Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай қайырымдылық жәрмеңкесі өтті, mangystaumedia.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде ведомство мамандары дайындаған кондитерлік өнімдер, қолөнер бұйымдары, сусындар, балалардың дамуына арналған ойыншықтар мен кәдесыйлар ұсынылды. Сапалы өнімдерді қолайлы бағамен алғысы келетіндер көп болды.
«Біздің департаментте жұмыс уақытынан кейін әртүрлі хоббимен айналысатын талантты адамдар өте көп. Бұл қолөнер бұйымдары, пирогтар мен торттар пісіру, суреттер салу және т.б. Әріптестерімізге олардың жасаған туындыларын таныстыру үшін сондай-ақ біздің мерейтойымыз қарсаңында игі іс жасау мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды. Біз осындай қайырымдылық акцияларын жиі өткізуді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Талғат Байсын.
Жәрмеңкеде үш жүз мың теңге жиналды. Түскен қаражат мұқтаж адамдарға көмекке бағытталады.