• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 9 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Менің Астрахань сапарым

    [ 2019 ] 2 желтоқсан, 05:00  |  Жаңалықтар

    Қазан айының соңында ресейлік «Север-Юг» үкіметтік емес ұйымы Каспий теңізі жағалауы елдерінің БАҚ өкілдеріне Ұлы Жеңістің 75 жылдығына қарсы медиатренинг ұйымдастырды. Қазақстан, Ресей, Әзербайжаннан келген 100-ден астам делегат заманауи журналистиканың жаңа қырлары жайында аз-кем ақпарат алып, Астраханның тарихи-мәдени орындарын араладық. Тренингтің алғашқы күні «Север-Юг» ҮЕҰ-ның атқарушы директоры Анжелика Трапезникова қонақтарға қош келдіңіздер айтып, шара бағдарламасымен таныстырды. Одан кейін Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің доценті Сергей Кондратенко «Тарихи ғылым және журналистика: жанасу нүктесі» атты ғылыми баяндамасын оқыды. Бағдарлама аясында журналистер Political.kz жобасының бірлескен құрылтайшысы, AIN Citadel қоғамдық қорының президенті қазақстандық Ассоль Мирманованың «Медианың қоғамдық санаға жаппай әсері: тарихи түсініктердің этикалық аспектілері» баяндамасын, Астрахань мемлекеттік университетінің доценті Юлия Кудряшованың, Баку славян университетінің профессоры PR саласының эксперті Шелале Гасанованың ғылыми зерттеулерін тыңдады. «Ұлы Жеңіс зерттеулерінің бұрмаланауына қарсы PR технологиялар» тақырыбында тренингке қатысып, «Заманауи медианың болашағы: контент пен технология» және «Блогер – мамандық па әлде өмір сүру дағдысы ма?» тақырыптарында мастер-класстар өтті. Сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне «Победили вместе» телебағдаламасының және халықаралық документалды фильмдер фестивалінің директоры Валерий Рузин және «Просвещение» телеарнасының бас директоры Владимир Косенчук дәріс беріп, қонақтар «Говорит Москва» радиостанциясының бас директоры Владимир Мамонтовпен кездесу мүмкіндігіне ие болды. Медиатренингтің танымдық бөлігінде қонақтарға ескі шаһардың тарихи жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылды. Оқи отырыңыз: Аймақтағы үздік журналистер марапатталды
    Шаһардың бет бейнесі - Астрахань Кремлі
    Бір кездері қазақтың жері болған Астраханның тарихы алуан қырлы. Ұлттық құрамы да сан түрлі. Миллионнан астам халқы бар ескі қаланы 100-ден артық ұлт пен ұлыс өкілі мекендейді (әсіресе, ноғай, қалмық, қырғыздарды жиі кездестірдік). Оның 200 мыңға жуығы қазақтар. Халқы өте қарапайым және бауырмал. Сұраған нәрсеңді тоқтай қалып, тәптіштеп түсіндіреді екен. Қалада тарихи құрылыстар өте көп. Соның бірегейі – Астраханский Кремль ескі қаланың визит картасы іспеттес. Алғашқы экскурсия осы тарихи мекеннен басталды. Еділ мен Құтым өзендері шаятын Қоянды төбесінде орналасып, шамамен 1580-1620 жылдары салынған кешен құрылысына Михаил Вильяминов пен Дей Губастый атты құрылысшылар жетекшілік еткен. Қамал іргесінің қалануына Астрахань өлкесін түгел бағындырған Иван Грозный патшаның да қосқан үлесі зор дейді тарихшылар. Бүгінде қаланың ең көрікті және тарихи жері саналатын Астрахань Кремлінің аумағында 24 тарихи нысан бар. Кешен 1960 жылдан бастап Ресей Федерациясының мемлекеттік қорғауына алынған. Кремль кешенінде ұзындығы 1487 м биіктігі 8 м қалыңдығы 12 метрге дейін жететін қабырғалар мен ескі қамалдар, часовня мен шіркеулер, музейлер мен соборлар орналасқан. Қырым xандығынан қорғану мақсатында салынған бекіністі бастапқыда ағаштан тұрғызған екен. Астраханский Кремль кешеніндегі тарихи құрылыстарға әр жылдары реставрациялық жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырған. Солардың бірі әйгілі Успен соборы немесе собор Успения Пресвятой Богородицы - Астраханның ең ірі православ шіркеуі. 1699-1710 жылдары құрылысын крепостной Дорофей Мякишев атты шебер жүргізген Успенский собор әуелде ағаштан кейін тастан салынған. 1710 жылы негізгі шіркеудің жанына үлкен мұнара тұрғызылып, оған қоңыраумен қоса сағат орнатылады. Бірақ 1765 жылы мұнараның іргетасы сыр беріп, бұзылып тасталады да, жаңасы тек 1813 жылы ғана бой көтереді. Оны Иван Варвацкий деген астрахандық бай салғызады. 100 жылға жуық Астрахань жеріне көрік берген мұнара да уақыт өте шөгіп, қисая бастайды. Халық арасында Успен мұнарасын әйгілі европалық Пизан башнясына теңеп, тіпті қисайған мұнара бейнеленген ашықхаттар Астраханның бет бейнесі ретінде кеңінен тарай бастайды. Осыдан кейін 1910 жылы архитектор С.Карягиннің жетекшілігімен жаңа төрт қабатты заманауи үлгідегі мұнара салынады. Көне ресейлік сәулет дәстүрінде жасалған жаңа мұнара көптің көңілінен шығып, бүгінде қаланың көркіне ажар беріп тұрған архитектуралық нысандардың бірі. 1930 жылдары мұнарадағы қоңырау мен крест түсті металл ретінде мемлекет меншігіне тәркіленіп, 1990 жылдан кейін ғана орнына қайтарылады.
    «Погружение» немесе «Мың рет естігеннен бір рет көрген артық»
    Мәдени бағдарлама шеңберінде Астраханның Әскери Даңқ музейінде болдық. 9 экспозициялық залдан тұратын музейде 1941-45 соғыс жылдарындағы Астрахань бейнеленген. Мұражай жаңалығы - 2012 жылы ашылған «Погружение» залы. Залдың ерекшелігі - келушіге соғыстың зардабын сөзбен айтып, суретпен көрсету емес, арнайы декорация мен аудио арқылы сол ауыр сәттерді сезіндіру. 4 бөлмеден тұратын «Погружение» залы қарапайым астарахандық отбасының аядай пәтеріндегі мамыражай тіршілігінен басталып, олардың көрген ауыртпалықтары мен бүкіл елді шарпыған соғыс өртінің азабын бейнелейді. «Погружение» авторларының әңгімесінен түйгеніміз - идея «Мың рет естігеннен бір рет көрген артық» дегенге саяды. Музей қызметкерлері соғыс тақырыбындағы дәл мұндай зал бүкіл ТМД елдерінде жоқ екендігін айтып отыр. Сапардың соңғы күні Астраханның ең ескі және әдемі көшелерінің бірі Никольскиймен жүріп келе жатып, жат елдегі қандастарымыздың тілді мүлде ұмыта бастағанына бір қынжылсақ, Бакуден келген әзірбайжандықтардың біздің Димаш туралы таңқала да сүйсіне айтқан әңгімелеріне бір марқайып екіұдай сезімде туған елге бет алдық...

