Заманымыздың заңғар тұлғасы, қазақ әдебиетінде есімі алтын әріппен жазылған жазушы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп жатқан шаралардың біріөңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясында болды. Ондағы мақсат—өзге ұлттар мен ұлыстар өкілдеріне қазақтың тарихында ерекше орны бар дара тұлға, халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіштің өмір жолын, ақынның қайталанбас туындыларын таныстыру.Облыстық әмбебап кітапханасымен бірге ұйымдастырылған бұл басқосуға этномәдени бірлестік өкілдері, Ассамблея жастары мен мектеп оқушылары қатысты. Кездесуде кітапханашы Асия Нутанқызы этнос өкілдеріне ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріп, Әбіштің көзі тірісінде жарыққа шыққан кітаптарымен таныстырды. Сондай-ақ Әбіш Кекілбаевтың немересі Елдар Әбіш пен ұстазы Тамара Степанова әйгілі жазушының туған күніне орай дайындаған видеофильм көрсетіліп, құнды деректер айтылды. - Бүгінгі қазақ елінің жазушысы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға қатысқаныма қуаныштымын, - дейді «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестінің төрағасы Руслан Баматгереев. - Осы уақытқа дейін ақын туралы ештеңе білмеген екенмін. Әбіш – ең мықты және атақты ақын. Ол В.Шекспирдің, А.Чеховтың, басқа да елдердің ақындарының шығармаларын қазақшаға аударған дара ақындардың бірі екеніне көзім жетіп отыр. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі шарада абыз Әбіш туралы көптеген мағлұматтар алдым. Осына қызықты кездесуді ұйымдастырған ұйымдастырушыларға үлкен рахметімді айтамын.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА