• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 14 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Жайдары көңіл сыйлаған Жайдарман

    [ 2019 ] 6 қыркүйек, 05:35  |  Қоғам

    Сәрсенбінің кешінде Есен Елеукен бастаған Жайдарманның жоғары лига командалары Жаңаөзендегі «Мұнайшы» мәдениет үйіне жиналды. Әзіл кеші – Қазақ мұнайының 120 жылдық, Өзен кенорнының 55 жылдық мерейтойы аясында «Өзенмұнайгаз» АҚ ұйымдастыруымен өтті. Мерекелік ойынға «Евразиат» - Нұр-Сұлтан, «Грант» - Орал, «Фемида» - Ақтөбе, «Боранқұл» -Бейнеу және жаңаөзендік «Жалын» мен «Өзенмұнайгаз» құрамалары қатысты. Ойын басталмас бұрын компания бас директорының транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров пен қала әкімінің орынбасары Аманғали Нұрдәулетов құттықтау сөздерін сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі. - Қанша күннен бері қаламызда күнде той. Кеше ғана театр ұжымы келіп, халықты бір қуантып кетсе, өткен сенбіде аламан ат бәйгесінің куәгері болдық. Бүгін міне, жастардың сүйікті ойыны - жайдарман. Мұның бәрі мерекеге орай, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның ұйымдастырып жатқан шаралары. Мерейтойларыңыз құтты болсын! Әрдайым халықты қуантып жүре беріңіздер, - деп қала әкімінің орынбасары компания ұжымына ізгі тілектерін білдірді. Жайдарманға жаңаөзендік жастар өте көп жиналды. Залда ине шаншар бос орын болмай, екі сағатқа созылған әзіл кешін көпшілік жастар тікесінен тік тұрып тамашалады. Ойын барысында қала әкімдігіне жастар тарапынан қалаға үлкен, замануи мәдениет үйінің қажеттілігі туралы ұсыныс айтылды. Ойынға Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Аманғали Нұрдәулетов, қала әкімінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Асқар Ноғай, «Өзенмұнайсервис» ЖШС директорының орынбасары Бауыржан Базарбаев, «Қазақстан КВН одағының» Маңғыстау облыстық филиалының басшысы Дәулет Сағынтаев және «Өзенмұнайгаз» АҚ әлеуметтік-әкімшілік департаментінің директоры Тарас Алеуединов қазылық етті. Жоғары лигада өнер көрсетіп, тісқаққан мақтаулы командалардың дайындығы осал көрінді. 2018 жылы Жаңаөзен қаласы әкімінің кубогын иеленген ақтөбелік «Фемида» командасы бұл жолы чемпиондық биігінен көріне алмады. «Грант» пен «Боранқұлдың» да әзілдері солғын шықты. Жаңаөзендік жастардың көңілінен шыққан - жергілікті «Жалын» командасы болды. Жігіттердің ұтқыр әзілдері мен әртістік шеберлігі – қаламызда тағы бір сапалы команданың шыңдалып келе жатқанын аңғартты. «Өзенмұнайгаз» құрамасының астарлы әзілмен қозғаған әлеуметтік мәселелері, мұнайшылар өмірі, қазақтың тойы жайында ойнаған әзілдері көрермен тарапынан жылы қабылданды. «Кубокты бізге берсеңіздер, еліміздегі ең үздік білім ордасы – Еуразия ұлттық университетінің төріне қойып, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған студенттерге «Өзенмұнайгаз» компаниясын танытып, тегін пиар жасап береміз» - деп әзілдеген елордалық «Евразиат» командасы І орынды жеңіп алып, Кубок иегерлері атанды. «Жалын» - ІІ орынды иеленсе, «Өзенмұнайгаз» бен «Фемида» ІІІ орынды өзара бөлісті. «Көрермендер көзайымы» номинациясын «Боранқұл» командасы алып, «Грант» - ойынға белсене қатысқаны үшін марапатталды. Барлық жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, «Жаңаөзен қаласында Жайдарман ойындарының дамуына қосқан үлесі үшін» алғыс хатымен Қазақ КВН Одағы атынан «Өзенмұнайгаз» АҚ әлеуметтік-әкімшілік департаментінің директоры Тарас Алеуединов және өзге де бірқатар жаңаөзендік белсенді азаматтар марапатталды.

    Айжан НАСЫРОВА

    1928
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Дүрлігуге себеп жоқ

    Келесі жаңалық

    БЖЗҚ: Зиянды жұмыс атқаратындар үшін аударылған жарналар есебінен төлемдер беріліп жатыр

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2662

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      2791

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5803

      Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

      [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
      4647

      Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

      [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
      3655

      Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

      [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
      3394

      Рубрикалар

        СпортБейнеуДенсаулықХабарландыруҚоғамЭкономикаанонс

      Автордың басқа да жазбалары

      Жаңаөзенде 2019 жылдың үздік жастары анықталды

      [ 2019 ] 6 желтоқсан, 07:18
      1845

      Менің Астрахань сапарым

      [ 2019 ] 2 желтоқсан, 05:00
      2296

      Жаңаөзенде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті

      [ 2019 ] 8 қараша, 09:10
      1591

      Жеңімпаз жерлестеріміз алғысқа бөленді

      [ 2019 ] 18 қазан, 10:40
      1487

      Журналист оқушылар арасында

      [ 2019 ] 4 қазан, 05:09
      2015

      «Өз ісінің шебері» тігін шеберханасы

      [ 2019 ] 27 қыркүйек, 11:50
      2227

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»