© Kazinform
22 тамыздан бастап Қарақалпақстанның Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына теміржол қатынасы ашылады. Пойыз аптасына үш рет, шамамен 21 сағат жол жүреді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Узтемирйулйуловчи» компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 тамыздан бастап Маңғыстауға тікелей рейстер басталады. Пойыз Нөкіс қаласынан бейсенбі, сенбі, сейсенбі күндері сағат 20:16-да шығып, Маңғыстауға 17:14-те келеді. Бұл бағыт екі ел арасындағы туризмді дамытуға үлес қосады, деп күтілуде.
– Жолаушылар енді Нөкіс вокзалынан Қазақстанның Маңғыстау облысына бара алады. Маңғыстау облысы өзінің ерекше табиғатымен, бай тарихымен және мәдени мұрасымен туристерді қызықтыруда. Ол жерде туристік инфрақұрылым дамыған. Жайлы қонақ үйлерден бастап, экотуризмге дейін әртүрлі аттракциондар бар. Мейірімді және қонақжай жергілікті тұрғындар туристерді аймақтың мәдениеті мен дәстүрімен таныстыруға дайын, – делінген хабарламада.
23 тамыздан бастап Маңғыстаудан жұма, жексенбі және сәрсенбі күндері сағат 18:54-те пойыз аттанады. Нөкіс қаласына 15:22-де жетіп барады.
Арақашықтық шамамен 21 сағатты құрайды (20 сағат 58 минут).