің дамуына,  қол-аяқтың икемділігін арттыруға ықпал етеді екен.  IT-білімін жетілдіруге, түрлі техника тілін еркін игеруге, бір есептен ағылшын тілін еркін түсінуге де септігі зор көрінеді. Сол себепті өңірде «Робототехника» саласын дамыту ең өзекті бағыттардың бірі болмақ.  Экономика мен қоғамның сан саласына өнеркәсіптік төңкеріс элементтері еніп, автоматтандыру, роботтандыру, ауқымды мәліметтер алмасу, электронды қызмет көрсету, сандық техника саласы дами түспек. Сол себепті орта және жоғары білім жүйесі сапасы жақсарып, кәсіптік талаптар ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибеге сай өзгертілуі тиіс. Келелі басқосуда талқыланған мәселелер қатысушыларға білім мен ғылымды үздіксіз әрі кедергісіз игеру жолдары турасында мол мағлұмат берді. Әсіресе, академияда білім алушы жастар түрлі сауалдар қойып, ортақ пікір алмасты. Конференция спикерлері шет тілін меңгеру, IT-сауаттылықты арттыру, шетелде оқу, өз кәсібіңді бастау сынды нағыз қажетті тақырыптарды қаузап, мол дерек көзімен бөлісті. Танымдық басқосу баршаның көңілінен шықты деген ойдамыз.

    Голрох Жеменей Суреттерді түсірген Ақерке ГАГАРИНҚЫЗЫ

    1462
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам жастар беті маңғыстау жаңалықтары анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Майдангерлерді еске алды

    Келесі жаңалық

    Ақтау қаласында 6-7 мамыр күндері өтетін мерекелік шаралар тізімі:

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Үшінші жаңғыру: бәсекеге қабілетті білім

      [ 2017 ] 5 мамыр, 13:22
      1463

      Келесі жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі

      [ 2019 ] 10 желтоқсан, 06:41
      1492

      Ақтауда сәуір айында «Yessenov Fest» іс-шарасы өтеді

      [ 2018 ] 4 сәуір, 13:29
      1339

      Ақтауда жас мамандар арасында «Маңғыстау ханшайымы» байқауы өтеді

      [ 2017 ] 26 сәуір, 10:17
      2024

      Ақтаудың жұмысшы жастары Балдəуренде (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 22 тамыз, 17:34
      1616

      «Жасыл елдіктер» алғашқы еңбек маусымын аяқтады

      [ 2017 ] 18 шілде, 11:54
      1132

      Рубрикалар

        РедакцияТағайындауҚазақстан жаңалықтарыСұхбатФотоХабарландыруЖастар бетіМаңғыстау жаңалықтарыБейнеуРедакция газеттері

      Автордың басқа да жазбалары

      «Zhas Project» аясында 285 әлеуметтік жоба іске асырылды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 12:40
      1761

      Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалануға байланысты жиын өтті

      [ 2019 ] 4 желтоқсан, 10:39
      2867

      Аймақтағы үздік журналистер марапатталды

      [ 2019 ] 28 қараша, 09:44
      1747

      Сапалы өнім – табыс көзі

      [ 2019 ] 18 қараша, 09:55
      2103

      Теңіз қоқысы тазартылуы тиіс

      [ 2019 ] 14 қараша, 06:14
      2299

      Жазасын өтегендер қоғамнан тыс қалмайды

      [ 2019 ] 12 қараша, 05:32
      1666

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»