• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 14 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Бекзат Нұрдәулетов: Токиода топ жарып, елімді қуантсам деймін

    [ 2021 ] 9 наурыз, 10:39  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Бокстан Ұлттық құраманың мүшесі, Токио олимпиадасы жолдамасының иегері Бекзат Нұрдәулетов mangystaumedia.kz сайтына эксклюзив сұхбат беріп, олимпиада алдындағы мақсаты және жоспарларымен бөлісті.

    – Олимпиадаға 81 келі салмақта 22 боксшы қатысады. Басты қарсыласың деп кімдер болмақ?

    – Олимпиадаға кез келген спортшы өте жоғары дайындықпен барады. Оңай, осал қарсылас барады деп айта алмаймын. Кез келген қарсылас қауіпті болуы мүмкін. Мен де Ресейде өткен әлем чемпионатына қатысқанымда фаворит болмасам да, өзіме деген сенім болды. Сондықтан олимпиадада нағыз мықты боксшылар кездеспек.

    – Отбасың туралы айтып берсең...

    – Үйдің үлкенімін. Менен кейін Камила деген қарындасым бар, отбасылы. Одан кейін інім Қуандық мектепте 6-сыныпта оқиды. Отбасымызда үшеуміз. Әкем Жалғасбай электрик болып істейді. Анам Тілектес балабақшада медбике. Алға қойған мақсатым – олимпиада шыңын бағындырып, чемпион атану. Үйлену жоспарымда бар, бірақ жақын арада емес.

    – Өзіңе еліктеп жүрген інілеріңе айтар ақылың қандай?

    – Боксшы болғысы келіп жүрген бауырларыма, інілеріме еңбек етіп, алға дұрыс мақсат қоя біліңдер дер едім.

    – Жеке бапкерің Марат Жакиевтің Маңғыстау боксына сіңірген еңбегі туралы не айтасың?

    – 2015 жылы Жаңаөзен мектебін бітіргеннен кейін Ақтауға келіп, Марат ағамыздың үйінде тұрып, Берік, Әділбек ағаларымызбен бірге жаттығып, дайындалғанбыз. Содан жақын араласып кеттік. 2016 жылы жастар арасында Қазақстан чемпионы атандым. Жеңіске жеткен боксшылар Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін әлем чемпионатына баратын болды. Сол кезде мен және Айболды Дауренұлы екеуміз Марат ағайдың қарамағында үш айдай дайындалдық. Еңбегіміз ақталып, мен үшінші орын алдым. Бұл Маңғыстаудың жастар арасындағы әлем чемпионатындағы екінші қола жүлдесі еді. Менен бұрын марқұм Талғат Калимов алғашқы әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын. Мықты боксшы еді. Арамыздан ерте кетті... Марат ағай мені алты жылдан бері жаттықтырып келе жатыр. Әкемдей болып кетті. Ол Маңғыстаудан елге белгілі бірнеше чемпионды дайындап шығарды. Атап айтар болсақ, әлем және Азия чемпионы Ердос Жаңабергенов, екі дүркін әлем және Лондон мен Рио олимпиадасының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, жастар арасында Азия чемпионы Қанат Көптілеуов, Азия біріншілігінің күміс жүлдегері, әлем кубогының жүлдегері Жеңіс Таумұрынов, Азия чемпионы және әлем біріншілігінің қола жүлдегері Берік Әбдірахманов және т.б. спортшылардың бағын ашты. Ақтау қаласының әкімі еңбегін бағалап «Ақтау қаласының құрметті азаматы» атағын берді. Қазір Маңғыстауда бокс жақсы дамып келеді. М.Жакиев ағамыздың шәкірттері олимпиада және Азия чемпионаттарында жеңімпаз, жүлдегер атанып жүр. Былтыр Шымкентте өткен ел біріншілігінде Маңғыстау командасы топ жарды. Осындай еңбекқор бапкерді жолықтырғаныма қуанамын. Бұйырса, ағаларымның салып кеткен сара жолын жалғастырып, Токиода топ жарып, елімді қуантсам деймін. Сонымен қоса, Маңғыстау бокс клубының жаттықтырушыларының да еңбегі өте зор. Оларға да рахметімді айтқым келеді. Алла қаласа, Марат ағайдың еңбегін ақтап, биік белестерді бірге бағындырамыз.

    – Былтыр Иорданияда өткен лицензиялық турнирде жеңімпаз атанып, жолдамаға ие болдың. Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев БАҚ-қа берген сұхбатында: «Амманда Бекзат үшін бәрі жақсы өтті дей алмаймын. Оның да кемшіліктері бар. Сол жарысқа нағыз бабында барған жоқ. Негізі мінездің арқасында жеңіп шықты. Бекзатқа әлі көп жұмыс істеу керек», – деп айтқан еді. Сол қателермен жұмыс істеп, кемшіліктеріңді жойдың ба?

