Ақтау гарнизонында «Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуынан соң теңіз жаяу әскері бригадасының командирі әскери қызметшілерді барлық жүктелген міндетті сәтті орындауымен құттықтады. Бірнеше елдің бөлімшелері қатысқан оқу-жаттығу жоғары деңгейде өтіп, теңіз жаяу әскерлері бригадасының жауынгерлік дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz әскери ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты шара барысында теңіз жаяу әскері бригадасының командирі жеке құрамның кәсібилігі мен адалдығы үшін алғысын білдірді. Ол оқу-жаттығу нәтижесі арқылы жоғары дайындық деңгейін және теңіз жаяу әскерлерінің кез келген тапсырмаға жылдам әрекет ету қабілетін растайтынын атап өтті.
«Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен адалдықтарыңыз бәрімізге үлгі. Кез келген жағдайда ең қиын тапсырмаларды орындауға қабілетті екеніңізді дәлелдедіңіз», - деді әскери бөлім командирі, подполковник Азамат. Сүлейменов.
Құттықтау сөзінен кейін командир ерекшеленген әскери қызметшілерге алғыс хат табыстады. Сонымен қатар бірнеше теңіз жаяу әскері мерзімінен бұрын әскери атаққа ие болды, сонымен қатар оқу-жаттығулар барысындағы бастамалары мен жоғары нәтижелері үшін бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Әртүрлі елдердің төрт мыңнан астам әскери қызметкері қатысқан оқу-жаттығу десант, шабуыл, қорғаныс және қарулы күштердің басқа бөлімшелерімен бірлесе кешенді дайындықтан өтті. Қазақстандағы жалғыз теңіз жаяу әскері бригадасы дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, яғни халықаралық бақылаушылардың жоғары бағасына ие болды.
Марапаттау рәсімінің соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.