    Айжан НАСЫРОВА

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="88998,88996,88997"]
    2292
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстау балуаны "Әлем Барысында" бақ сынайды

    Келесі жаңалық

    Ондыда Әбіш Кекілбаевтың ескерткіші бой көтерді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2561

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2656

      Ақын Аманхан Әлімұлы дүниеден өтті

      [ 2020 ] 30 наурыз, 11:57
      3154

      Жаһандық жылынуды әкелген – экологиялық ахуал

      [ 2020 ] 16 ақпан, 08:52
      6860

      Түпқарағанда тұңғыш рет психологтар конференциясы өтті

      [ 2019 ] 31 желтоқсан, 11:57
      4408

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4384

      Рубрикалар

        ҚұқықБіле жүріңізҚазақстан жаңалықтарыМәдениетЖаңалықтарТағайындауСұхбатМаңғыстауҚарақия

      Автордың басқа да жазбалары

      Жаңаөзенде 2019 жылдың үздік жастары анықталды

      [ 2019 ] 6 желтоқсан, 07:18
      1837

      Жаңаөзенде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті

      [ 2019 ] 8 қараша, 09:10
      1589

      Жеңімпаз жерлестеріміз алғысқа бөленді

      [ 2019 ] 18 қазан, 10:40
      1484

      Журналист оқушылар арасында

      [ 2019 ] 4 қазан, 05:09
      2010

      «Өз ісінің шебері» тігін шеберханасы

      [ 2019 ] 27 қыркүйек, 11:50
      2222

      Жайдары көңіл сыйлаған Жайдарман

      [ 2019 ] 6 қыркүйек, 05:35
      1919

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»