    – Иә, әрине, біз әлі көптеген жұмыстар күтіп тұр. Олимпиада ойындарына дейін толық дайын болам деген сенімдемін. Оған дейін уақыт бар. Қазір сол уақытты өз пайдамызға шешіп, өзіміздің жақсы, мықты қасиеттердерімізді дамытып, кемшіліктерімізді түзеудеміз.

    – Ұлттық құрамада жүріп, кәсіпқойда екі жекпе-жегіңді өткізіп, екеуінде де жеңіске жеттің. Үшінші жекпе-жегің жалғаса ма?

    – Қазіргі уақытта ұлттық құраманың боксшыларымен дайындалып жатырмыз. Алда халықаралық жарыстар мен турнирлер бар. Соған қатысамын. Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Ғ.Кенжебаев пен жеке бапкерім М.Жакиев екеуара ақылдаса отырып, кәсіпқой бокста үшінші рет жекпе-жекке қатысу керек деп шешсе, мен шығуға дайынмын.

    – Бекзат, бір сұхбатыңда: «Бала кезімде Жаңаөзен қаласындағы бокс үйірмесіне қатысып жүргенде, олимпиадада бағымды сынап көрсем деген арманым бар еді» деп айтқан екенсің. Сол арманға жету үшін он екі жыл уақыт өтті. Боксты таңдағаныңа өкінбейсің бе?

    – Жоқ, өкінбеймін. Он жасымда әкем осы спортқа берді. Содан бері түрлі жарыстарға қатысып, Қазақстанды әлемге танытып келемін. Бір жағынан бокстың арқасында елге танылып жүрміз, нанымды тауып жүрмін. Сондықтан еш өкінбеймін.

    – Токио олимпиадасына Маңғыстау облысынан жалғыз өзің ғана қатысып бақ сынағалы жүрсің. Жерлес жанкүйерлерің еселеп үміт күтіп отырғанын сезінесің ғой?

    – Рас, әзірге Маңғыстау облысында бір ғана жолдама. Бірақ олимпиадаға дейін төрт ай уақыт бар. Облысымыздың спортшыларына жолдама алуға мүмкіндік жеткілікті. Былтыр карантинге байланысты біраз лицензиялық турнирлер өтпей қалды. Бұл қазақстандық спортшыларға ауыр тиді. Биыл таеквондодан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Қайрат Сарымсақов 2021 жылдың 21-22 мамыр күндері Иорданияда лицензиялық іріктеу турнирінде қатысып, бақ сынайды. Ол әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері, Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері және Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Қайрат ағам жеңіске жетіп, жолдамаға ие болады деген сенімдемін.

    – Сұхбатыңа рахмет!

    Айбек МҰХАНОВ

    1644
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Маңғыстау жаңалықтары қоғам спорт сұхбат
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстауда тағы 3 адамнан коронавирус анықталды

    Келесі жаңалық

    Маңғыстаулық жүз жас «Jastar Online» мектебіне қатысып жатыр

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Н. ЖАРЫЛҒАПОВ, әлем чемпионы: Дзюдода олжа салғым келеді

      [ 2022 ] 27 желтоқсан, 10:50
      910

      Батырбек Естаулетов: Вьетнам, Иран, Тайланд спортшылары – басты қарсыластарымыз

      [ 2021 ] 18 наурыз, 09:33
      2087

      Бекзат Нұрдәулетов: Токиода топ жарып, елімді қуантсам деймін

      [ 2021 ] 9 наурыз, 10:39
      1645

      Ердос Жаңабергенов: Олимпиадада 57 келі салмақ Махмұд Сабырханға ауыр болады

      29 шілде, 10:05
      540

      Исембай Матенов: Өзім жетпеген жетістіктерге шәкірттерім жетсе екен деймін

      [ 2021 ] 3 маусым, 11:12
      4822

      С. Сейітқазынов: Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті футболшыларды тәрбиелеу

      [ 2021 ] 31 қаңтар, 12:14
      1678

      Рубрикалар

        ЭкономикаТағайындауМәдениетРухани жаңғыруФотоҚұқықЖастар бетіБіле жүріңізБейнеуБайланыс мәліметтері

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының ынтымақтастығын көрсететін «Достық аллеясы» ашылды

      9 қараша, 19:59
      786

      Франция Ақтау теңіз портының инфрақұрылымына инвестиция салу нұсқаларын қарастырып жатыр

      6 қараша, 10:04
      478

      Ұлттық Университет әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды

      5 қараша, 15:02
      103

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      2811

      Маңғыстаудағы ірі мұнай компаниялары жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға келісті

      4 қараша, 09:51
      559

      Туған өлке тарихын толғаған

      31 қазан, 17:51
      1011

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»